Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 462-бабы. Қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауіп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу туралы түсініктеме

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 462-бабы. Қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауіп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу туралы түсініктеме

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 462-бабы. Қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауіп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу туралы түсініктеме

1. Қару-жарақпен, оқ-дәрілермен, радиоактивті материалдармен, жарылғыш немесе айналадағыларға жоғары қауіп төндіретін өзге де заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа немесе ауыр зиян келтіруге, әскери мүлікті жоюға не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, —

екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Абайсызда адамның өліміне әкеп соққан дәл сол іс-әрекет —

бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет —

бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қарулы Күштердің арсеналында қару-жарақтың, оқ-дәрілердің, жарылғыш, радиоактивті және айналадағыларға жоғары қауіп төндіретін өзге де заттар мен нәрселердің алуан түрлі жүйелері мен түрлері бар. Оларды пайдалану арнайы сақтық қағидаларын қатаң сақтаумен байланысты, ал осы қағидаларды бұзу адамдардың қаза табуына және жарақат алуына, әскери мүліктің жойылуына, түрлі әскери іс-шаралардың бұзылуына және басқа да ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін.

Бұл заттар мен нәрселер оларды пайдалану процесінде ғана емес, сонымен қатар сақтау кезінде де ерекше тәртіппен жұмыс істеуді талап етеді. Олардың көпшілігі өздігінен немесе сыртқы факторлардың болмашы әсерінен байқалуы мүмкін зақымдаушы қасиеттерге ие. Сондықтан белгіленген сақтау қағидаларын бұзу да зиянды зардаптарға әкеп соғуы мүмкін.

Қоғамдық қауіптілігі қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауіп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзудың әскери қызметшілердің, азаматтардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіруінен, сондай-ақ мемлекеттің қорғаныс қабілетінің төмендеуінен көрінеді.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Заңының 1-бабына сәйкес радиациялық қауіпсіздік — атом энергиясын пайдалану объектісінің персоналға, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсер етуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес шектейтін іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қасиеттері мен сипаттамаларының жай-күйі.

Осылайша, радиоактивті материалдар — өздігінен ыдырау қабілетіне ие заттар (оның барысында электромагниттік және корпускулалық сәулеленулер бөлінеді), олар тірі организмдерге және қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін.

Жарылғыш заттар деп химиялық және басқа да реакциялар әсерінен үлкен қиратушы күшке ие энергияның мол көлемін лезде босату қасиеті бар заттар немесе қоспалар түсініледі.

Айналадағыларға жоғары қауіп төндіретін өзге де заттар мен нәрселер деп тірі организмдерге және табиғатқа дәл осындай зиян келтіру қабілетіне ие заттар мен нәрселерді (мысалы, күшті әсер ететін улағыш, улы заттар, жарылу қаупі бар газдар мен булар және т.б.) түсіну қажет.

Түсіндіріліп отырған қылмыстың объективтік жағын, егер бұл адамның денсаулығына ауырлығы орташа немесе ауыр зиян келтіруге, әскери мүлікті жоюға не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, аталған заңдарда көрсетілген заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзуға байланысты әрекеттер немесе әрекетсіздік құрайды.

Қару-жарақпен жұмыс істеу қағидаларын айналадағыларға жоғары қауіп төндіретін өзге де заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларынан ажырата білу қажет. Мәселен, қару-жарақпен жұмыс істеу қағидаларынан айырмашылығы, қауіпті заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын осы заттарды пайдалану барысында ғана емес, оларды сақтау, тасымалдау және айналымның басқа да салаларында сақтау қажет.

Осы бап диспозициясының бланкеттік сипаты Қазақстан Республикасының «Атом энергиясын пайдалану туралы» және «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» заңдарының, сондай-ақ айналадағыларға жоғары қауіп төндіретін қару-жарақпен, оқ-дәрілермен, жарылғыш заттармен немесе нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын айқындайтын басқа да нормативтік актілердің ережелеріне жүгінуді қажет етеді және арнайы қағидалардың бұзылған фактісін анықтауды көздейді.

Қылмыс құрамы өзінің құрылымы бойынша материалдық құрамға жатады. Қылмыс адамның денсаулығына абайсызда ауырлығы орташа немесе ауыр зиян келтірілген, әскери мүлік жойылған не өзге де ауыр зардаптар туындаған сәттен бастап аяқталған болып есептеледі.

Жәбірленушінің денсаулығына ауырлығы орташа немесе ауыр зиян келтіру, не әскери техниканы жою, не өзге де ауыр зардаптардың туындауы осы іс-әрекет құрамының міндетті белгісі болып табылады.

Өзге де ауыр зардаптар деп жауынгерлік техниканың істен шығуын, әскери немесе азаматтық объектілердің жойылуын не едәуір зақымдануын, жер учаскелерінің, су айдындары мен ауаның улы заттармен ластануын түсіну қажет.

Субъективтік жағы кінәнің абайсыздық нысанымен, яғни менмендік немесе немқұрайлылық түрінде сипатталады.

Менмендік болған кезде кінәлі адам өз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының туындау мүмкіндігін алдын ала біледі, бірақ бұған жеткілікті негіздер болмаса да, бұл зардаптардың алдын алуға жеңілтектікпен сенеді.

Немқұрайлылық болған кезде кінәлі адам өзінің әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының туындау мүмкіндігін алдын ала болжамайды, алайда тиісті мұқияттылық пен сақтық танытқан жағдайда бұл зардаптарды алдын ала білуге тиіс және білуі мүмкін болады.

Себептер мен мақсат қылмысты саралауға әсер етпейді, бірақ жаза тағайындау кезінде сот оларды ескереді.

Субъект — арнайы, яғни өзіне қару-жарақ, оқ-дәрілер, сондай-ақ айналадағыларға жоғары қауіп төндіретін заттар мен нәрселер сеніп тапсырылған, белгілі бір мән-жайларға байланысты оларды (заңды тәртіппен немесе айналым қағидаларын бұза отырып) иеленетін және аталған қағидаларды бұзған кез келген әскери қызметші.

Осы баптың 2-бөлігі абайсызда адамның өліміне әкеп соққан дәл сол іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылықты көздейді.

ҚК-нің 462-бабының 3-бөлігі осы баптың 2-бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейді.

ҚК-нің 462-бабының 1, 2-бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер онша ауыр емес қылмыстарға жатады.

ҚК-нің 462-бабының 3-бөлігінде көзделген іс-әрекет ауырлығы орташа қылмыстарға жатады.

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне Исидор Шамилович Борчашвилидің 2021 жылғы түсініктемесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі және ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Указ Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

 

462-бап. Қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

462-бап. Қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1...

Толық оқу »

Түсініктеме 390-бабына Қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауіп төндіретін заттар мен нәрселерді қолдану қағидаларын бұзу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне

Түсініктеме 390-бабына Қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауіп төндіретін заттар мен нәрселерді қолдану қағидаларын бұзу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне1. Қа...

Толық оқу »