Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 460-бабына түсініктеме. Әскери мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру
1. Ауыр зардаптарға әкеп соққан қаруды, оқ-дәрілерді, жүріп-тұру құралдарын не әскери техниканы абайсызда жою немесе бүлдіру –
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
Бұл әрекеттің қоғамдық қауіптілігі оның Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының материалдық базасын жоюында, соның салдарынан мемлекеттің қорғаныс қабілетін төмендетуінде, әскери іс-шаралардың өткізілуі мен қабылданған шешімдердің орындалуының бұзылуына алып келуінде болып табылады.
Осы қылмыстық теріс қылықтың объектісі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігінің материалдық негізін құрайтын әскери мүлікті иелену мен пайдалану тәртібі болып табылады.
Егер аталған әрекеттер қосарлы мақсаттағы объектілерге, мысалы, әскери мүлікке немесе әскери техника заттарына жатпайтын көлік құралдарына, радиостанцияларға, телефон аппараттарына, компьютерлерге қатысты жасалса, онда бөтеннің мүлкін абайсызда бүлдіргені немесе жойғаны үшін жауаптылық туындайды (ҚК-нің 204-бабы).
«Әскери мүлік» және «әскери техника», «қару», «оқ-дәрілер», «жүріп-тұру құралдары» және басқа да ұғымдар ҚК-нің 459-бабына берілген түсініктемеде келтірілген.
Қылмыстық теріс қылықтың объективтік жағы ауыр зардаптарға әкеп соққан қаруды, оқ-дәрілерді, жүріп-тұру құралдарын не әскери техника заттарын абайсызда жою немесе бүлдіру арқылы көрініс табады, яғни аталған белгілер ҚК-нің 459-бабының 2-бөлігінде көзделген белгілерге ұқсас және тек кінәнің нысанымен ғана ерекшеленеді.
Қылмыстық теріс қылықтың құрамы өзінің құрылымы бойынша материалдық болып табылады. Қылмыстық теріс қылық қаруды, оқ-дәрілерді, жүріп-тұру құралдарын не ауыр зардаптарға әкеп соққан әскери техника заттарын абайсызда жою немесе бүлдіру сәтінен бастап аяқталған деп танылады.
Ауыр зардаптардың туындауы, яғни әскери мүліктің ірі немесе аса ірі мөлшерде жойылуы немесе бүлінуі, жауынгерлік немесе қызметтік тапсырманың орындалуының бұзылуы, адамдардың қаза болуы не денсаулығына ауыр зиян келтірілуі осы теріс қылық құрамының міндетті элементі болып табылады.
Субъективтік жағы менмендік немесе немқұрайлылық түріндегі абайсызда жасалған кінә нысанымен сипатталады.
Менмендік кезінде кінәлі адам өзінің әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының туындау мүмкіндігін алдын ала біледі, бірақ оған жеткілікті негіздер болмаса да, бұл зардаптардың алдын алуға жеңілтектікпен сенеді.
Немқұрайлылық кезінде кінәлі адам өзінің әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының туындау мүмкіндігін алдын ала болжамайды, алайда тиісті ұқыптылық пен сақтық танытқан жағдайда бұл зардаптарды алдын ала білуге тиіс және білуі мүмкін еді.
Себептері мен мақсаты саралауға әсер етпейді, бірақ жаза тағайындау кезінде сот оларды ескереді.
Субъектісі – арнайы, яғни Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының кез келген әскери қызметшісі.
ҚК-нің 460-бабында көзделген әрекет қылмыстық теріс қылықтарға жатады.
**Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2021 жылғы түсініктеме, авторы – Исидор Шамилович Борчашвили, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі мен ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері.
Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес беру Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар