Соттардың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің Ерекше бөлігінің нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы № 7 нормативтік қаулысы.
Сот практикасын қорыту нәтижелерінің негізінде, Соттардың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің Ерекше бөлігінің нормаларын қолдануының біркелкі практикасын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде соттарда туындайтын мәселелерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсіндірмелер беруді қаулы етеді.
Соттар ӘҚтК-нің 132-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараған кезде ӘҚтК-нің 33-бабының төртінші бөлігін басшылыққа алуы қажет, оған сәйкес дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту дара кәсіпкердің және заңды тұлғаның қызметкерін осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылықтан босатады. Осы құқық бұзушылықты дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметкері-жеке тұлға жасаған кезде әкімшілік жауаптылыққа кәсіпкерлік қызмет субъектісі – мұндай жұмыскердің жұмыс берушісі жатады, оған осы баптың екінші бөлігінің санкциясында көзделген қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру түріндегі әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін.
Санкциясы қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұруды не оған тыйым салуды, сол сияқты тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды немесе одан айыруды көздейтін ӘҚтК-нің Ерекше бөлігінің баптары бойынша кәсіпкерлік субъектісінің қызметкерлері еңбек міндеттерін орындау кезінде жұмыс орнында жасайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерге жаза тағайындау мәселесі осындай тәртіппен шешілуге жатады.
Өз қызметін еңбек міндеттемелерін орындаумен байланысты емес, тек өз атынан ғана жүзеге асыратын жеке тұлғалар аталған құқық бұзушылықтарды жасаған кезде жауаптылыққа өз бетінше тартылуға тиіс. "Соттардың Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Жалпы бөлігінің нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 12 нормативтік қаулысының 8-тармағына сәйкес осы жеке тұлғаларға қосымша жаза қолдану міндетті. Мұндай қызметті жүзеге асыру үшін лицензияның болуы талап етілетін жағдайларда, аталған жеке тұлғалар ӘҚтК-нің 463-бабының бірінші бөлігі бойынша қосымша жауаптылыққа тартылуға жатады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.05.2019 № 4 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Соттардың ӘҚтК-нің 173-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараған кезде көрсетілген кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты істер бойынша қаулылардың күшін жоюы, оларды заңсыз әкімшілік жауаптылыққа тартылғанын куәландыратынын және заңда көзделген салдарларға әкеп соғуы мүмкін екенін ескергені жөн. Алайда күші жойылған қаулыларды шығарған органдардың (лауазымды адамдардың) әрекеттерінде ӘҚтК-нің 173-бабында көзделген құқық бұзушылық белгілерінің бар болуы үшін бір ғана қаулылардың күшін жою жеткіліксіз. Кәсiпкерлiк қызметке заңсыз араласудың дәлелдемелері болмаған кезде лауазымды адамға өзінің лауазымдық міндеттерін орындағаны кінә болып саналуы мүмкін емес.
Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының заңсыз араласуы билікті асыра пайдаланудан не лауазымдық өкілеттігін терiс пайдаланудан көрінуі мүмкін. Заңсыз араласу кейіннен белгіленген тәртіппен заңсыз деп танылған актінің шығарылуына, тапсырманың берілуіне не басқа да әрекеттің жасалуына негізделеді.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.05.2019 № 4 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 31.05.2019 № 4 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі № 429-І Заңының 5-бабында алкоголь өнiмi түрлерінің түпкілікті тізбесі белгіленген. Осы баптан басқа да күштi алкоголь және әлсiз алкоголь сусындары "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 201-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңымен алып тасталған. Кәсiпкерлiк субъектілері ретінде тіркелмеген адамдардың мұндай өнімді сатуы, лицензиясыз кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысқаны үшін ӘҚтК-нің 463-бабының бірінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылық құрамын құрайды.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.05.2019 № 4 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
ӘҚтК-нің 283-бабының санкциясы құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарларды тәркілеуді, сондай-ақ тиісті қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, айыппұл салуды көздейді. Соттарға ӘҚтК-нің 283-бабы бойынша істерді қараған кезде ӘҚтК-нің Жалпы бөлігі нормаларының ӘҚтК-нің Ерекше бөлiгі ережелерінен басым болатынын ескеру және құқық бұзушылық сипатының негізінде және ӘҚтК-нің 40-бабында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізе отырып, нақты қосымша жазаның таңдалуын уәждеу қажет.
ӘҚтК-нің 440-бабының бірінші бөлігінде көзделген қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келгені үшін әкімшілік жауаптылық алкогольдік, сонымен қатар есірткілік немесе уытқұмарлық мас болу кезінде басталады.
