Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Жалпы жиналыс хаттамасын даулау

Жалпы жиналыс хаттамасын даулау

Жалпы жиналыс хаттамасын даулау

Жалпы жиналыс хаттамасын даулау

    Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (әрі қарай - ЖШС), сондай-ақ, әртүрлі кооперативтердің мүшелерінің жалпы жиналыстарының хаттамалары мен шешімдерін даулау сот тәжірибесінде жиі ұшырасатынын көрсетті.

Жалпы жиналыстардың хаттамаларын/шешімдерін жарамсыз деп тану туралы талап қою көп жағдайда акционерлер мен шаруашылық серіктестіктерінің қатысушыларының құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау құралы ретінде қолданылады.

«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер жөніндегі заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» Нормативтік қаулының 14-тармағына сәйкес серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының хаттамасы қатысушылардың жалпы жиналысын өткізу тәртібінің сақталуы туралы, атап айтқанда, кворумның бар екендігі, дауыс беру нәтижелері және күн тәртібі бойынша қабылданған шешім туралы мәліметтер көрсетілетін құжат болып табылады.

Хаттамада шын мәніндегі мән-жайларға сәйкес келмейтін мәліметтердің көрсетілуі (мысалы, жалпы жиналыста болмаған қатысушы туралы мәліметтер келтіріліп, ол шешімді қолдады не қарсы дауыс берді деп көрсету) жалпы жиналыстың шешімін жарамсыз деп тануға әкеліп соғуы мүмкін.

ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының хаттамасы жалпы жиналыс қабылдаған шешімнен бөлек сот тәртібімен шағым жасалуға жатпайды.

 Алайда, хаттамада шындыққа жанаспайтын және қатысушының құқықтарын бұзуға әкеліп соғатын немесе әкеліп соғуы мүмкін мәліметтер бар деп есептеген ЖШС-ның кез келген қатысушысы хаттама жүргізуге жауапты адамдардың әрекеттеріне Заңның 50-бабында қарастырылған тәртіппен шағымдана алады.

СОТТЫЛЫҚ

Жалпы жиналыс хаттамасын даулау туралы істер Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (әрі қарай - АІЖК) 24- бабының 2-тармағына және 30-бабына сәйкес корпоративтік дауларға жатады және мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарында қаралады.

«Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы №2 нормативтік қаулысының 11 тармағына сәйкес заңды тұлғалар, заңды тұлғаны құрмастан кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар (жеке кәсіпкерлер) араларында туындаған талаптың бағасына қарамастан мүліктік және мүліктік емес даулар жөніндегі, сондай-ақ корпоративтік даулар жөніндегі азаматтық істер, осы бапта көрсетілгендерден басқалары АІЖК-нің 30-бабына сәйкес мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың қарауына жатады.

АІЖК-нің 30-бабында көрсетілген корпоративтік дауларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес коммерциялық ұйымдар, коммерциялық ұйымдардың және (немесе) жеке кәсіпкерлердің қауымдастығы (одағы), өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесі бар коммерциялық емес ұйымдар және (немесе) оның акционерлері (қатысушылар, мүшелері) тараптары болып табылатын даулар жатады (АІЖК-нің 24-бабының 2-бөлігі).

Ондай дауларға, атап айтқанда, акциялармен, қатысу үлестерімен мәміле жасасуға байланысты дауларды, серіктестіктерге қатысушылар, акционерлер арасында осындай серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар қызметінің мәселелері бойынша дауларды жатқызуға болады

ТАЛАП ҚОЮШЫЛАР мен ЖАУАПКЕРЛЕР

Осы санаттағы істер бойынша акционерлік қоғамның акционерінің немесе серіктестіктің қатысушысының мәртебесі бар тұлғалар ғана талап қоюшылар бола алады.

АҚ-ның жалпы жиналысының шешімін/хаттамасын даулаған кезде талап қоюшы сотқа дау болып отырған жалпы жиналыс шешімі қабылданған күнде өзінде коғамның акционерінің мәртебесі бары туралы дәлелдеме ұсынуы тиіс.

«Акционерлік қоғамдар жөніндегі заңнаманы қолдану туралы» Нормативтік қаулының 6-тармағының 2-бөлімінде көрсетілгендей акционердің мәртебесі қоғам акцияларын ұстаушылар тізілімдері жүйесіндегі жеке шоттан жасалған көшірмемен расталады.

Серіктестіктің қатысушыларының мәртебесі, әдетте, құрылтай құжаттарындағы жазбалармен расталады, яғни серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің жарғысы мен құрылтай шартында көрсетіледі. Атап айтқанда, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңның 14-бабының 2- тармағының 2) тармағына және 17-бабының 2-тармағына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартында серіктестік құрылтайшыларының атауы, орналасқан жері, банктік реквизиттері (егер құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөні, тұратын жері мен жеке басын куәландыратын құжат деректері (егер құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетілген серіктестік құрылтайшыларының тізбесі болуға тиіс.

« Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңның 50-бабының 1-бөліміне сәйкес жалпы жиналысты өткізу мен шешімдер қабылдаудың осы Заңмен, серіктестік жарғысымен немесе серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін ережелермен және өзге құжаттармен белгіленген тәртібін бұза отырып қабылданған жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін, сол сияқты жалпы жиналыстың заңға не серіктестік жарғысына қайшы келетін шешімін, соның ішінде серіктестікке қатысушының құқықтарын бұзатын шешімін, дауыс беруге қатыспаған немесе дау туғызған шешімге қарсы дауыс берген серіктестікке қатысушының арызы бойынша сот толық немесе ішінара заңсыз деп тануы мүмкін. Қоғамның серіктестіктің шешімін даулау кезінде шешім қабылдаған органы немесе жиналысқа қатысқан қатысушылары емес, тек қоғамның немесе серіктестіктің өзі ғана тиісті жауапкер бола алады.

              «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 33-бабының 1-тармағына сәйкес АҚ-ның жоғарғы органы оның акционерлерінің жалпы жиналысы болып табылады.

«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңының 41-бабының 1-тармағына сәйкес ЖШС-нің жоғарғы органы болып оның қатысчушыларының жалпы жиналысы болып табылады.

 Азаматтық кодекстің 37-бабының 1-тармағында заңды тұлға заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс iстейтiн өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзiне мiндеттер қабылдайды.

АҚ/ЖШС-нің басқару органының шешімін даулай отыра, талап қоюшылар АҚ/ЖШС-нің өзінің әрекетін даулайды, сөйтіп, қорыту жасалып отырған істер бойынша жауапкерлер ретінде оның акционерлері/қатысушылары емес, АҚ/ЖШС- тердің өздері танылуы тиіс.

Осы негізде АҚ мен ЖШС-тің тиісінше акционерлеріне, қатысшыларына қойылған талап тиісті емес жауапкерлерге қойылғандықтан, қанағаттандырырусыз қалдырылуға жатады деп санаймыз.

Сот актілерін зерделеу соттармен негізінен іске қатысушы тұлғалардың құрамы, соынң ішінде талап қоюшылар мен жауапкерлер, дұрыс анықталатыны белгілі болды. Мысалы, Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен (әрі қарай - МАЭС) 2015 жылғы 04 қыркүйекте «Труд» ЖШС-нің қатысушылары П.В.Волковтың, С.О.Самойленконың және Н.Н.Гайзердің «Труд» ЖШС-іне қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін жарамсыз деп тану жөніндегі талабы туралы азаматтық іс қаралған.

Талап ЖШС-тің қатысушыларының 2015 жылғы 20 сәуірдегі жалпы жиналысының шешімімен талап қоюшылардың шартты жер үлестерін бөліп беру туралы арыздарын жер үлестерін сатуды ұсынып қанағаттандырылмағанына, талап қоюшылардың соңғы жылдары шартты үлестерін алып ЖШС-інен шығуға сәтсіз тырысып жүргендеріне негізделген,себебі, олар шаруа қожалығын құрғысы келеді, арыздары 2014 жылғы желтоқсанда берілсе де, ЖШС-і жалпы жиналысты әдейі 2015 жылғы сәуірде ауылшаруашылығында егіс жұмыстарын жүргізетін кезде өткізді деп санайды.

Сотпен анықталғаны, «Труд» ЖШС-нің қатысушыларының 2015 жылғы 20 сәуірдегі кезектен тыс жалпы жиналысының хаттамасына сәйкес күн тәртібіне 4 мәселе енгізілген, соның ішінде талап қоюшылардың ЖШС-тің қатысушылары құрамынан шығу туралы арыздарын қарау мәселесі де бар. Сонымен қатар, аталған мәселе бойынша кезектен тыс жалпы жиналыста Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 101-бабының 3-тармағының негізінде талап қоюшылардың шартты жер үлестерінің өзін бөліп беру туралы арыздарын қанағаттандырудан бас тартылған, оларға үлестерін ЖШС-тің қатысушыларының біріне Жарғыда көрсетілген бағамен сату ұсынылған.

Сотпен «Труд» ЖШС-інің қатысушыларының 2015 жылғы 20 сәуірдегі кезектен тыс жалпы жиналысының шешімі ЖШС-ің атқарушы органы, жиналысты ұйымдастырып және күн тәртібінде талап қоюшылардың ЖШСің қатысушыларының құрамынан шығу туралы арыздарын қарау туралы мәселені көрсеткенмен, ЖШС-тің қатысушыларын жер үлестерін ЖШС-тің қатысушыларының біріне сатуға міндеттегеніне, яғни іс жүзінде күн тәртібіне енгізілмеген мәселе бойынша шешім алынғанына байланысты жарамсыз деп танылған.

Сот шешімі «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңның 48-бабының 1-тармағының жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі заңмен және құрылтай құжаттарымен белгіленген тәртіпте серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілмеген мәселелр бойынша шешім қабылданған жағдайда, сөзсіз жарамсыз танылуға жататыны туралы нормасына дұрыс негізделген.

ШАҒЫМДАНУ МЕРЗІМДЕРІ

«Акционерлік қоғамдар жөніндегі заңнаманы қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының 7 тармағының 2 және 5 бөлімдеріне сәйкес акционерлік қоғамдар органдарының шешімдеріне дау айту туралы өтініш арызданушының құқықтарының және заңды мүдделерінің бұзылуы туралы оған белгілі болған күннен бастап үш ай ішінде сотқа беріледі.

АК-нің 178-бабына сәйкес акционерлердің өздерінің құқықтарын қорғауы туралы дауларды шешу кезінде талап қоюдың жалпы мерзімі қолданылады.

Ақмола облысының МАЭС-ның 2015 жылғы 12 наурыздағы шешімімен А.Б.Айдарханованың «Культторг» ААҚ-ына, үшінші тұлғалар Т.Н.Мартынова және басқаларға акционерлердің 2012 жылғы 08 желтоқсандағы акционерлердің жалпы жиналысының шешімін, 2014 жылғы 21 тамыздағы акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің шешімін жарамсыз деп тану жөніндегі талабы туралы азаматтық іс бойынша талапты қанағаттандырудан бас тартуына жауапкердің талап қоюшыға осы жиналыста қабылданған шешімдер туралы 2013 ақпан-наурыз айларында талап қоюшының қатысуымен істер қаралған кезде белгілі болғанын, 2013 жылғы 27 маусымда қаралған Т.Н.Мартынованың «Культторг» ААҚына 2000 жылғы 17 шілдедегі акционерлердің жалпы жиналысының хаттамалық шешімін жарамсыз деп тану жөніндегі талабы туралы №2-2810/2013 азаматтық іске хаттаманың көшірмесі тіркелгенін көрсетіп, 2012 жылғы 08 желтоқсандағы акционерлердің жалпы жиналысының шешімін сотқа даулау үшін үш ай мерзімді қолдану туралы арыз бергені негіз болған.

А.Б.Айдарханованың өкілдері қатысқан №2-1081/2013 істің материалдарына дауланып отырған 2012 жылғы 08 желтоқсандағы акционерлердің жалпы жиналысының шешімі тіркелгеніанықталған. Сонымен,талап қоюшының 2012 жылғы 08 желтоқсандағы акционерлердің жалпы жиналысының шешімітуралы білгені және білуге тиіс болғаны нақты анықталған және ол шағымдану мерзімін өткізіп алуының дәлелді себептері туралы дәлелдемелер ұсынбаған.

Алжауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалпы жиналыстарының хаттамалары мен шешімдерін даулау бойынша, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңның 50 бабында көзделгендей, жалпы жиналысты өткізу мен шешімдер қабылдаудың осы Заңмен, серіктестік жарғысымен немесе серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін ережелермен және өзге құжаттармен белгіленген тәртібін бұза отырып қабылданған жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін, сол сияқты жалпы жиналыстың заңға не серіктестік жарғысына қайшы келетін шешімін, соның ішінде серіктестікке қатысушының құқықтарын бұзатын шешімін, дауыс беруге қатыспаған немесе дау туғызған шешімге қарсы дауыс берген серіктестікке қатысушының арызы бойынша сот толық немесе ішінара заңсыз деп тануы мүмкін.

Мұндай арыз серіктестікке қатысушы қабылданған шешім туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап алты ай ішінде, ал егер ол шешім қабылдаған жалпы жиналысқа қатысса, онда жалпы жиналыстың бұл шешімді қабылдаған күнінен бастап алты ай ішінде берілуі мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өзге де органдарының шешімдеріне дау айту осы баптың бірінші бөлігінде көзделген тәртіп пен мерзімдерде жүзеге асырылады. Ал Қазақстан Республикасының «Өндірістік коопертив туралы» 1995 жылғы 05 қазандағы №2486 Заңында өндірістік кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімдерін даулау мерзімі белгіленбеген.

Осы жерде Ақмола облысының МАЭС-мен 2015 жылғы 27 тамызда қаралған келесі істі мысалға келтіруге болады. «Эльбор» өндірістік кооперативінің (әрі қарай - ӨК) мүшесі Абдухаликов С.Я. сотқа В.П.Андреевке, даудың нысанасына дербес талап мәлімдемейтін үшінші тұлға «КазЭльбор» ӨК-іне, сонымен қатар, «Эльбор» ӨК-нің мүшесі Бисултанов Х.Х. сотқа В.П.Андреевке, даудың нысанасына дербес талап мәлімдемейтін үшінші тұлғалар С.Я.Абдухаликовке, «КазЭльбор» ӨК-іне «Эльбор» ӨК-інен Х.Х.Бисултанов пен С.Я.Абдухаликовты шығару туралы 2014 жылғы 21 сәуірдегі жалпы жиналыстың хаттамалық шешімін жарамсыз деп тануды сұрап, талап арыз жазған.

Сотпен анықталғаны, кооператив мүшелерінің пай үлестерінің қайта бөлінуіне байланысты «Эльбор» ӨК-нің мүшелері Андреев В.П. – 40%, Бисултанов Х.Х. – 55%, Абдухаликов С.Я. – 5%болып табылады. 2010 жылғы 10 шілдеде «Эльбор» ӨК-нің мүшелерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтіп, Андреев В.П.«Эльбор»ӨК-нің төрағасы лауазымынан босатылған, «Эльбор», ӨК-нің төрағасы болып Абдухаликов С.Я.сайланған.

Аталған шешім жарамсыз деп танылмаған, күші жойылмаған. Сонымен қатар, «Эльбор» ӨК-нің жалғыз құрылтайшысы В.П.Андреев2012 жылғы 05 сәуірдегі шешімімен 2008 жылғы 16 маусымдағы шешім орындалған деп таныған және В.П.Андреевті «Эльбор» ӨК-нің мүшелігіне қабылдаған. Алайда, жоғарыда аталғандай, Андреев В.П. кооперативтің жалғыз құрылтайшысы емес, кооперативтің мүшелігіне қабылдау В.П.Андреевтің өкілеттігіне кірмейді,себебі, кооперативтің мүшелігіне қабылдау және одан шығару кооперативтің мүшелерінің жалпы жиналысының айрықша құзіретіне кіреді.

«Өндірістік кооператив туралы» Заңның 15 бабының 7 тармағына сәйкес 2014 жылғы 03 наурызда «Эльбор» ӨК-нің мүшесі В.П.Андреевпен «Эльбор» ӨК-нің мүшелерінің жалпы жиналысын шақыру туралы талап мәлімделген, оны талап қоюшы 2014 жылғы 07 наурызда алған. Аталған талап бойынша 2014 жылғы 20 наурызда «Эльбор» ӨК-нің атқарушы органымен 2014 жылғы 26 сәуірге кооператив мүшелерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылданған, шешім жауапкерге 2014 жылғы 26 наурызда жолданған.

«Өндірістік кооператив туралы» Заңның 15 бабының 9, 11, 12 тармақтарына сәйкес егер жалпы жиналысқа кооператив мүшелерiнiң немесе олардың сенiмдi өкiлдерiнiң жартысынан астамы қатысса ол құқылы деп саналады. Жалпы жиналыс шешiмдер қабылдаған кезде кооперативтiң әрбiр мүшесi өз пайының мөлшерiне қарамастан бiр дауысқа ие болады.Егер жалпы жиналыстың шешiмi үшiн жиналысқа қатысқан кооператив мүшелерiнiң немесе олардың сенiм бiлдiрген адамдарының жартысынан астамы дауыс берсе, ол қабылданды деп саналады.

Алайда ӨК мүшесі Андреев В.П. 2014 жылғы 28 наурызда өзінің талаптарыныңорындалмағанына байланысты кооператив мүшелерінің кезектен тыс жалпы жиналысын 2014 жылғы 21 сәуірге тағайындау туралы шешім қабылдған. «Эльбор» ӨК-нің мүшелерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2014 жылғы 21 сәуірдегі хаттамалық шешімімен Бисултанов Х.Х. мен Абдухаликов С.Я. «Эльбор» ӨК-нің мүшелерінің құрамынан шығарылған.

Мұндай жағдайда сот кооперативтің атқарушы органымен оның мүшесінің талабы тиісті түрде орындалғаны, кооператив мүшелерін шығару туралы шешімнің жеке-дара қабылданғаны, «Өндірістік кооператив туралы»

Заңның бұзылғаны туралы негізді қорытындыға келіп, Х.Х.Бисултанов пен С.Я.Абдухаликовтың талабын қанағаттандырған. Жауапкер Андреев В.П. сотта заң ұқсастығы бойынша «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңмен көзделген шешімді даулаудың алты айлық мерзімін қолдануды өтінген.

Алайда сот Азаматтық кодекстің 178-бабының талап қоюдың жалпы мерзiмi үш жыл болып белгiленетіні туралы нормасына сілтеме жасай отыра, заң актілерімен өндірістік кооперативтің жалпы жиналысының шешімін даулау мерзімі көзделмегенін көрсетіп, оның өтінішін қанағаттандырмаған.

Бұл жерде Азаматтық кодекстің 5-бабының мәні бойынша заңдардың ұқсастығына қарай қолдануға заңның олқылықтарын толтырудың ақырғы шарасы ретінде,егер мұндай олқылықты заңды түсіндіру жолымен немесе әдет-ғұрыптармен толтыру мүмкін болмаған жағдайларда ғана,жол берілетінін атап кеткен жөн.

Акционерлердің жалпы жиналыстарының шешімдерін/хаттамаларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысушыларының жалпы жиналыстарының шешімдерін/ хаттамаларын жарамсыз деп танудың негіздері

              Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде акционерлердің жалпы жиналыстарының шешімдерін және ЖШС-тердің қатысушыларының жалпы жиналыстарының шешімдерін жарамсыз деп танудың негіздері көрсетілмеген.

