37-1-бап. Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі алып тасталған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру саласы өзгерген, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия ерікті түрде қайтарылған және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ерікті түрде таратылған және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастырылған кезде сақтандыру портфелін беру Сақтандыру қызметі туралы Заңы
1. Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі алып тасталған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру саласы өзгерген, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия ерікті түрде қайтарылған және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ерікті түрде таратылған және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастырылған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:
1) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін сақтанушыларды (қайта сақтанушыларды) сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (қайта сақтандыру ұйымдары) туралы міндетті түрде хабардар ете отырып, басқа сақтандыру ұйымына (сақтандыру ұйымдарына) беруді жүзеге асыруға;
2) сақтанушының (қайта сақтанушының) жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таңдауға келісімі болған кезде сақтандырудың өзге де сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына) беруді жүзеге асыруға немесе осы баптың 4-тармағының талабына сәйкес хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сақтанушының (қайта сақтанушының) сақтандыру портфелін беруге жазбаша қарсылығын алған жағдайда, сақтанушымен (қайта сақтанушымен) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын бұзуға міндетті.
2. Қайта сақтандыру бойынша лицензия ерікті түрде қайтарылған кезде (қайта сақтандыру ұйымы ерікті түрде таратылған және (немесе) қайта сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастырылған кезде) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру портфелін қайта сақтандыру бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (ұйымдарына) қайта сақтанушының (цеденттің) осындай беруге келісімі болған кезде ғана, ол жөнінде қайта сақтанушыны (цедентті) міндетті түрде хабардар ете отырып, беруге міндетті.
3. Сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы оны қабылдау кезінде, сондай-ақ жаңадан қабылданатын сақтандыру портфелін ескере отырып, барлық пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындауға тиіс.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушыларды (сақтандырылушыларды, пайда алушыларды, қайта сақтанушыларды) хабардар ету мақсатында сақтандыру портфелін алдағы беру туралы хабарландыруды сақтандыру портфелін беру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
Хабарландыруда қарсылықтарды ұсыну тәртібі, осы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күнді құрайтын ұсыну мерзімі және сақтанушылар (қайта сақтанушылар) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын берумен келіспеген жағдайда олардың қарсылықтары қабылданатын мекенжайлар көрсетіледі.
Сақтанушының (қайта сақтанушының) хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жазбаша қарсылығының болмауы сақтанушының (қайта сақтанушының) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру портфелін беруге келісуі ретінде қаралады.
5. Сақтандыру портфелін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
6. Осы баптың ережелері осы Заңның 72-1-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалына қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы