Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 35-бабына түсініктеме. Жедел-іздестіру іс-шараларын немесе жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру
1. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын немесе жасырын тергеу әрекеттерін орындау кезінде уәкілетті мемлекеттік органның қызметкері не осындай органның тапсырмасы бойынша осы органмен ынтымақтасатын өзге де адам жасаған, осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтірген іс-әрекет, егер бұл іс-әрекет адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы, қылмыстық топ жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, ашу немесе тергеп-тексеру, барлау және (немесе) диверсиялық әрекеттердің алдын алу, әшкерелеу және жолын кесу мақсатында жасалса, сондай-ақ егер келтірілген зиян құқықпен қорғалатын мүдделерге аталған қылмыстық құқық бұзушылықтар келтіретін зияннан аз болса және олардың алдын алу, ашу немесе тергеп-тексеру, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған кінәлі адамдарды әшкерелеу өзге тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін болмаса, қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды.
2. Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері адамның өміріне немесе денсаулығына, экологиялық апатқа, қоғамдық зілзалаға немесе өзге де ауыр зардаптарға қатер төндірумен ұштасқан іс-әрекеттер жасаған адамдарға қолданылмайды.
Осы норманың Қылмыстық кодекстің дербес бабында бөлініп көрсетілуі ұйымдасқан қылмыстылық нысандарымен күресте жедел-іздестіру қызметінің күштеріне нақты (тікелей) кепілдіктерді қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты.
Қылмыстық заңнаманы тиімді қолдану үшін қылмыстық құқыққа қайшылықты жоққа шығаратын жоғарыда аталған мән-жайдың құқыққа сыйымдылығы шарттарын анықтау қажет.
Баптың мазмұнына сәйкес, іс-әрекеттің қылмыстық құқыққа қайшылығын жоққа шығаратын бұл мән-жай жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын немесе жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асырумен байланысты.
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңының 1-бабының 15) тармақшасына сәйкес: «Жедел-іздестіру қызметі — Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті қорғау, қоғам мен мемлекеттің қылмыстық қол сұғушылықтардан қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асыратын жария және жасырын жедел-іздестіру, ұйымдастырушылық және басқарушылық іс-шаралардың ғылыми негізделген жүйесі».
Жедел-іздестіру іс-шаралары — жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың өз құзыреті шегінде Жедел-іздестіру қызметі туралы заңның 2-бабында көзделген міндеттерді шешуге бағытталған әрекеттері.
Аталған Заңның 11-бабына сәйкес, жедел-іздестіру іс-шаралары жалпы және арнаулы болып бөлінеді.
Арнаулы жедел-іздестіру іс-шарасы — заңмен қорғалатын жеке өмірге қол сұғылмаушылықты, хат-хабар алмасу, телефон арқылы сөйлесу, телеграф хабарламалары мен пошта жөнелтілімдері құпиясын, сондай-ақ тұрғын үйге қол сұғылмаушылық құқығын тікелей қозғайтын жедел-іздестіру іс-шарасы (Жедел-іздестіру қызметі туралы заңның 1-бабының 3) тармақшасы).
Жалпы жедел-іздестіру іс-шарасы — жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың осы қызметтің міндеттерін шешуге бағытталған, бірыңғай тактикалық және стратегиялық жоспармен біріктірілген әрекеттерінің жиынтығы (Жедел-іздестіру қызметі туралы заңның 1-бабының 11) тармақшасы).
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыруға, сондай-ақ оларды жүргізу барысында алынған ақпаратты Жедел-іздестіру қызметі туралы заңда көзделмеген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін пайдалануға жол берілмейді.
Заң жедел-іздестіру іс-шараларына мынадай әрекеттерді жатқызады: жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын орган қызметкерін не онымен құпия негізде ынтымақтасатын көмекшіні жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін жедел қызығушылық объектісінің ортасына енгізу; қылмыстық әрекетті имитациялайтын мінез-құлық моделін қолдану; құпия кәсіпорындар мен ұйымдар құру; арнайы техникалық құралдарды қолдану; электрлік (телекоммуникациялық) байланыс желілері арқылы берілетін ақпаратты жасырын бақылау, ұстап алу және алу; абоненттер және (немесе) абоненттік құрылғылар арасындағы қосылыстар туралы ақпаратты жасырын алу; ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған компьютерлерден, серверлерден және басқа құрылғылардан ақпаратты жасырын алу; телефон және өзге де сөйлесулерді тыңдау; арнайы техникалық құралдарды (аудио-, бейнебайланыс, кино-, фототүсірілім және басқа техникалық құралдар) пайдалана отырып бақылау; пошта және өзге де жөнелтілімдерді жасырын бақылау; жасырын кіру және (немесе) орынды тексеру және т.б.
Жалпы және арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын барлық органдар өздеріне жүктелген міндеттерге сәйкес жүргізеді.
ҚК-нің 35-бабының 1-бөлігінде көрсетілгендей, жедел-іздестіру іс-шараларын тек субъектілердің екі тобы ғана жүзеге асыра алады:
уәкілетті мемлекеттік органның қызметкерлері;
осындай органдармен ынтымақтасатын өзге де адамдар және тек осы органның тапсырмасы бойынша.
Қазақстан Республикасының Жедел-іздестіру қызметі туралы заңының 6-бабына сәйкес, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға құқығы бар органдарға мыналар жатады:
ішкі істер органдары;
ұлттық қауіпсіздік органдары;
сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган;
Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі;
экономикалық тергеп-тексеру қызметі.
Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың тізбесі тек заңмен өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыратын субъектілердің екінші тобын жоғарыда аталған мемлекеттік органдармен ынтымақтасатын өзге де адамдар құрайды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыратын субъектілердің бұл санатына он сегіз жасқа толған, әрекетке қабілетті, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органмен құпия негізде (оның ішінде келісімшарт бойынша) ынтымақтасуға келісім берген, сондай-ақ бұрын осы органмен өз келісімі бойынша ынтымақтасқан кез келген жеке тұлғалар жатады. Олар тек жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыруға құқығы бар қызметкерлердің тапсырмасы бойынша әрекет етуге және олармен заңда көзделген негіздерде ынтымақтасуға тиіс.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 28 желтоқсандағы «Қарсы барлау қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен түсіндіріліп отырған ҚК-нің 35-бабы жедел-іздестіру және жасырын тергеу әрекеттерімен қатар қарсы барлау іс-шаралары туралы нұсқаумен толықтырылды. Осылайша, ҚК-нің 35-бабының ережелері Қазақстан Республикасының ҚК-мен қорғалатын мүдделерге қарсы барлау іс-шараларын заңды негіздерде жүзеге асыру кезінде зиян келтіру жағдайларына да бірдей дәрежеде қолданылады.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 28 желтоқсандағы «Қарсы барлау қызметі туралы» Заңының 1-бабының 20) тармақшасына сәйкес: «Қарсы барлау қызметі — Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін барлау-диверсиялық қызметтен қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары жүзеге асыратын қарсы барлау және ұйымдастырушылық іс-шаралар жүйесі».
Барлау-диверсиялық қызмет — шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері, өзге де шетелдік ұйымдар, сондай-ақ жекелеген адамдар жүзеге асыратын барлау және (немесе) диверсиялық әрекеттер (Заңның 1-бабының 10) тармақшасы).
Барлау әрекеті — Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне зиян келтіре отырып, мәліметтерді алу, жинау (Заңның 1-бабының 8) тармақшасы).
Қарсы барлау іс-шарасы — барлау және (немесе) диверсиялық әрекеттердің алдын алуға, әшкерелеуге және жолын кесуге бағытталған жария және жасырын әрекеттер (Заңның 1-бабының 24) тармақшасы).
Диверсиялық әрекет — Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне зиян келтіре отырып, қоғамдық қатынастарға ықпал ету (Заңның 1-бабының 27) тармақшасы).
Қарсы барлау іс-шаралары іс жүзінде жедел-іздестіру іс-шараларына ұқсас (Заңның 11-бабы).
Қазақстан Республикасының «Қарсы барлау қызметі туралы» Заңында көзделмеген міндеттерді шешу үшін қарсы барлау қызметін жүзеге асыруға, сондай-ақ оның барысында алынған ақпаратты пайдалануға жол берілмейді. Бұдан басқа, қарсы барлау қызметін жүзеге асыру кезінде адамның және азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын әрекеттерге жол берілмейді.
Қарсы барлау іс-шараларын жүргізу негіздері Қазақстан Республикасының «Қарсы барлау қызметі туралы» Заңының 10-бабында көрсетілген.
Қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарға Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары: ұлттық қауіпсіздік органдары; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі; сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган жатады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне жасырын тергеу әрекеттерінің жаңа институтының енгізілуіне байланысты түсіндіріліп отырған баптың ережелері Қазақстан Республикасының ҚК-мен қорғалатын мүдделерге жасырын тергеу әрекеттерін заңды негіздерде жүзеге асыру кезінде зиян келтіру жағдайларына да бірдей дәрежеде қолданылады.
ҚПК-нің 7-бабының 12) тармақшасына сәйкес, жасырын тергеу әрекеті деп мүдделеріне қатысты тұлғаларға алдын ала хабар бермей, сотқа дейінгі іс жүргізу барысында ҚПК-де көзделген тәртіппен және жағдайларда жүргізілетін әрекет түсініледі. Жасырын тергеу әрекеттеріне ҚПК-нің 30-тарауы арналған.
ҚПК-нің 232-бабының 2-бөлігіне сәйкес, пошта және өзге де жөнелтілімдерді жасырын бақылауды қоспағанда, жасырын тергеу әрекеттері сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының тапсырмасы бойынша жедел-іздестіру қызметінің нысандары мен әдістерін пайдалана отырып, құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті бөлімшесімен жүргізіледі. ҚПК-нің 246-бабына сәйкес, пошта және өзге де жөнелтілімдерді жасырын бақылау түріндегі жасырын тергеу әрекеті пошта мекемелерінің немесе жөнелтілімдерді жеткізу қызметтерін көрсететін өзге де ұйымдардың қызметкерлерімен тергеушінің және (немесе) анықтаушының қатысуымен жүзеге асырылады.
Осылайша, жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыруға уәкілеттік берілген адамдардың қатарына тергеуші, анықтаушы (оның ішінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға уәкілеттік берілген адамдар), сондай-ақ қылмыстық-процестік заңнамаға, жедел-іздестіру қызметі және қарсы барлау қызметі туралы заңнамаға сәйкес өзге де адамдар жатады.
ҚК-нің 35-бабына сәйкес, жедел-іздестіру, қарсы барлау немесе жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асырудың құқыққа сыйымдылығының бірінші шарты осындай іс-шараларды жүзеге асыруға құқығы бар адамдар тобын айқындау болып табылады.
ҚК-нің 35-бабында көрсетілгендей, жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шаралары немесе жасырын тергеу әрекеттері тек қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, ашу немесе тергеп-тексеру, барлау және (немесе) диверсиялық әрекеттердің алдын алу, әшкерелеу және жолын кесу мақсатында ғана жасалуға тиіс. Сондықтан егер адам әрекеттерді өзге мақсатта жасаса, онда мұндай мінез-құлық іс-әрекеттің қылмыстық құқыққа қайшылығын жоққа шығаратын мән-жай ретінде танылмайды.
Демек, жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын немесе жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асырудың құқыққа сыйымдылығының екінші шарты — мұндай іс-шараларды жүргізудің мақсаты, яғни қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, ашу немесе тергеп-тексеру болып табылады.
Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру іс-әрекеттің қылмыстық құқыққа қайшылығын жоққа шығаратын мән-жай ретінде тек мұндай іс-шаралар ҚК-нің 31-бабында көзделген сыбайлас қатысудың әртүрлі нысандарында: адамдар тобымен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен, қылмыстық топпен жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты, сондай-ақ барлау және (немесе) диверсиялық әрекеттердің алдын алу, әшкерелеу және жолын кесу үшін жүргізілген жағдайда ғана танылады. Осылайша, қылмыстық заңнама жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін (ҚК-нің 35-бабы) тек қылмыстық құқық бұзушылықтар топпен жасалған және барлау және (немесе) диверсиялық әрекеттердің алдын алу, әшкерелеу, жолын кесу жағдайларында ғана жүргізуге жол береді. ҚК-нің 35-бабының мазмұнынан жедел-іздестіру іс-шараларын іс-әрекеттің қылмыстық құқыққа қайшылығын жоққа шығаратын мән-жай ретінде жүзеге асыру жеке-дара құқыққа қайшы қызметті жүзеге асыру кезінде мүмкін емес екені туындайды. Бұған барлау және (немесе) диверсиялық әрекеттердің алдын алу, әшкерелеу және жолын кесу кезінде қарсы барлау іс-шараларын жүргізу барысында жүзеге асырылған жағдайлар кірмейді. Бұл жағдайда, шамасы, мұндай іс-шараларға жеке-дара қылмыстық қызмет кезінде де жол беріледі. Аталған ережені жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асырудың құқыққа сыйымдылығының үшінші шарты деп тану қажет.
ҚК-нің 35-бабында көрсетілгендей, жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру кезінде зиян заңмен қорғалатын мүдделерге келтіріледі. Бұл ереже қолданыстағы заңнамамен қорғалмайтын мүдделер қылмыстық заңнаманың аясына кірмейтінін білдіреді. Осылайша, аталған әрекеттерді жүзеге асыру кезінде зиян тек құқықпен қорғалатын мүдделерге келтіріледі. Бұл белгі жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асырудың құқыққа сыйымдылығының төртінші шарты болып табылады.
ҚК-нің 35-бабында жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру іс-әрекеттің қылмыстық құқыққа қайшылығын жоққа шығаратын мән-жай ретінде тек жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын немесе жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын адамның әрекеттерімен келтірілген зиян топтық қылмыстық құқық бұзушылықтар келтіретін зияннан аз болған жағдайда ғана танылады. Осылайша, аталған ережені жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асырудың құқыққа сыйымдылығының бесінші шарты деп тануға болады. Сондықтан егер адам алдын алатын зиянға тең немесе одан көп зиян келтірсе, онда бұл адамның әрекеттері іс-әрекеттің қылмыстық құқыққа қайшылығын жоққа шығаратын мән-жай ретінде таныла алмайды.
Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын немесе жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыруды іс-әрекеттің қылмыстық құқыққа қайшылығын жоққа шығаратын мән-жай ретінде тану үшін топтық қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, ашу немесе тергеп-тексеру, барлау және (немесе) диверсиялық әрекеттердің алдын алу, әшкерелеу және жолын кесу өзге тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін болмауға тиіс. Осылайша, заң шығарушы жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын немесе жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру қойылған мақсатқа қол жеткізудің жалғыз тәсілі болып табылатынын мойындайды. Егер қойылған мақсатқа қол жеткізудің басқа тәсілдері болған және адам оларды пайдаланбаған болса, онда мұндай адамның әрекеттері іс-әрекеттің қылмыстық құқыққа қайшылығын жоққа шығаратын мән-жай ретінде таныла алмайды. Бұл ережені жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асырудың құқыққа сыйымдылығының тағы бір шарты деп тану қажет.
ҚК-нің 35-бабының 2-бөлігінде адамның әрекеттері, егер олар адамның өміріне немесе денсаулығына, экологиялық апатқа, қоғамдық зілзалаға немесе өзге де ауыр зардаптарға қатер төндірумен ұштасса, іс-әрекеттің қылмыстық құқыққа қайшылығын жоққа шығаратын мән-жай ретінде танылмайтыны айтылған. Көрсетілген талапты да жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асырудың құқыққа сыйымдылығының шарты деп тануға болады.
Осылайша, айтылғандарды ескере отырып, жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асырудың құқыққа сыйымдылығының барлық шарттарын екі топқа бөлуге болады:
Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шарасына немесе жасырын тергеу әрекетіне қатысты құқыққа сыйымдылық шарттары.
Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру кезінде келтірілген зиянға қатысты құқыққа сыйымдылық шарттары.
Құқыққа сыйымдылық шарттарының бірінші тобына мыналар жатады:
жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын немесе жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыруға құқығы бар адамдардың шектеулі тобы;
жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мақсаты — қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, ашу немесе тергеп-тексеру, барлау және (немесе) диверсиялық әрекеттердің алдын алу, әшкерелеу және жолын кесу;
жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шаралары және жасырын тергеу әрекеттері қылмыстық құқық бұзушылықтар топпен жасалған жағдайларда ғана жүзеге асырылады.
Құқыққа сыйымдылық шарттарының екінші тобына мыналар жатады:
жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру кезінде зиян тек құқықпен қорғалатын мүдделерге келтіріледі;
зиян келтіру қойылған мақсатқа қол жеткізудің жалғыз тәсілі болып табылады;
жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын адамның әрекеттерімен келтірілген зиян топтық қылмыстық құқық бұзушылық келтіретін зияннан аз болуға тиіс;
жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын немесе жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру кезінде келтірілген зиян адамның өміріне немесе денсаулығына, экологиялық апатқа, қоғамдық зілзалаға немесе өзге де ауыр зардаптарға қатер төндірумен ұштаспауы тиіс.
Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын немесе жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыруды аса қажеттіліктен ажырата білу қажет.
Азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің заңды мүдделерінің бұзылу көзі аса қажеттілік жағдайын туындатады. Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру кезіндегі қауіп көзінен айырмашылығы, мұндай қауіптің көзі тек адамның әрекеттері ғана емес, сонымен қатар табиғаттың дүлей күштері, жануарлардың шабуылы, физиологиялық процестер, механизмдердің ақаулары, екі міндеттің қайшылығы және басқалар болуы мүмкін. Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру кезінде қауіп көзі адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жүзеге асыратын қылмыстық құқыққа қайшы қызмет, сондай-ақ барлау және (немесе) диверсиялық әрекеттер болып табылады.
Аса қажеттілік жағдайындағы адамдардың әрекеттері аса қажеттілік жағдайында тұрған адамның, сондай-ақ өзге адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғам немесе мемлекет мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою мақсатында жасалады. Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру кезіндегі әрекеттер заңға сәйкес оларды орындауға, адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, ашу немесе тергеп-тексеру, барлау және (немесе) диверсиялық әрекеттердің алдын алу, әшкерелеу және жолын кесу мақсаттарына бағытталған.
Аса қажеттілік жағдайындағы адамдардың әрекеттері тек тікелей қатер төнген қауіп кезінде ғана орын алуы мүмкін, яғни қауіп нақты әрі құқықпен қорғалатын мүдделерге тікелей төнген болуға тиіс. Сондықтан өтіп кеткен де, болашақта туындауы мүмкін де қауіп аса қажеттілік жағдайын құрамайды. Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын немесе жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын адамдардың әрекеттері қылмыстық құқық бұзушылық жасалғанға дейін, қылмыстық құқық бұзушылық жасалған сәтте, сондай-ақ ол жасалғаннан кейін, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, ашу немесе тергеп-тексеру кезеңінде, сондай-ақ барлау және (немесе) диверсиялық әрекеттердің алдын алу, әшкерелеу және жолын кесу кезеңінде орын алады. Бұл тіпті құқықпен қорғалатын мүдделерге зиян келтірілген болса да, қауіп қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылып, жазаға тартылғанға дейін жойылмайтындығына байланысты.
Аса қажеттілік субъектісі кез келген адам бола алады, өйткені аса қажеттілік актісін жүзеге асыру азаматтың субъективтік құқығы болып табылады. Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру құқығы берілген субъектілердің тобы заңмен қатаң айқындалған.
Елеулі айырмашылық қол сұғушылық объектісінде жатыр. Аса қажеттілік жағдайында зиян келтірілуі мүмкін объектілердің тізбесін заң шығарушы нақтыламаған. Зиян адамдардың, ұйымдардың немесе мемлекеттің мүліктік мүдделеріне, азаматтардың денсаулығына, тіпті өміріне де келтірілуі мүмкін. Ал жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру кезінде адамның өміріне немесе денсаулығына, экологиялық апатқа, қоғамдық зілзалаға немесе өзге де ауыр зардаптарға қатер төндірумен ұштасқан әрекеттерді жасау қылмыстық құқық бұзушылық ретінде бағаланады.
Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын немесе жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыруды іс-әрекеттің қылмыстық құқыққа қайшылығын жоққа шығаратын мән-жай ретінде қол сұғушылық жасаған адамды ұстаудан ажырату қажет.
Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын немесе жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру кезіндегі субъектілер тобы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезіндегі субъектілер тобынан әлдеқайда тар. Бұлар — уәкілетті мемлекеттік органның қызметкерлері не осындай органның тапсырмасы бойынша осы органмен ынтымақтасатын өзге де адамдар. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау құқығына арнайы уәкілеттік берілген адамдармен қатар жәбірленушілер мен басқа да азаматтар ие.
ҚК-нің 33-бабы негізінде ұстау кез келген қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты жүзеге асырылады. Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шаралары және жасырын тергеу әрекеттері қылмыстық құқық бұзушылықты сыбайлас қатысудың бір нысанында жасайтын немесе жасаған адамдарға, сондай-ақ барлау және (немесе) диверсиялық әрекеттердің алдын алу, әшкерелеу және жолын кесу мақсатында жүргізіледі.
ҚК-нің 33-бабына сәйкес, ұстау кезінде зиян келтірілуі мүмкін объект тек қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам ғана болуы мүмкін.
Зиян ұсталып жатқан адамның мүліктік мүдделеріне, денсаулығына, тіпті өміріне де келтірілуі мүмкін. Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын немесе жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру кезінде қылмыстық-құқықтық қорғау объектілеріне зиян келтіру адамның өміріне немесе денсаулығына, экологиялық апатқа, қоғамдық зілзалаға немесе өзге де ауыр зардаптарға қатер төндірумен ұштаспайтын жағдайда ғана құқыққа сай болады.
Ұстау қылмыстық құқық бұзушылық жасалғаннан кейін жүзеге асырылады, ал жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шаралары және жасырын тергеу әрекеттері қылмыстық құқық бұзушылық жасалғанға дейін де, одан кейін де жүзеге асырылады. Жасырын тергеу әрекеттері адам қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде де жүргізіледі.
Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын немесе жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру кезінде құқыққа сыйымдылық шарттарын асыра пайдалану деп алдын алатын зиянға тең, одан да көп зиян келтіру танылады. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде құқыққа сыйымдылық шарттарын асыра пайдалану деп олардың ұсталып жатқан адам жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесіне және ұстау мән-жайларына көрінеу сәйкес келмеуі, қажеттілік болмаса да жағдаймен ақталмайтын анық шамадан тыс зиян келтіру танылады. ҚК-нің 33-бабына сәйкес, мұндай асыра пайдалану зиян қасақана келтірілген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. Жоғарыда айтылғандардың мәнін аша отырып, ұстау жағдайы соны талап еткен кезде тең зиян келтіруге жол берілетіндігі туралы қорытынды жасауға болады.
Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын немесе жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру кезінде қылмыстық-құқықтық қорғау объектілеріне зиян келтіру адамның өміріне немесе денсаулығына, экологиялық апатқа, қоғамдық зілзалаға немесе өзге де ауыр зардаптарға қатер төндірумен ұштаспайтын жағдайда ғана құқыққа сай болады.
Ұстау қылмыстық құқық бұзушылық жасалғаннан кейін жүзеге асырылады, ал жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шаралары және жасырын тергеу әрекеттері қылмыстық құқық бұзушылық жасалғанға дейін де, одан кейін де жүзеге асырылады. Жасырын тергеу әрекеттері адам қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде де жүргізіледі.
Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын немесе жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру кезінде құқыққа сыйымдылық шарттарын асыра пайдалану деп алдын алатын зиянға тең, одан да көп зиян келтіру танылады. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде құқыққа сыйымдылық шарттарын асыра пайдалану деп олардың ұсталып жатқан адам жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесіне және ұстау мән-жайларына көрінеу сәйкес келмеуі, қажеттілік болмаса да жағдаймен ақталмайтын анық шамадан тыс зиян келтіру танылады. ҚК-нің 33-бабына сәйкес, мұндай асыра пайдалану зиян қасақана келтірілген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. Жоғарыда айтылғандардың мәнін аша отырып, ұстау жағдайы соны талап еткен кезде тең зиян келтіруге жол берілетіндігі туралы қорытынды жасауға болады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2021 жылғы түсініктеме, авторы — Исидор Шамилович Борчашвили, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі және ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.
Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заң қызметі қызмет Заң консультациясы Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Указ Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Жолдаулар