Заңнамада жалпы жиналыстардың хаттамаларын/шешімдерін жарамсыз деп тануға негіз болатын бұзушылықтардың түбегейлі тізбесі жоқ. Осыған сәйкес дауды шешудің нәтижесі соттың істің мән-жайларына қандай баға беретініне байланысты болады. Дегенмен, «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы мен «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңында осындай негіздер көрсетілген кейбір нормалар бар.

Мысалы, жоғарыда аталып кеткендей, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңның 50 бабына сәйкес жалпы жиналысты өткізу мен шешімдер қабылдаудың осы Заңмен, серіктестік жарғысымен немесе серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін ережелермен және өзге құжаттармен белгіленген тәртібін бұза отырып қабылданған жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін, сол сияқты жалпы жиналыстың заңға не серіктестік жарғысына қайшы келетін шешімін, соның ішінде серіктестікке қатысушының құқықтарын бұзатын шешімін, дауыс беруге қатыспаған немесе дау туғызған шешімге қарсы дауыс берген серіктестікке қатысушының арызы бойынша сот толық немесе ішінара заңсыз деп тануы мүмкін.

Мұндай арыз серіктестікке қатысушы қабылданған шешім туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап алты ай ішінде, ал егер ол шешім қабылдаған жалпы жиналысқа қатысса, онда жалпы жиналыстың бұл шешімді қабылдаған күнінен бастап алты ай ішінде берілуі мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өзге де органдарының шешімдеріне дау айту осы баптың бірінші бөлігінде көзделген тәртіп пен мерзімдерде жүзеге асырылады.

Сонымен, акционердің, қатысушының шағымдануға құқығы пайда болуы құрамына акционердің,қатысушының құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылуы кіретін міндетті шарттардың барына тәуелді етілген.

Заңда жазбаша хабарлама берудің нақты тәсілі (түрі) көзделмеген және жалпы жиналысты шақыратын органды (тұлғаны) хабарлама бергенде байланыстың тек бір түрін пайдалануды міндеттемейді.

                 Осы негізде келесі істі мысалға келтіруге болады. «Антал С» ЖШС-і, Аманшаев М.А. сотқа «Актобе нефтепереработка» ЖШС-іне қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін жарамсыз деп тануды және моральдық зиян өтемін өндіруді сұрап, 2014 жылғы 12 ақпанда Ақтөбе қаласы, Сазды селолық округі, 401 учаскедегі мекенжайда орналасқан «Актобе нефтепереработка» ЖШС-інде қайталап кезектен тыс жалпы жиналыс өткенін, оған барлық дауыстың жалпы санынан 36,5% қатысушы қатысқанын, жауапкермен «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңның талаптары бұзылғанын, себебі, «Антал-С» ЖШС-іне алда болатын қатысушылардың жалпы жиналысы туралы хабарланбағанын, ЖШС-тің қадағалаушы кеңесі заңсыз таратылғанын, ЖШС-тің таза табысы заңсыз бөлінгенін, қадағалаушы кеңес мүшесі Б.Д.Бижановтың қатысуға және дауыс беруге құқығы болмағанын, аталған жалпы жиналыста қабылданған шешімдердің заңсыздығын және күші жойылуға жататынын көрсетіп, талап арыз жазған. Ақтөбе облысының МАЭС-ның 2014 жылғы 15 мамырдағы шешімімен «Антал-С» ЖШС-і мен А.М.Аманшаевтың талабы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Ақтөбе облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2014 жылғы 15 тамыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгертілген, талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы бөлігінің күші жойылған, «Актобе нефтепереработка» ЖШС-нің қатысушыларының жалпы жиналысының шешімін жарамсыз деп тану туралы жаңа шешім алынған. Сот шешімі қалған бөлігінде өзгеріссіз қалдырылған

              Ақтөбе облыстық сотының кассациялық сот алқасының 2014 жылғы 07 қазандағы қаулысымен апелляциялық сот алқасының қаулысы өзгеріссіз қалдырылған.

Қадағалау сот алқасы, істі жауапкер «Актобе нефтепереработка» ЖШСнің өтініші бойынша қарап, апелляциялық және кассациялық сот алқаларының қаулыларын өзгертіп, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырған.

Іс материалдарынан анықталғаны, «Актобе нефтепереработка» ЖШСнің 2013 жылғы 18 сәуірдегі құрылтай шартына сәйкес заңды тұлғалар: «Алмаз Итернэшнл Трейдинг Компани» АҚ-ы жарғы капиталының 25%, үлесімен, «Антал-С» ЖШС-і - жарғы капиталының 25% үлесімен және жеке тұлғалар : Аманшаев М.А.- 25%, Кужагалиев А.У.- 5%, Бижанов Б.Д.- 5%, Ерекенова Г.С. - 5%, Каражигитов Н.З.-4%, Каримова Д.А.- 3%, Кужагалиев А.У.-1,5%, Кужагалиев Б.У.- 1,5% үлестерімен оның қатысушылары болып табылады.

«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңның 47 бабының 5 тармағына сәйкес кворум болмаған жағдайда жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы бірінші шақырылған күннен бастап қырық бес күннен кешіктірілмей қайта шақырылады. Жалпы жиналыс қайта шақырылған кезде осы Заңның 46-бабында белгіленген ережелер сақталуға тиіс.

