Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 396-бабына түсініктеме. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын құқыққа қайшы өзгерту

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 396-бабына түсініктеме. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын құқыққа қайшы өзгерту

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 396-бабына түсініктеме. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын құқыққа қайшы өзгерту

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын құқыққа қайшы өзгерту мақсатында шекаралық белгілерді алып қою, орнын ауыстыру немесе жою —

екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол іс-әрекеттер бірнеше рет жасалса немесе ауыр зардаптарға әкеп соқса, —

төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚК-нің 396-бабында көзделген қылмыстың қоғамдық қауіптілігі оның Мемлекеттік шекараның мызғымастығына қол сұғуымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының қауіпсіздігі мен белгіленген режимін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды бұзуымен сипатталады.

Қылмыстың объектісі болып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының мызғымастығы, сондай-ақ мемлекеттің аумақтық тұтастығы мүдделерінде Мемлекеттік шекараны күзету тәртібін белгілейтін қоғамдық қатынастар табылады.

Осы қылмыстың нысанасы шекаралық белгілер болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы «Шекаралық белгілердің нысандарын, өлшемдерін, сипаттамасын, конструкцияларын және оларды орнату қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 1-тармағына сәйкес, шекаралық белгілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының сызығын жергілікті жерде немесе Мемлекеттік шекараның екі жағында белгілеуге арналған. Олардың географиялық координаттары демаркациялау құжаттарында немесе бірлескен тексерулер құжаттарында айқындалып, тіркелген. Шекаралық белгілер негізгі және аралық болып бөлінеді.

Негізгі шекаралық белгі Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, сондай-ақ жергілікті жердің физикалық-географиялық ерекшеліктеріне байланысты бір, екі, үш негізгі шекаралық бағанадан және бір орталық шекаралық бағанадан тұрады.

Аралық шекаралық белгілер бір шекаралық бағанадан тұрады және тікелей Мемлекеттік шекара сызығында орнатылады.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңының 1-бабының 25) тармақшасына сәйкес, демаркация — Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартпен ресімделген, Мемлекеттік шекараны жергілікті жерде айқындау және белгілеу.

Осылайша, шекаралық белгілер деп мемлекеттік шекараны жергілікті жерде белгілеуге арналған арнайы заттарды (мысалы, шекаралық бағаналарды, шекаралық пирамидаларды, буйларды) түсіну қажет.

Шекаралық белгілердің нысандары, өлшемдері, сипаттамасы, конструкциялары және оларды орнату қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Шекаралық белгілердің нысандарын, өлшемдерін, сипаттамасын, конструкцияларын және оларды орнату қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен айқындалады.

ҚК-нің 396-бабында көзделген қылмыстың объективтік жағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын құқыққа қайшы өзгерту мақсатында шекаралық белгілерді алып қоюдан, орнын ауыстырудан немесе жоюдан көрінеді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, Мемлекеттік шекара жергілікті жерде демаркацияға сәйкес анық көрінетін шекаралық белгілермен белгіленеді.

Орнын ауыстыру — қандай да бір затты басқа жерге орналастыру, көшіру дегенді білдіреді. Демек, шекаралық белгілердің орнын ауыстыру — халықаралық шарттарда және ұлттық заңнамада белгіленген тәртіпті бұза отырып, шекаралық белгілерді Мемлекеттік шекара сызығында емес, басқа жерлерде өз бетінше орнату.

Жою — қандай да бір заттың өмір сүруін тоқтату, құрту дегенді білдіреді. Тиісінше, шекаралық белгілерді жою — шекаралық белгілерді толықтай жою болып табылады.

Қылмыс құрамы өзінің құрылымы бойынша формальды болып табылады. Қылмыс шекаралық белгілерді алып қою, орнын ауыстыру немесе жою сәтінен бастап, яғни баптың диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуі жасалған кезден бастап аяқталған деп есептеледі.

Субъективтік жағы тікелей қасақаналық нысанында көрініс табады. Кінәлі адам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының шекаралық белгілерін алып қойып, орнын ауыстырып немесе жойып жатқанын сезінеді және мұны жасауды қалайды.

Зерттеліп отырған қылмыс құрамына қатысты уәж субъективтік жақтың факультативтік белгісі мәртебесіне ие. Тиісінше, ол қылмысты саралауға әсер етпейді. Уәждер әртүрлі болуы мүмкін және жаза тағайындау кезінде ескерілуге тиіс.

