Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 122-бабына түсініктеме. Дәлелдемелерді жинау

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 122-бабына түсініктеме. Дәлелдемелерді жинау

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 122-бабына түсініктеме. Дәлелдемелерді жинау

1. Дәлелдемелерді жинау сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот талқылауы барысында осы Кодексте көзделген процестік әрекеттерді жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Дәлелдемелерді жинау оларды анықтауды, бекітуді және алып қоюды қамтиды.

2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган процеске қатысушылардың өтінішхаттары бойынша немесе өз бастамасы бойынша өзінің іс жүргізуіндегі қылмыстық іс бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен кез келген адамды сарапшы немесе маман ретінде жауап алуға не қорытынды беруге шақыруға; осы Кодексте көзделген процестік әрекеттерді жүргізуге; жеке, заңды тұлғалардан және лауазымды адамдардан, сондай-ақ жедел-іздестіру немесе қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардан Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді беру және жария ету тәртібін сақтай отырып, іс үшін маңызы бар құжаттар мен заттарды ұсынуды талап етуге; уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардан ревизиялар мен тексерулер жүргізуді талап етуге құқылы.

Кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне ревизиялар мен тексерулер жүргізу туралы талап қойылған жағдайда, қылмыстық қудалау органы бір тәулік ішінде прокурорды хабардар етеді. Соттың өз бастамасы бойынша дәлелдемелер жинауға құқығы жоқ.

3. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруге немесе сот талқылауына осы Кодексте белгіленген тәртіппен қатысуға жіберілген қорғаушы, жәбірленушінің өкілі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу тәртібін сақтай отырып, қорғауды жүзеге асыру, жәбірленушінің мүдделерін білдіру үшін қажетті мәліметтерді мынадай жолдармен алуға құқылы:

1) заңды тұлғалардан, оның ішінде мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден анықтамаларды, мінездемелерді, өзге де құжаттарды талап ету. Аталған тұлғалар қорғаушыға, жәбірленушінің өкіліне олар сұратқан құжаттарды немесе олардың куәландырылған көшірмелерін он тәулік ішінде беруге міндетті.

Бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстауға санкция беру мәселесі қаралған кезде сұратылатын анықтамалар, мінездемелер және өзге де құжаттар қорғаушыға жиырма төрт сағат ішінде беріледі;

осы Кодекстің 272-бабының бесінші, тоғызыншы және оныншы бөліктеріне сәйкес шарттық негізде сот сараптамасын жүргізуді бастамашылық ету;

сараптама мекемесіне тиісті сараптаманы шарттық негізде жүргізу туралы сұрау салу жіберу;

маманды шарттық негізде тарту;

қылмыстық іске қатысы бар ақпаратқа ие болуы мүмкін адамдардан, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың келісімімен жауап алу.

Сауал қоюдың барысы мен нәтижелері жазбаша түрде не электрондық жеткізгіште көрсетіледі, олар қорғаушының, жәбірленуші өкілінің өтінішхаты бойынша қылмыстық іске қоса тіркелуге жатады және қылмыстық процесті жүргізетін орган осы Кодекстің талаптарына сәйкес оларды зерттеп, бағалағаннан кейін дәлелдеме мәртебесіне ие болады.

4. Қылмыстық іске дәлелдемелер ретінде қосу үшін мәліметтерді ауызша да, жазбаша түрде де не электрондық құжат нысанында, сондай-ақ заттар мен құжаттарды күдікті, айыпталушы, қорғаушы, жеке айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сондай-ақ кез келген азаматтар мен ұйымдар ұсынуға құқылы.

5. Осы баптың үшінші бөлігінің 1) тармағы талаптарын орындамау заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Ескерту. 122-бапқа Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 378-V Заңымен (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 36-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) өзгерістер енгізілді.

1. ҚПК-нің 122-бабының 1-бөлігінің мағынасында дәлелдемелерді жинау қылмыстық процестің барлық сатыларында жүзеге асырылады және қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайларын дәлелдеудің бірінші кезеңі болып табылады. ҚПК-нің 122-бабының нормалары дәлелдемелерді жинау процесіне қатысы бар процеске қатысушылардың үш тобын бөліп көрсетеді.

Әрине, бұл жұмыстың негізгі ауыртпалығы іс бойынша дәлелдемелік ақпаратты іздестіру және алу, оны зерттеу мақсатында кең ауқымды процестік әрекеттерді, оның ішінде тергеу және сот әрекеттерін жүргізуді қамтитын биліктік өкілеттіктерді пайдаланатын қылмыстық процесті жүргізетін органдарға жүктеледі.

Айыптау тарапымен қатар құқық қорғау қызметін іс бойынша іс жүргізу барысында дәлелдемелерді жинау процесінде өз орнын алатын қорғаушылар мен жәбірленушілердің өкілдері жүзеге асырады (олардың жұмысының кейбір әдістері ҚПК-нің 122-бабының 3-бөлігінде көрсетілген).

Ақырында, өтінішхаттар мәлімдеу арқылы дәлелдемелерді ұсыну бастамасы процеске қатысушылардан, жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылық туралы қандай да бір мәліметтері бар кез келген азаматтар мен ұйымдардан шығуы мүмкін. Процеске қатысушылар және қатыспайтын тұлғалар ұсынатын дәлелдемелерді (ауызша, жазбаша, электрондық құжаттар нысанында, заттар мен құжаттарды) іске қосудың процестік тәртібі ҚПК-нің 115–120-баптарымен реттеледі. Бұл дәлелдемелерді жинаудың өте өзекті арнасы болып табылады, оны пайдалану көп жағдайда процеске қатысушылардың, азаматтар мен заңды тұлғалардың қылмыстық процесті жүргізетін органдарды қалай қабылдайтынына, сондай-ақ аталған органдар мен олардың лауазымды адамдарының іс жүргізу барысында қылмыстық процестің барлық қағидаттарын сақтауына байланысты.

Басқаша айтқанда, қылмыстық процесті жүргізетін органдар іс бойынша дәлелдемелерді жинау кезінде жалғыз әрекет етпейді, ал заң шығарушының осы мәселеге қатысты ұстанымдары дәлелдеудің тиісті кезеңдерінде процестің жарыспалылық және басқа да бастауларын білдіреді (ҚПК-нің 122-бабының 4-бөлігі).

2. ҚПК-нің 122-бабының 1-бөлігінде белгіленгендей, дәлелдемелерді жинау оларды анықтауды, бекітуді және алып қоюды қамтиды. Дәлелдеу процесінің бірінші кезеңінің аталған элементтері, әдетте, бір мезгілде қолданылады. Мысалы, дәлелдемелерді анықтау, оларды бекіту және алып қою тергеу әрекеттерін (қарап-тексеру, тінту және т.б.) жүргізу кезінде орын алуы мүмкін. Олардың бар екендігі туралы тергеу әрекетінің хаттамасы арқылы пайымдауға болады.

3. ҚПК-нің 122-бабының 2-бөлігі қылмыстық процесті жүргізетін органның дәлелдемелерді жинауының әртүрлі нысандарын бекітеді және осы мағынада оның нормалары қылмыстық іс бойынша анықталуға жататын мән-жайларды дәлелдеудің мәнін жинақтап көрсетеді (ҚПК-нің 113-бабы).

ҚПК-нің 122-бабының 2-бөлігінің нормаларында сотқа дәлелдемелерді жинау жөнінде жеке бастамашылық жасауға тыйым салынатыны туралы ой тағы да жүргізіледі. Дәлелдемелер жиналып қойған, енді оларды тексеру, яғни зерттеу және бағалау қажет. Бұл дұрыс, өйткені сотты процестің тараптарымен бір деңгейге қоймайды, сонымен бірге оған соңғылардың өз құқықтарын іске асыруына, іс материалдарындағы дәлелдемелерді зерттеуіне, дәлелдемелерді ұсыну туралы өтінішхаттар мәлімдеуіне, сондай-ақ сот әрекеттерінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оларды зерттеуге қатысуына жәрдем көрсетуге мүмкіндік береді. Дәлелдеуде процестің тараптары қаншалықты белсенді болғанына қарамастан, сот сот отырысының қағидаларын, сот әрекеттерінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сот төрелігіне сай шешім шығарғанға дейін тараптар ұсынған іс бойынша барлық дәлелдемелерді өзі зерттеуге және бағалауға міндетті.

