Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 170-бабына түсініктеме. Азаматтық талап қою бойынша шешімдер

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 170-бабына түсініктеме. Азаматтық талап қою бойынша шешімдер

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 170-бабына түсініктеме. Азаматтық талап қою бойынша шешімдер

  • 1. Қылмыстық іс бойынша азаматтық талап қоюды қарау нәтижелері бойынша сот мынадай шешімдердің бірін шығарады:
  • 1) азаматтық талап қоюды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;
  • 2) азаматтық талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы;
  • 3) азаматтық талап қоюшының азаматтық талап қоюды қанағаттандыру құқығын тану және оның мөлшері туралы мәселені азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен соттың қарауына беру туралы;
  • 4) азаматтық талап қоюдан бас тартуды қабылдау және ол бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы;
  • 5) бітімгершілік келісімді не азаматтық талап қою бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту және ол бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы;
  • 6) азаматтық талап қоюды қараусыз қалдыру туралы.
  • Осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарылған кезде сот азаматтық талап қоюды толық көлемде қанағаттандырады.
  • 2. Айыптау үкімін шығару немесе есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулы шығару кезінде сот азаматтық талап қоюды толық немесе ішінара қанағаттандырады не оны қанағаттандырудан бас тартады.
  • Азаматтық талап қою толық немесе ішінара қанағаттандырылған жағдайларда сот үкімнің азаматтық талап қою бөлігі бойынша ерікті түрде орындау мерзімін белгілейді және үкімде көрсетеді. Сот үкімінің азаматтық талап қою бөлігі ерікті түрде орындау үшін берілген мерзімде орындалмаған жағдайда, сот азаматтық талап қою бөлігінде үкімді азаматтық процестік заңнамада белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп орындатуға жібереді.
  • Мәжбүрлеп орындату Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
  • 3. Қылмыстық істі қарауды кейінге қалдырмай, азаматтық талап қою бойынша егжей-тегжейлі есеп жүргізу мүмкін болмаған кезде сот азаматтық талап қоюшының талап қоюды қанағаттандыру құқығын тануы және оның мөлшері туралы мәселені азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен соттың қарауына беруі мүмкін.
  • 4. Сот ақтау үкімін шығарған кезде, сондай-ақ есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істі тоқтату жөнінде қаулы шығарған кезде, егер қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасы немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде тыйым салынған іс-әрекет анықталмаса, не сотталушының қылмыстық құқық бұзушылықты немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде тыйым салынған іс-әрекетті жасауға қатысуы дәлелденбесе, не қылмыстық құқық бұзушылықты немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде тыйым салынған іс-әрекетті жасауда оның немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мәселесі шешілген адамның кінәсі анықталмаса, азаматтық талап қоюды қанағаттандырудан бас тартады.
  • 5. Сот бітімгершілік келісімді бекіткен, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізілген не азаматтық талап қоюдан бас тартуды қабылдаған жағдайларда азаматтық талап қою бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешім қабылдайды.
  • 6. Сот талап қоюды мынадай жағдайларда қараусыз қалдырады:
  • 1) сотталушы қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақталған кезде;
  • 2) өзі жасаған іс-әрекеттің сипаты мен өзінің жай-күйі бойынша қоғамға қауіп төндірмейтін және мәжбүрлеп емдеуді қажет етпейтін есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін негіздердің болмауына байланысты іс тоқтатылған кезде;
  • 3) осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 5), 7), 8) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша іс тоқтатылған кезде;
  • азаматтық талап қоюшының бұл туралы өтінішхаты болған кезде.
  • Заңда көзделмеген өзге негіздер бойынша азаматтық талап қоюды қараусыз қалдыруға жол берілмейді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 170-бабының нормалары соттың қылмыстық іс бойынша азаматтық талап қою мәселесі бойынша сот сатыларында қабылдауы мүмкін процестік шешімдерінің түрлері мен мазмұнын сипаттайды (ҚПК-нің 170-бабының 1-бөлігі). Осы мәселелер бойынша сот актілерінің түрлері оларды шығару негіздеріне байланысты болады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында қылмыстық іс ақтайтын және ақтамайтын негіздер бойынша тоқтатылған кезде азаматтық талап қою мәселесі азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде шешіледі. Яғни осы тақырыпқа қатысты процестік қатысушылар анықтау органының, тергеушінің, прокурордың қылмыстық істі мынадай негіздер бойынша тоқтату туралы қаулысы қолдарында болған жағдайда, зиянды өтеу туралы талаппен азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгінуге құқылы: қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты (ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 2-тармағы); есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану үшін негіздердің болмауына байланысты (ҚПК-нің 518-бабының 1-бөлігінің 1-тармағы, 2, 3-бөліктері); рақымшылық жасау актісінің салдарынан (ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 3-тармағы); ескіру мерзімінің өтуіне байланысты (ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 4-тармағы); жеке және жеке-жариялы айыптау және қудалау істері бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған кезде (ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 5-тармағы); преюдиция фактілері болған кезде (ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 7, 8-тармақтары); ҚПК-нің 36-бабында көзделген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған кезде (шын өкінуіне байланысты (ҚК-нің 65-бабы); қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде (ҚК-нің 66-бабы); жәбірленушімен, оның ішінде медиация тәртібімен татуласуына байланысты (ҚК-нің 68-бабы); жағдайдың өзгеруіне байланысты (ҚК-нің 70-бабы); ескіру мерзімінің өтуіне байланысты (ҚК-нің 71-бабы); рақымшылық жасау немесе кешірім жасау актісі негізінде (ҚК-нің 78-бабы).

