Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Қазақстан Республикасының Амстердам қаласындағы (Нидерланд Корольдігі) Бас консулдығын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының Амстердам қаласындағы (Нидерланд Корольдігі) Бас консулдығын қайта ұйымдастыру туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасының Амстердам қаласындағы (Нидерланд Корольдігі) Бас консулдығын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы N 1520 Жарлығы

Қазақстан Республикасы мен Нидерланд Корольдігі арасындағы екі жақты ынтымақтастықты жандандыру мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Амстердам қаласындағы (Нидерланд Корольдігі) Бас консулдығы орналасқан жерін Амстердам қаласынан Гаага қаласына көшіре отырып, Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Дипломатиялық миссиясы етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы