Тергеуші / анықтаушыға бейнежазбаларды алу туралы өтінішхат
Шымкент қаласы Полиция Департаменті
Тұран аудандық Полиция Басқармасына
Арызданушы: КРА
ЖСН: ....
Шымкент қаласы, ..... үй тұрғыны.
Сенімхат бойынша өкілі:
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі
БСН 201240021767.
Адвокат Саржанов Галымжан Турлыбекович
Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы,
Алмалы ауданы, Абылай Хана даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.
info@zakonpravo.kz www.zakonpravo.kz
тел.: +7 708 971 78 58 / 8 727 971 78 58.
Бейнежазбаларды алу туралы
ӨТІНІШХАТ
2026 жылғы 27 наурызда Қ РА, Шымкент қаласы Тұран аудандық полиция басқармасына Абдушева Шахида Дильмұратовнаның атына қатысты «Жібек жолы» базары аумағында орын алған ұрлық фактілері бойынша арызбен жүгінген болатын.
Аталған арызда көрсетілген мән-жайларға сәйкес, күдікті тұлға тарапынан бөтеннің мүлкін жасырын түрде иемдену әрекеттері жүйелі түрде жасалған. Бұл әрекеттердің орын алу орны – «Жібек жолы» базарының аумағы болып табылады, ал аталған аумақта, оның ішінде №16 және №17 бутиктер маңында, сондай-ақ көршілес сауда нүктелерінде бейнебақылау камералары орнатылғаны белгілі.
Осыған байланысты, ұрлық фактілерінің нақты уақытын, тәсілін, көлемін, сондай-ақ оған қатысы бар тұлғаларды толық және объективті анықтау үшін бейнебақылау жазбалары қылмыстық іс үшін аса маңызды дәлелдемелік мәнге ие.
Сонымен қатар, базар әкімшілігінің мәліметіне сәйкес, бейнежазбалар шектеулі уақыт аралығында ғана сақталады, осыған байланысты олардың жойылып кету қаупі бар, бұл өз кезегінде істің жан-жақты, толық және объективті тергелуіне кедергі келтіруі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 254 бабына сәйкес алу, егер іс үшiн маңызы бар белгiлi бiр нәрселер мен құжаттардың қайда және кiмде екенi анық белгілі болса, оларды, сондай-ақ тәркіленуге жататын мүлікті алып қою мақсатында жүргiзiледi.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 254 бабының талаптарын басшылыққа ала отырып,
СІЗДЕН СҰРАЙМЫН:
· «Жібек жолы» базарының әкімшілігінен, сондай-ақ аталған аумақта орналасқан бейнебақылау жүйелері бар барлық сауда нүктелерінің иелерінен №16 және №17 бутиктер маңындағы ұрлық фактілері орын алған кезеңге қатысты барлық бейнебақылау жазбаларын толық көлемде сұратып алуды;
· Аталған бейнежазбаларды Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 254-бабына және қылмыстық-процестік заң талаптарына сәйкес тәртіппен алу, қарау, бекіту және қылмыстық іс материалдарына дәлелдеме ретінде тіркеуді;
· Бейнежазбалардың жойылып кетуінің алдын алу мақсатында оларды жедел түрде алу және сақталуын қамтамасыз ету шараларын қабылдауды.
Құрметпен,
Сенімхат бойынша өкіл / адвокат: Г.Т. Саржанов
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Бейнежазбаларды алу туралы Өтінішхат
3 рет жүктеп алынды