Субъективтік жақтың міндетті белгісі — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын құқыққа қайшы өзгерту түріндегі арнайы мақсат. Құқыққа қайшы өзгерту деп мемлекеттің аумағын ұлғайту да, оны азайту да түсініледі.

Қылмыстың субъектісі — 16 жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға.

ҚК-нің 396-бабының 2-бөлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын құқыққа қайшы өзгерту мақсатында жасалған шекаралық белгілерді алып қою, орнын ауыстыру немесе жою әрекеттері бірнеше рет жасалған немесе ауыр зардаптарға әкеп соққан жағдайлар үшін жауаптылықты көздейді.

ҚК-нің 12-бабына сәйкес, бірнеше рет жасалу деп ҚК Ерекше бөлігінің бір және сол бабында немесе баптың бір бөлігінде көзделген екі немесе одан да көп іс-әрекетті жасау танылады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы «Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы» нормативтік қаулысына сәйкес, бірнеше рет жасалу бір адамның ҚК Ерекше бөлігінің бір және сол бабында немесе баптың бір және сол бөлігінде көзделген бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықты жасауын білдіреді.

Қарастырылып отырған бап шеңберінде бірнеше рет жасалу деп Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын құқыққа қайшы өзгерту мақсатында шекаралық белгілерді алып қою, орнын ауыстыру немесе жою әрекеттерінің бір адамның екі немесе одан да көп рет жасауы түсінілуге тиіс.

Бұл ретте, егер бұрын жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін адам сотталған болса немесе заңды негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса, қылмыстық құқық бұзушылық бірнеше рет жасалған деп есептелмейді. Тиісінше, бұрын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын құқыққа қайшы өзгерткені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған немесе заңды негіздер бойынша одан босатылған адамның әрекеттерінде бірнеше рет жасалу белгісі болмайды.

ҚК-нің 396-бабының 1-бөлігінен айырмашылығы, қарастырылып отырған норманың 2-бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын құқыққа қайшы өзгерту мақсатында жасалған және ауыр зардаптарға әкеп соққан шекаралық белгілерді алып қою, орнын ауыстыру немесе жою әрекеттері үшін жауаптылық көзделген. Осылайша, ҚК-нің 396-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс құрамы объективтік жағының құрылымы бойынша материалдық құрамға жатады.

«Ауыр зардаптар» ұғымы ҚК-нің 3-бабының 4) тармақшасында берілген.

ҚК-нің 396-бабының 1-бөлігінде көзделген әрекет қылмыстық теріс қылықтарға жатпайтын, онша ауыр емес қылмыстар санатына жатады.

ҚК-нің 396-бабының 2-бөлігінде көзделген әрекет орташа ауырлықтағы қылмыстар санатына жатады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2021 жылғы түсініктеме, авторы — Исидор Шамилович Борчашвили, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі мен ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заңы Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

331-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін Қазақстан Республикасының ҚК Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын құқыққа қарсы өзгерту

331-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін Қазақстан Республикасының ҚК Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын құқыққа қарсы өзгерту 1. Қаза...

Толық оқу »

396-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын құқыққа қайшы өзгерту  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

396-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын құқыққа қайшы өзгерту ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара...

Толық оқу »

379-бап. Жекелеген тұлғалар санаттарының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу тәртібі мен шарттарының ерекшеліктері туралы жалпы ережелер Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

379-бап. Жекелеген тұлғалар санаттарының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу тәртібі мен шарттарының ерекшеліктері туралы жалпы ережелер...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының За...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартты ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартты ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының 2005 жылғы 3 желтоқса...

Толық оқу »

Азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелде дәлелдемелерді алу туралы конвенцияны ратификациялау туралы

Азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелде дәлелдемелерді алу туралы конвенцияны ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 485-V ҚРЗ.    ...

Толық оқу »

17-бап. Әуе кеңістігінде Мемлекеттік шекараны кесіп өту Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

17-бап. Әуе кеңістігінде Мемлекеттік шекараны кесіп өтуҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Мемлекеттік шекараны кесіп өту орнынан өткізу пунктте...

Толық оқу »

16-бап. Кәсіпшілік жүргізуші қазақстандық кемелердің теңізде, өзендерде, көлдерде және өзге де су айдындарында Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өту құқығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

16-бап. Кәсіпшілік жүргізуші қазақстандық кемелердің теңізде, өзендерде, көлдерде және өзге де су айдындарында Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өту құқығыҚазақстан Респу...