ҚПК-нің 122-бабының 2-бөлігінде сондай-ақ қылмыстық процестің ерекшелігі көрініс тапқан. Ол 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен реттелетін, құқықтық мәртебесіне, меншік нысандары мен қызмет түрлеріне қарамастан, тексерілетін субъектілерге бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру саласындағы қатынастарға қолданылмайды (129-баптың 5-тармағы). Алайда кәсіпкерлікті елдегі әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаттың маңызды негізі ретінде қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз және негізсіз араласуынан қорғау ҚПК-нің 122-бабының 2-бөлігіндегі ережелердің басты себебі болып табылады: кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне ревизиялар мен тексерулер тағайындалған барлық жағдайларда қылмыстық қудалау органдары бір тәулік ішінде прокурорды хабардар етуге міндетті.

ҚПК-нің 122-бабының 3-бөлігі күдіктінің, айыпталушының қорғаушысы мен жәбірленушінің өкіліне қылмыстық процесте берілген құқықтарды іске асыру нысандарын бекітеді.

Бірінші кезекте әртүрлі көздерден анықтамаларды, мінездемелерді және өзге де құжаттарды талап ету және алу құқығы тұр. Әдетте, олар он тәулік ішінде, ал күдіктіні күзетпен ұстау мәселесі қаралатын істер бойынша, мәселенің өзектілігін ескере отырып, оларды алу туралы өтініш жасалған сәттен бастап екі тәулік ішінде берілуге тиіс (ҚПК-нің 122-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы).

Нақты сарапшыны көрсете отырып, сот сараптамасын шарттық негізде жүргізуді бастамашылық ету (ҚПК-нің 122-бабы 3-бөлігінің 2) тармағы) оны қорғаушының немесе жәбірленуші өкілінің өтінішхаты бойынша қылмыстық процесті жүргізетін органның процестік нысанды сақтай отырып тағайындауын білдіреді (оның ішінде сараптама жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу, сондай-ақ сарапшының еңбегіне ақы төлеу тәртібі), бұл тәртіп ҚПК-нің 272-бабының 5, 9, 10, 11-бөліктерінде көрсетілген.

ҚПК-нің 122-бабы 3-бөлігінің 3–4-тармақтарында көзделгендей, қорғаушының сұрау салуы бойынша сот сараптамасын шарттық негізде жүргізу немесе оның шарттық негізде маман тартуы ҚПК-нің 122-бабы 3-бөлігінің 2) тармағындағы қағидадан өзгеше, қорғаушының шарттық негізде сарапшының немесе маманның қорытындысын алу үшін тікелей жүгінуін білдіреді. Бұл қорытынды заң көмегін көрсетуге байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер салаларында және қызметтің басқа да салаларында арнайы ғылыми білімді, арнайы білімді қажет ететін мәселелерді түсіндіру үшін қажет. Алайда қорғаушы өз сұрау салуы бойынша шарттық негізде сот сараптамасын жүргізу немесе маманның зерттеуін алу кезінде ҚПК-нің 272-бабының 7–8, 11-бөліктерінің нормаларының талаптарын сақтауға тиіс («Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңның 33-бабы 1-тармағының 6) тармақшасы; 45-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы).

Осындай құқықтарға жәбірленушінің өкілі де ие (ҚПК-нің 71-бабы 6-бөлігінің 3), 4), 6) тармақшалары, 76-бап).

Қылмыстық іске қатысы бар ақпаратқа ие болуы мүмкін адамдардан олардың келісімімен, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, сауал қою (ҚПК-нің 122-бабы 3-бөлігінің 5) тармағы) қорғаушының немесе жәбірленуші өкілінің сауал қою материалдарын іске қоса тіркеу туралы өтінішхат мәлімдеуіне негіз жасайды. Бұдан бөлек, кейіннен сауал қою нәтижесінде алынған мәліметтер қорғалатын немесе айыпталатын тараптың куәгері ретінде адамнан қылмыстық процесті жүргізетін органның жауап алуына ұласуы мүмкін. Қажет болған жағдайда қорғаушының немесе жәбірленуші өкілінің өтінішхаты бойынша тергеу судьясының жәрдемдесуімен адамды мәжбүрлеп әкелу немесе оның айғақтарын тергеу судьясының депонирлеуі жүзеге асырылады (ҚПК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 3), 8) тармақшалары, 70-бабы 3-бөлігінің 1), 6) тармақшалары).