«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңның 46-бабының 1-тармағына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысын шақыратын орган немесе адам (адамдар) жиналысын ашылу күніне дейін он бес күннен кешіктірмей серіктестіктің атқарушы органы жүргізетін қатысушылардың тізбесінде көрсетілген мекен-жайы бойынша серіктестіктің әрбір қатысушысына оның өткізілетіндігі туралы жазбаша хабарлауға міндетті.

Хабарламада жиналыс өтетін уақыт пен орын, сондайақ ұсынылып отырған күн тәртібі көрсетілуге тиіс. Сонымен, аталған Заңның 46-бабының 1-тармағы жазбаша харалама берудің нақты тәсілі (түрі) көзделмеген және жалпы жиналысты шақыратын органды (тұлғаны) хабарлама бергенде байланыстың тек бір түрін пайдалануды міндеттемейді.

 «Актобе нефтепереработка» ЖШС-нің қатысушыларының 2014 жылғы 24 қаңтардағы кезектен тыс жалпы жиналысының №1 хаттамасына сәйкес кворум болмағандықтан серіктестіктің қатысушылары кайталап серіктестің қатысушыларының жалпы жиналысын 2014 жылғы 12 ақпанда сағат 15.00-ге шақыруды, күн тәртібіне :

1) ЖШС-нің басқармасының мүшелерін сайлау туралы;

2) ЖШС-нің қадағалау кеңесін тарату және ЖШС-тің қадағалау кеңесінің мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын қысқарту туралы;

3) 2012 жылғы таза табысты бөлудің мөлшері мен мерзіміні өзгерту туралы;

4) ЖШС-нің жарғылық капиталын өсіру туралы мәселелерді ұсынған.

Осы жалпы жиналысқа «Антал-С» ЖШС-і мен М.А.Аманшаевтың өкілі Ниязмагамбетов М.К. қатысқан. 2014 жылғы 24 қаңтарда ЖШС-тің қатысушылары – «Антал-С» ЖШС-і мен М.А.Аманшаевтың кайталап серіктестің қатысушыларының жалпы жиналысын 2014 жылғы 12 ақпанға сағат 15.00-ге шақырып, өткізу туралы ұсынғаны анық көрсетілген қатысушылардың кезектен тыс жалпы жиналысының №1 хаттамасы жасақталған.

Аталған хаттамаға «Антал-С» ЖШС-і мен М.А.Аманшаевтың өкілі Ниязмагамбетов М.К. қол қойған. 2014 жылғы 27 қаңтардағы жағдайда «antalc@mail.ru», «nur123zhan@mail.ru; NurzhanAmanturlin [AKTOBEREFINERY]

              электрондық мекенжайдың «АнталС» ЖШС-нің өкілі ретінде Н.Ж.Амантурлинге тиесілі екені анықталған. Көрсетілгендер негізінде қадағалау сот алқасы ЖШС-нің атқарушы органының 2014 жылғы 27 қаңтарда жоғарыда көрсетілген электрондық мекенжайлар бойынша «Антал-С» ЖШС-іне 2014 жылғы 12 ақпанда жалпы жиналыс шақырылғаны туралы тікелей мәліметтерді білетін адамға хабарлама жіберілген деп тапқан.

Бұдан басқа, апелляциялық және кассациялық сот алқаларының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңның 42 бабының 3 тармағының 2 бөлігі бұзылғаны туралы уәждері өз дәлелін таппаған. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңның 42-бабының 3-тармағының 2-бөлігіне сәйкес сенімгердің өзі тиісінше серіктестіктің атқарушы органының мүшесі немесе бақылау органының (тексеру комиссиясының) мүшесі болып табылатын жағдайларды қоспағанда, атқарушы орган мүшелерінің және бақылау органдары мүшелерінің жалпы жиналыста серіктестік қатысушыларының өкілдері ретінде әрекет етуге құқығы жоқ. 2014 жылғы 12 ақпандағы тіркеу парағына сәйкес Бижанов Б.Д.ЖШСтің жарғы қорындағы үлесі 5% үлесі бар тікелей қатысушысы –жеке тұлға ретінде және ЖШС-тің қатысушысы - «Алмаз Интернэшнл Трейдинг Компани» АҚ-ның басышысы ретінде өкілі болып тіркеліп, жалпы жиналыстың жұмысына қатыстырылған.

Соттармен аталған жайлар назарға алынбаған және тиісті құқықтық баға берілмеген, «Алмаз Интернэшнл Трейдинг Компани» АҚ-ның заңды тұлға ретінде атқарушы органның мүшесі және қадағалау кеңесінің мүшесі бола алмайтыны ескерілмеген. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңның 51-бабының 4-тармағына сәйкес серіктестіктің атқарушы органының мүшесі ретінде тек жеке тұлға ғана әрекет ете алады.