Толық оқу »

14-бап. Мемлекеттік шекараны кесіп өту Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

14-бап. Мемлекеттік шекараны кесіп өтуҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Мемлекеттік шекараны кесіп өту:      1) құрлықта, шекаралық өзендерде,...

Толық оқу »

13-бап. Мемлекеттік шекараны күтіп-ұстау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

13-бап. Мемлекеттік шекараны күтіп-ұстауҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Мемлекеттік шекараны күтіп-ұстауды уәкілетті органдар жүзеге асырады...

Толық оқу »

19-бап. Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу. Өткізу пункттері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

19-бап. Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу. Өткізу пункттеріҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1....

Толық оқу »

24-бап. Шекаралық белдеуге кіру, онда уақытша болу, тұру немесе жүріп-тұру және шекаралық белдеудің үстімен ұшуды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

24-бап. Шекаралық белдеуге кіру, онда уақытша болу, тұру немесе жүріп-тұру және шекаралық белдеудің үстімен ұшуды жүзеге асыруҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы ту...

Толық оқу »

38-бап. Өткізу пункттеріндегі режимді бұзу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

38-бап. Өткізу пункттеріндегі режимді бұзуҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      Осы Заңға сәйкес белгіленген өткізу пункттеріне адамдардың, көлік құр...

Толық оқу »

36-бап. Өткізу пункттерінде қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кіріс органдарының және өзге де органдардың, көлік ұйымдарының белгіленген режимді ұстап тұру мәселелері жөніндегі міндеттері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

36-бап. Өткізу пункттерінде қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кіріс органдарының және өзге де органдардың, көлік ұйымдарының белгіленген режимді ұстап тұру мәселелері жөнін...

Толық оқу »

34-бап. Көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тексеріп қарау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

34-бап. Көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тексеріп қарауҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды жете т...

Толық оқу »

27-бап. Шекарадағы тосын оқиғаларды шешу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

27-бап. Шекарадағы тосын оқиғаларды шешуҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Шекарадағы тосын оқиғаларды шешу Қазақстан Республикасының заңдарынд...

Толық оқу »

28-бап. Шекара өкілдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

28-бап. Шекара өкілдеріҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Шекара өкілдері өз қызметінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, осы За...

Толық оқу »

20-бап. Мемлекеттік шекара арқылы өткізудің оңайлатылған тәртібі. Оңайлатылған өткізу пункттері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

20-бап. Мемлекеттік шекара арқылы өткізудің оңайлатылған тәртібі. Оңайлатылған өткізу пункттеріҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Мемлекеттік ш...

Толық оқу »

41-бап. Шекаралық аймақта уақытша болу, тұру және жүріп-тұру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

41-бап. Шекаралық аймақта уақытша болу, тұру және жүріп-тұруҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Шекаралық аймақтағы адамдар жеке басын куәландыр...

Толық оқу »

29-бап. Мемлекеттік шекара режимін бұзу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

29-бап. Мемлекеттік шекара режимін бұзуҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Мынадай:      1) Мемлекеттік шекараны (Каспий теңізіндегі Мемлекеттік...

Толық оқу »

22-бап. Ерекше жағдайларда Мемлекеттік шекара арқылы кемелерді өткізу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

22-бап. Ерекше жағдайларда Мемлекеттік шекара арқылы кемелерді өткізуҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      Ерекше жағдайларда Мемлекеттік шекара арқы...

Толық оқу »

26-бап. Карантин белдеуі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

26-бап. Карантин белдеуіҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу мақсатында тікелей Мемлекеттік шекара бойынд...

Толық оқу »

23-бап. Өткізу пункттеріндегі шекаралық бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

23-бап. Өткізу пункттеріндегі шекаралық бақылауҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қыз...

Толық оқу »

25-бап. Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

25-бап. Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізуҚазақстан...

Толық оқу »

31-бап. Өткізу пункттеріндегі режим Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

31-бап. Өткізу пункттеріндегі режимҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Өткізу пункттеріндегі режим – адамдардың, көлік құралдарының өткізу пункт...

Толық оқу »

43-бап. Шекара режимін бұзу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

43-бап. Шекара режимін бұзуҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      Осы Заңға сәйкес белгіленген шекаралық аймаққа кіру (өту), онда уақытша болу немесе...

Толық оқу »