Сол баптың үшінші бөлігінде белгіленген бір жылдық мерзімді ӘҚтК-нің 440-бабының бірінші немесе екінші бөлігі бойынша алдыңғы әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы заңды күшіне енген күнінен бастап есептеген жөн. Нақ сол әрекеттерді осы баптың төртінші бөлігі бойынша саралау үшін бұдан бұрын адамның бір жыл ішінде осы бап бойынша әкімшілік жауаптылыққа екі рет тартылуы және екі қаулы бойынша да ӘҚтК-нің 61-бабында белгіленген мерзім өтпеуі тиіс.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.05.2019 № 4 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Сондықтан нұсқамалардың заңды талаптарын орындауға өздеріне байланысты барлық шараларды қабылдаған, бірақ оларға тәуелсіз себептермен тұтастай орындалмаған, оның ішінде қажетті қаржыландырудың болмауынан орындалмаған лауазымды адамдарға қатысты іс жүргізу кінәнің жоқтығынан тоқтатылуы мүмкін.
Аталған лауазымды адамдарды ӘҚтК-нің осы бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартқан жағдайда, ӘҚтК-нің 48-бабының бірінші бөлігіне сәйкес қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру түріндегі қосымша жаза лауазымды адамдарға қолданылмайтынын назарға алған жөн.
Сонымен қатар, нақ сол мән-жайлар кезінде заңды тұлғаларға қатысты мұндай істер тоқтатылуға жатпайды, өйткені ӘҚтК 25-бабының бірінші бөлігіне сәйкес ӘҚтК-да әкімшілік жауаптылық көзделген заңды тұлғаның заңға қарсы әрекеті немесе әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.
Бұл құқықты іске асыру тәртібі және оны шектеу шарттары "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 Заңында белгіленген, оның 8-бабында, егер: өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, жоғарыда аталған Заңның 4, 5 және 7-баптарында көзделген оларды өткізу тәртiбі бұзылса, сондай-ақ азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнген, қоғамдық тәртiп бұзылған кезде жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талап етуi бойынша сөзсiз тоқтатылуы тиіс екендігі көзделген.
ӘҚтК-нің 488-бабының бірінші бөлігінде көзделген ұйымдастырушылар болып табылмайтын, мұндай көпшiлiк іс-шараға қатысушылардың заңсыз жиналыстарға, митингiлерге, шерулерге, демонстрацияларға не өзге де көпшiлiк iс-шараға қатысқаны үшін әкімшілік жауаптылығы жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң жоғарыда көрсетілген талаптарын орындамағаннан кейін басталады. Сондықтан соттар ӘҚтК-нің 488-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараған кезде мұндай талаптың іс жүзінде мәлімделгені, оның негізділігі мен заңдылығы, сондай-ақ оны оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан көпшiлiк іс-шараға қатысушының орындамағаны жөніндегі дәлелдемелерді зерттеуі тиіс.
Митингті тоқтату туралы талаппен пропорционал қағидатының бұзылуы жөніндегі дәлелдер, кейіннен азаматтық сот ісін жүргізуде қаралуы мүмкін, бірақ жергілікті атқарушы орган өкілінің мұндай талапты мәлімдеуі сәтінде оның құзіреті даулануға тиіс емес.
Бұқаралық іс-шараны өткізуге рұқсат алғанға дейін оның ұйымдастырушысы, сондай-ақ өзге де тұлғалар бұқаралық ақпарат құралдарында, Интернетте немесе өзге де ақпарат желілерінде оның өтетін күні, орны және уақыты туралы жариялауға, осы мақсатта парақшаларды, плакаттар мен өзге де ұқсас материалдарды дайындауға және таратуға құқылы емес. Осы талапты бұзу оны ұйымдастырушының көпшілік іс-шараны ұйымдастыру тәртібін бұзғаны үшін ӘҚтК-нің 488-бабының үшінші бөлігі бойынша жауаптылығына әкеп соғады.
Ресей Федерациясынан көшіп келушінің ӘҚтК-нің 517-бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылығы Қазақстан Республикасының аумағында 30 күн болғаннан кейін ішкі істер органдарында үш тәулікке дейінгі мерзімде тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болған жағдайда басталады.
Мұндай тәртіп Қазақстан Республикасымен ұқсас халықаралық келісімдері бар елдерден көшіп келушілерге де қолданылады.
Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.05.2019 № 4 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Осы мерзімге жұмыс күні емес уақыт та енгізіледі, алайда, егер мерзімнің соңғы күні жұмыс күні болмаса, мерзімнің аяқталу күні сол күннен кейінгі таяудағы келесi жұмыс күні болып есептеледі (Құқықтық актілер туралы заңның 14-бабының 3-тармағы). Осындай тәртіп ӘҚтК-нің 517-бабында аталған басқа да "үш тәулік" мерзімі үшін де қолданылады.
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.05.2019 № 4 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.05.2019 № 4 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Бұл ретте қайталап жасау сол адамның ӘҚтК-нің 517-бабының алтыншы немесе жетінші бөліктерінің диспозициясында көрсетілген кез келген әрекеттерді тиісінше жасаған кезде құралады. Жаңадан жасалған іс-әрекет адамның бір жыл ішінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған іс-әрекетіне ұқсас болмауы мүмкін. Мысалы, Қазақстанда ішкі істер органдарында тіркелместен осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзімнен астам болғаны үшін ӘҚтК-нің 517-бабының екінші бөлігі бойынша бұрын әкімшілік жауаптылыққа тартылған көшіп келуші кейін оның тіркеуде көрсетілген мекенжайда тұрмауы анықталған немесе визада көрсетілген не көші-қон карточкасында тіркеу кезінде көрсетілген мерзім аяқталған соң үш тәуліктен асатын кезең ішінде шығудан жалтарған жағдайда осы баптың жетінші бөлігіне сәйкес жауаптылыққа тартылуға жатады.
Егер бұрын жасалған құқық бұзушылық үшін адам заңда белгіленген негіздер бойынша әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босатылған болса, құқық бұзушылық қайталап жасалған деп танылмайды.
Декларанттың, кеден өкілінің, уәкілетті экономикалық оператордың кеден декларациясында және кеден мақсаттары үшін қажетті өзге де құжаттарда тауарлар туралы, таңдап алынған кедендiк рәсім, тауарлардың кедендік құны не шыққан елі туралы белгiленген нысанда мәлiмдемеуі немесе кеден төлемдерін, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы өтемдік баждарды төлеуден немесе олардың мөлшерін төмендетуден босату үшін негіз бермейтін өзге де анық емес мәліметтерді мәлiмдеуі, мысалы, декларанттың кеден декларациясында тауардың қате кодын мәлімдеуі оны заңнамада көзделген кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуден босатуға немесе олардың мөлшерін төмендетуіне әкеп соқпаса, осы әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болмайды.
Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.05.2019 № 4 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Егер көлiк құралын басқаратын жүргiзушi жоғарыда көрсетілген құқыққа қайшы әрекеттердің салдарынан материалдық залалмен қатар бірнеше зардап шегушiнің денсаулығына әр түрлі ауырлық дәрежесі бойынша (жеңіл, ауырлығы орташа, ауыр) зиян келтiрсе не қаза түрінде өзге де салдар болса, онда кінәлі адам әкімшілік жауаптылыққа тартылмастан ҚК-нің 345, 346-баптарының тиісті бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартуға тиіс.
Жүргізушінің іс-әрекеттерімен жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтiрумен қатар көлiк құралдарын немесе өзге мүлікті зақымдау түрінде материалдық залал да келтiрілген жағдайда, кінәлі адам ӘҚтК-нің 610-бабының екінші бөлігі бойынша ғана немесе жүргізуші масаң күйде болған кезде ӘҚтК-нің 608-бабының үшінші бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс.
Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.05.2019 № 4 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiлердің, екі субъекті бір мезгілде тікелей аталатын нормаларды (мысалы, ӘҚтК-нің 612-бабының екінші бөлігінде) қоспағанда, көлiк құралын басқару құқығы жоқ жүргiзушiлерге теңестірілуі мүмкін емес. Сондықтан көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару жүргiзушi куәлігінде осы санаттағы көлiк құралдарын басқаруға рұқсаты болмаған кезде ӘҚтК-нің 608-бабының алтыншы бөлігі бойынша емес, жиынтығы бойынша ӘҚтК-нің 608-бабының бірінші бөлігімен және өзге де саралау белгілері болмаған жағдайда ӘҚтК-нің 612-бабының екінші бөлігімен саралануға жатады.