Әрине, келтірілген ережелер қорғаушы мен жәбірленуші өкілінің қорғалатын немесе өкілдік етілетін тұлғаның мүддесі үшін жүзеге асыратын процестік қызметінің бір бөлігін ғана сипаттайды.

Мысалы, қорғаушы дәлелдемелерді өз бетінше жинап қана қоймай, іс жүзінде параллель тергеп-тексеру жүргізуге де құқылы. Сонымен қатар ол қорғалушы тұлғаның қатысуымен жүргізілетін барлық тергеу және процестік әрекеттерге, сондай-ақ соңғысының өтінішхаты бойынша жасалатын басқа да процестік әрекеттерге қатысуға құқылы. Қорғаушының жүргізіліп жатқан тергеу және процестік әрекеттерге қатысу туралы өтінішхаты іске қоса тіркеледі. Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының қылмыстық сот ісін жүргізуге олардың қорғаушыларының қатысуына қарамастан, өздеріне тиесілі барлық қорғану құқықтары сақталады, ал бұл құқықтарды шектеу қорғану құқығын бұзу болып табылады (2002 жылғы 6 желтоқсандағы № 26 «Қорғану құқығын реттейтін қылмыстық-процестік заңнаманы қолдану практикасы туралы» ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының 13-тармағы).

Қорғаушы қызметінің нәтижелері жинақталған түрде айыптау актісіне қоса берілетін қорғау тарапының тұлғалар тізімінен (ҚПК-нің 299-бабының 7-бөлігі), сондай-ақ сот жарыссөзіндегі оның сөзінен (ҚПК-нің 383-бабы) көрініс табады.

Сонымен бірге ҚПК-нің 9-бабына, 112-бабы 1-бөлігінің 4) тармағына сәйкес іс бойынша іс жүргізуге қатысудан шеттетілуге тиіс қорғаушының қатысуымен жүргізілген процестік әрекеттер барысында алынған нақты деректер дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін деп танылады (2006 жылғы 20 сәуірдегі № 4 «Қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді бағалаудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының 10-тармағы).

Заң ҚПК-нің 122-бабы 3-бөлігінің 1) тармағында көрсетілген құжаттарға өздері қатысты тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін үлкен мән береді. Сондықтан ҚПК-нің 122-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы талаптарын орындамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 668-бабы «Адвокаттың заңды қызметіне кедергі келтіру» бойынша әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады:

«Адвокаттың не адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокаттық кеңсенің заңды қызметін жүзеге асыруына кедергі келтіру, яғни олардың кәсіптік міндеттерін орындауы үшін қажетті құжаттарды, материалдарды немесе мәліметтерді заңнамада белгіленген мерзімдерде жазбаша сұрау салу бойынша бермеу не оларды беруден бас тарту, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, – лауазымды адамдарға он бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады».

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне 2020 жылғы түсініктеме. Автор: Марат Чекишевич Қоғамов, заң ғылымдарының докторы, Қазақстанның құрметті заңгері, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

782-бап. Дәлелдемелерді жинау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

782-бап. Дәлелдемелерді жинау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Дәлелдемелерді жинау осы Кодексте көзделген әрекеттерді жүзеге асыру а...

Толық оқу »

782-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің дәлелдемелерін жинау

782-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің дәлелдемелерін жинау 1. Дәлелдемелерді жинау осы Кодексте көзделген әрекеттерді...

Толық оқу »

122-бап. Дәлелдемелерді жинау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

122-бап. Дәлелдемелерді жинау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Дәлелдемелерді жинау сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот талқылауы процесінде ос...

Толық оқу »