Ол серіктестікке қатысушы болмауы да мүмкін. Сондықтан алқалардың Б.Д.Бижановтың жалпы жиналыста төрағалық етуге құқығы болмағандығы туралы уәждері негізсіз болып саналады.

              Аталған Заңның 48-бабына сәйкес ЖШС-нтің қатысушыларының жалпы жиналысының шешімдер қабылдау тәртібі қадағалау кеңесінің таратылуы туралы және қадағалау кеңесінің мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын қысқарту туралы шешімнің өзінен өзі міндетті түрде ЖШС-тің жарғысына өзгеріс енгізуге ұшырататыны туралы қандай да бір жағдайлар көзделмеген.

Апелляциялық және кассациялық алқалардың жалпы жиналыстың қадағалау кеңесінің таратылуы туралы және оның мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын қысқарту туралы мәселені қарауының дұрыс еместігі туралы уәждері негізсіз, себебі бұл мәселені қарау серіктестіктің жалпы жиналысының құзіретіне кіреді.

Сөйтіп, апелляциялық және кассациялық инстанция соттарының іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберінің дұрыс анықтап,айқындамауы, заң нормаларын дұрыс қолднбауы бірінші сатыдағы сот шешімінің негізсіз өзгертілуіне әкелген.

              Қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін жарамсыз деп тануға негіздердің біріЖШС-тің қатысушысының жалпы жиналысқа өкілінің қатысуына сенімхатының болмауы болды

              Семигуллин П.А.2015 жылғы 28 сәуірде А.Е.Кулатаев пен Т.П.Усикке «Ключевое» ЖШС-нің 2014 жылғы 07 ақпандағы жалпы жиналысының 233 қатысушының ЖШС-тің құрамынан шығуы және ЖШС-тің жарғылық қорынан тиесілі үлестерінің есебіне жер учаскелерін бөлу туралы шешімін жарамсыз деп танып, күшін жоюды сұрап, өзіне жиналыстың өтетіні туралы тиісті түрде хабарланбағанын, «Ключевое» ЖШС-нің құрамынаншығатыны туралы 2014 жылғы 04 ақпанда арыз жазбағанын және ондай арызға қол қоймағанын, жалпы жиналыстың күн тәртібімен таныспағанын көрсетіп, талап арыз жазған.

Істі талқылау барысында жиналыс туралы хабарлама мен серіктестіктің құрамынан шығу туралы арызға оның анасы қол қойғаны және анасының оған өкілеттігі болмаса да, ұлының атынан жалпы жиналысқа қатысқаны белгілі болды.

Апелляциялық сатыдағы сотпен өзгеріссіз қалдырылған Солтүстік Қазақстан облысының МАЭС-ның 2014 жылғы 25 маусымдағы шешімімен талап қанағаттандырылған.

Сот шешімі мәні бойынша дұрыс болып табылады. Дегенмен, сот шешімінің мәтінінен жауапкерлер – жеке тұлғалар А.Е.Кулатаев пен Т.П.Усиктің ЖШСіне және осы дауға қандай қатысы барын анықтау мүмкін емес; олардың қандай үшінші тұлғалар екені,яғни даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдейтін немесе даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар екені, талап қоюшы жағында ма, жауапкер жағында ма, көрсетілмеген.

 Сонымен қатар, ЖШС-тің өзі де жауапкер емес, үшінші тұлға ретінде өтеді, бұл жай талаптың тиісті емес жауапкерге қойылғаны және сотпен іске қатысушы тұлғалардың құрамының дұрыс анықталмағаны туралы ойлауға негіз болады.

Сонымен бірге, сот шешімінде «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңның42 бабының жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің барлық қатысушыларының жалпы жиналысқа қатысуға, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға және шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге құқығы бар.Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушы жалпы жиналысқа жеке өзі немесе өкілі арқылы қатыса алады.

Серіктестікке қатысушының - жеке тұлғаның өкілі ретінде сенімхат негізінде өзге адамдар әрекет етуге құқылы. Өкілдің жалпы жиналысқа қатысуына жеке тұлғаның берген сенімхаты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) 167-бабының 4-тармағында немесе 5-тармағында көзделген нысанда берілуге, не нотариаттық куәландырылуға тиіс деп көрсетілген нормасына сілтеме жасаған жөн болар еді.

Сот актілерін зерттеу акционерге немесе серіктестіктің қатысушысына жалпы жиналыстың болатыны туралы хабарламау кең таралған бұзушылықтардың бірі екенін көрсетті.

              Мысалы, талап қоюшы«IРCAGR (ИПС АГРИ)» ЖШС-нің қатысушысы Адильбеков А.С. сотқа «IРCAGR (ИПС АГРИ)» ЖШС-іне 2014 жылғы 07 қазандағы ЖШС-тің қатысушыларының жалпы жиналысының шешімі мен хаттамасын жарамсыз деп тануды және моральдықзиянөтемін өндіруді сұрап, талап арыз жазған. Талап мына жайларға негізделген: А.С.Адильбековтің ЖШС-тің жарғылық қорында 20% мөлшерінде үлесі бар, ЖШС-тің екінші қатысушысы 80% мөлшерінде үлеспен «IPConsult (International) ltd» шетелдік компаниясы болып табылады.