Азаматтық талап қою берілген және басты сот талқылауы барысында оны қамтамасыз ету шаралары қабылданған (күдіктінің, айыпталушының, сотталушының мүлкіне тыйым салынған) қылмыстық іс тоқтатылған кезде сот азаматтық талап қоюшыға көрсетілген шаралардың күші жойылатынын және оның азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен сотқа талап қоюмен жүгінген кезде азаматтық процестік заңнамада көзделген тәсілдермен талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы өтінішхатты бір мезгілде беруге құқылы екенін түсіндіруге міндетті (ҚПК-нің 156, 159-баптары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы № 1 «Қылмыстық процестегі азаматтық талап қоюды қарау туралы» нормативтік қаулысының 33-тармағын қараңыз).

Сондай-ақ іске қатысатын тұлғаның өтініші бойынша талап қоюды қамтамасыз етудің бір шарасын екіншісімен ауыстыруға және т.б. жол беріледі (АПК-нің 159-бабының 1-бөлігі).

Азаматтық талап қою бойынша шешім (оны толық, ішінара қанағаттандыру, қанағаттандырудан бас тарту және т.б.) тиісті үкімде немесе сот қаулысында көрініс табады (ҚПК-нің 170-бабының 2–6-бөліктері).

Үкімнің сипаттау-дәлелдеу бөлігінде соттар азаматтық талап қою бойынша қабылданған шешімнің негіздемесін көрсетуі қажет.

Үкімнің қарар бөлігінде сот азаматтық талап қоюды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы, өндіріп алынуға жататын соманы көрсете отырып, не азаматтық талап қоюшының талап қоюды қанағаттандыру құқығын тану және оның мөлшері туралы мәселені азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен соттың қарауына беру туралы, не азаматтық талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы, не азаматтық талап қоюды қараусыз қалдыру туралы, сондай-ақ жауапкерден (жауапкерлерден) мемлекет кірісіне өндіріп алынуға жататын мемлекеттік баж мөлшері туралы шешімді баяндайды.

Бірнеше сотталушыға қатысты берілген азаматтық талап қоюды қанағаттандыру кезінде сот үкімнің қарар бөлігінде нақты қандай сомалар және кімнен ортақ немесе үлестік тәртіппен өндіріп алынуға жататынын көрсетеді.

Егер мүліктік зиян аса ауыр қылмыс жасау нәтижесінде келтірілсе және сотталған адамның оны өтеуге жеткілікті мүлкі болмаса, үкім шығарған сот жәбірленушінің немесе оның құқық мирасқорларының (жәбірленуші қайтыс болған жағдайда) өтініші бойынша ҚПК-нің 71-бабының 7-бөлігіне сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен толық көлемде, бірақ 150 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде ақшалай өтемақы төлеу туралы қаулы шығаруға тиіс. Соттың көрсетілген қаулысы атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп орындатылуға жатады.

Егер залал бірнеше адамның бірлескен қылмыстық әрекеттері нәтижесінде келтірілсе, сотталғандар, кәмелетке толғандар да, кәмелетке толмағандар да, өздерінде мүлік немесе өзге де кіріс көздері болған жағдайда, АК-нің 932-бабына сәйкес ортақ тәртіппен материалдық жауаптылықта болады. Жәбірленушінің өтініші бойынша және оның мүддесі үшін сот зиянды бірлесіп келтірген адамдарға үлестік жауаптылық жүктеуі мүмкін.