Көлiк құралын басқару құқығынан айыру автомобиль жүргiзушiлерімен қатар тракторлар және өзге де өздігінен жүретін машиналар, трамвайлар, троллейбустар, мотоциклдар және ӘҚтК-нің 590-бабына ескертпеде анықталған тағы басқа механикалық көлік құралдарын басқарушы адамдарға да бірдей қолданылады. Мысалы, жүргiзушi куәлігі бар, бірақ трактор жүргізуге құқығы жоқ адам тракторды алкогольдік масаң күйде басқарған кезде көлік құралын басқару құқығы жоқ адам ретінде қаралуы мүмкін емес және алдыңғы абзацта көрсетілген тәртіппен жауаптылыққа тартылуға тиіс.
Егер жүргiзушi көлiк құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жазаны орындағаннан кейін белгіленген тәртіппен жүргiзушi куәлігін қайта алмаған жағдайда, онда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылықты айқындау мақсатында оған біртектес құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін мұндай құқығы жоқ жүргiзушi ретінде қарау керек. Егер көлiк құралын басқару құқығынан айыру туралы қаулыны орындағаннан кейін жүргiзушi заңда белгіленген тәртіппен қайтадан мұндай құқықты иеленсе, онда ӘҚтК-нің 608-бабының бірінші, екінші және үшінші бөліктері бойынша әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде құқық бұзушылық жасағаны үшін ол ӘҚтК-нің 608-бабының төртінші бөлігі бойынша, ал нақ сол бұзушылықты бір жыл өткеннен кейін жасаған жағдайда – бірінші, екінші және үшінші бөліктері бойынша тиісінше жауаптылыққа тартылады.
Зардап шегушiні шұғыл жағдайда дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету үшін емдеу мекемесіне жеткізу қажеттігіне байланысты жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалу кезінде, бағыттас көлiкпен жүзеге асыру мүмкін болмаса жүргізуші ӘҚтК-нің 611-бабына Ескертпеге сәйкес осы бап бойынша жауаптылықтан босатылады. Бұл ретте мұндай жүргiзушi, зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізгеннен кейін оқиға орнына қайтып келмеуін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларының (бұдан әрі - Жол жүрісі қағидалары) 2-бөлімі 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген жол-көлік оқиғасына байланысты өзге де міндеттерді орындамаған кезде ӘҚтК-нің 611-бабының бірінші бөлігі бойынша да жауаптылықтан босатылады.
Зардап шегушiлер болмаған кезде жүргiзушiлер алдын ала оқиға схемасын жасап және оған қол қоя отырып, болған мән-жайларды бағалауда өзара келісім болған кезде ғана оқиға болған жерден кетіп қала алады (Жол жүрісі қағидаларының 1-бөлімінің 8-тармағы). Бұдан кейін жүргiзушiлер оқиғаны ресімдеу үшін жақын жердегі ішкі істер органдарының бөлімшесіне келуге міндетті. Көрсетілген міндеттерді орындамаған кезде мұндай жүргiзушiлер ӘҚтК-нің 611-бабы бірінші бөлігі бойынша жауаптылыққа тартылады.
Егер жол-көлік оқиғасы кезінде мал мен үй жануарлары шығыны 1.24 "Мал өткізу" туралы ескерту жол белгілері қойылған аумақтардан тыс жерде орын алған болса, жылдамдық режимін немесе Жол жүрісі қағидаларының басқа да ережелерін бұзу болмаған жағдайда көлік құралын жүргізуші ӘҚтК-нің 610-бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды. Мұндай жағдайларда жол-көлік оқиғасының негізгі себебі мал иесінің жануарларды бақылауға қатысты Жол жүрісі қағидаларының 24-бөлімінің 12-тармағының 1) тармақшасы бойынша өзіне жүктелетін міндеттемелерді орындамағандығы болып табылады, бұл мән-жайларға қарай ӘҚтК-нің 615-бабының екінші бөлігі немесе 633-бабының екінші бөлігі бойынша жауаптылыққа алып келеді.
Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.05.2019 № 4 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 31.05.2019 № 4 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 31.05.2019 № 4 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Адам сот салған айыппұлды ӘҚтК-нің 893-бабының бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткеннен кейін немесе ӘҚтК-нің 888-бабында көзделген кейінге қалдыру мерзімі өткен соң төлемеген жағдайда, мұндай адам мәжбүрлеп орындау жөніндегі қаулының болуына қарамастан, ӘҚтК-нің 669-бабы бойынша жауапты болады.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 31.05.2019 № 4 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан РеспубликасыЖоғарғы СотыныңТөрағасы Қ.Мәми Қазақстан РеспубликасыЖоғарғы Сотының судьясы,жалпы отырыс хатшысы Қ.Шаухаров © 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы
Құжатты жүктеп алу
-
№ 7 ҚР ЖС НҚ Соттардың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы
631 рет жүктеп алынды