Талап қоюды қанағаттандыра отырып, сот үкімнің (қаулының) қарар бөлігінде азаматтық жауапкердің азаматтық талап қою бойынша шешімді ерікті түрде орындау мерзімін белгілеуге және үкімде (қаулыда) көрсетілген мерзім өткеннен кейін азаматтық талап қою бөлігіндегі сот актісі мәжбүрлеп орындатылуға жататынын көрсетуге тиіс. Азаматтық талап қою бөлігінде үкімді мәжбүрлеп орындату атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Басқа адамдардың иелігіндегі мүліктің сотталушыға тиесілі екенін, сондай-ақ оның басқа адамдармен бірлескен меншігіндегі мүліктің қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынғанын және т.б. анықтаған сот тиісті дәлелдемелерді келтіре отырып, залалды өтеу үшін өндіріп алуды осындай мүлікке де бағыттауға болатындай етіп, бұл туралы үкімде көрсетуге тиіс (ҚПК-нің 113-бабының 3-бөлігі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы № 1 «Қылмыстық процестегі азаматтық талап қоюды қарау туралы» нормативтік қаулысының 27-тармағы).

ҚПК-нің 390-бабы 1-бөлігінің 10-тармағының талаптарын ескере отырып, сот үкім шығару кезінде азаматтық талап қою берілмеген жағдайда да мүліктік зиянның өтелуге жататынын не жатпайтынын шешуге тиіс. Мұндай жағдайларда сот тиісті шешімді сот отырысында мүліктік зиян келтіруге байланысты мән-жайлар толық зерттелген жағдайда ғана қабылдайды.

Егер сот ақтау үкімін шығарса немесе қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауына байланысты (ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 1-тармағы, 521-бабының 3-бөлігі) не есі дұрыс емес адамның іс-әрекетінің болмауына байланысты (ҚПК-нің 521-бабының 3-бөлігі) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату жөнінде қаулы шығарса, сондай-ақ сотталушының (ҚПК-нің 394-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы) немесе есі дұрыс емес адамның (ҚПК-нің 521-бабының 3-бөлігі) тиісінше қылмыстық құқық бұзушылықты немесе іс-әрекетті жасауға қатысуы дәлелденбесе, талап қоюды қанағаттандырудан толық көлемде бас тартылады (ҚПК-нің 170-бабының 4-бөлігі).

Сол жағдайда, егер сот қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақтау үкімін шығарса (ҚПК-нің 394-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы) немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану үшін негіздердің болмауына байланысты істі тоқтатса (ҚПК-нің 521-бабының 2–3-бөліктері), сондай-ақ ҚПК-нің 170-бабының 6-бөлігінде көрсетілген талап қоюды қараусыз қалдырудың өзге де негіздері болған кезде, олардың тізбесі түпкілікті болып табылады, азаматтық талап қоюшы аталған негіздер бойынша сот актілерін қолына алып, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен зиянды өтеуге құқылы.

Қылмыстық іс бойынша азаматтық талап қою жөніндегі сот шешімдерінің қатарында бітімгершілік келісімді бекіту, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу не азаматтық талап қоюдан бас тартуды қабылдау жағдайларында азаматтық талап қою бойынша іс жүргізуді тоқтату мүмкіндігі де көзделген (ҚПК-нің 170-бабы бірінші бөлігінің 5-тармағы, 5-бөлігі). Соңғы жағдайда (талап қоюшының азаматтық талап қоюдан бас тартуын қабылдау кезінде) ҚПК-нің 169-бабының қағидаларын басшылыққа алу қажет (осы баптың нормаларына түсініктемені қараңыз).

Қылмыстық процестің кез келген сатысында және сот актісін орындау кезінде тараптар жасасатын бітімгершілік келісімді соттың бекіту тәртібі АПК-нің 175–178-баптарының нормаларымен реттеледі.

Қылмыстық сот ісін жүргізу барысында өткізілетін медиацияның ерекшеліктері Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Медиация туралы» Заңының 24-бабында бекітілген. Бұл ретте қылмыстық процесс барысында медиация жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген дауды реттеу туралы келісім жәбірленушіге келтірілген зиянды өтеу және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды жәбірленушімен татуластыру арқылы жанжалды реттеу туралы келісімді білдіреді. Көрсетілген келісім қылмыстық іс жүргізуінде жатқан қылмыстық процесті жүргізетін органға дереу жіберіледі және қылмыстық қудалауды болдырмайтын не оны жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жай болып табылады (жоғарыда аталған Заңның 27-бабының 6–7-тармақтары).

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне 2020 жылғы түсініктеме. Авторы: Марат Чекишевич Когамов, заң ғылымдарының докторы, Қазақстанның құрметті заңгері, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Норматив Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Заң қызметі Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік істер Қазақстанның заң компаниясы Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конституция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Жолдаулар

 

170-бап. Азаматтық талап қою бойынша шешiмдер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

170-бап. Азаматтық талап қою бойынша шешiмдер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сот қылмыстық істегі азаматтық талап қоюды қарау қорытындылары...

Толық оқу »

170-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің азаматтық талап қоюы бойынша шешімдер

170-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің азаматтық талап қоюы бойынша шешімдер1 қылмыстық істе азаматтық талап қоюды қарау қорытындылары б...

Толық оқу »