Жиналыс заң мен ЖШС-тің жарғысының нормаларын өрескел бұзумен шақырылып,өткізілген. Жиналыста қабылданған шешімдер күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес келмейді. Күн тәртібіне нақты мүліктердің тізімі мен сатылу құны көрсетіліп, ЖШС-тің мүлкін сату мәселелері енгізілген.

Алайда жиналыс хаттамасында дауыс беру қорытындыларымен сол мүліктердің,бірақ құны көрсетілмей, сатылатыны туралы шешім қабылданғаны көрсетілген.

Бас директорды жылжитын мүлікті сату туралы хабарламасы туралы мәселе қойылған, алайда көлікті сату туралы шешім қабылданған. Жиналысты шетелде оның қатысуынсыз өткізіп, ЖШС-і оның жиналысқа қатысу және шешім қабылдау құқықтарын шектеген. Оған мүлікті сатудың мақсаты туралы, ЖШС-тің мүліксіз әрі қарай өзінің қызметін қалай жүргізетіні туралы және басқа мәліметтерді беруден бас тартылған. ЖШС-тің заңды, құқықтары мен мүдделерін үнемі және өрескел бұзуымен талап қоюшыға моральдық зиян келген.

              Анықталғаны, «IРCAGR (ИПС АГРИ)» ЖШС-нің жарғысына сәйкес серіктестіктің қатысушылары болып 80% үлестік қатысумен «IPConsult (International) ltd» компаниясы және 20% үлестік қатысумен Адильбеков А.С. табылады. ЖШС-тің орналасқан жері –Көкшетау қаласы, Горветка көшесі, 1 үй. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңның 46 бабының 1 тармағына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысын шақыратын орган немесе адам (адамдар) жиналысын ашылу күніне дейін он бес күннен кешіктірмей серіктестіктің атқарушы органы жүргізетін қатысушылардың тізбесінде көрсетілген мекен-жайы бойынша серіктестіктің әрбір қатысушысына оның өткізілетіндігі туралы жазбаша хабарлауға міндетті. Хабарламада жиналыс өтетін уақыт пен орын, сондайақ ұсынылып отырған күн тәртібі көрсетілуге тиіс.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысын шақырушы орган немесе адам (адамдар) серіктестікке қатысушының жиналыстың ашылуына дейін он күннен кешіктірмей жіберілген талабы бойынша оған жазбаша түрде және жиналыстың ашылу күніне дейін жеті күннен кешіктірмей күн тәртібінің барлық мәселелері жөніндегі шешімдердің жобаларын, талқылануы күн тәртібіне енгізілген құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ серіктестік жарғысында не серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін құжаттарда көзделген басқа да мәліметтерді жіберуге міндетті. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңның 46 бабының талап еткеніндей, келіп түскен ұсыныстарды қаоау, күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша шешім жобаларын және талқылауы күн тәртібіне енгізілген құжаттардың көшірмелерін, сонымен қатар, серіктестіктің жарғысында немесе серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін құжаттарда көзделген басқа да мәліметтерді жолдау серіктестіктің жалпы жиналысын шақырушы тұлғаның құқығы емес, міндеті болып табылады.

Сонымен бірге анықталғаны,«IРCAGR (ИПС АГРИ)»ЖШС-нің бас директоры Семенова Н.Г. 2014 жылғы 11 қыркүйекте серіктестіктің қатысушылары А.С.Адильбеков пен «IPConsult (International) ltd» компаниясына почта арқылы серіктестіктің қатысушыларының кезекті жалпы жиналысының 2014 жылғы 07 қазанда сағат 11-де Стамбул қаласы, «IPConsult (International) ltd» мекенжайындағы кеңсесінде өтетіні туралы,1. Серіктестіктің 2013 жылғыжылдық қаржылық есебін бекіту. Аудиторлардың ескертпелері бойынша шешім алу; 2.Серіктестіктің Көкшетау қаласындаорналасқан жылжымайтын мүліктері: жер учаскесін, жөндеу зонасы және қоймасымен кеңсе ғимаратын, ангар қоймасын, өту учаскесін, сондай-ақ, ғимарат пен кеден қоймасының қоршалған аумағын төлем жасалынған күндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің курсы 1бойынша теңгемен эквиваленті 1,1 миллион USD бағаға сату; Алматы қаласындағы пәтерлерді төлем жасалынған күндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің курсы бойынша теңгемен эквиваленті 157 993 USD бағаға сату;3.

Бас директордың серіктестіктің жылжитын мүліктерін сату туралы хабарламасы; 4. А.С.Адильбековпен серіктестікке берешегін өтеу туралы күн тәртібін көрсетіп, хабарлама жолдаған. А.С.Адильбеков 2014 жылғы 12 қыркүйекте жалпы жиналысты шақыру туралы хабарламаны алып, бас директормен 2014 жылғы 23 қыркүйекте алынған 2014 жылғы 18 қыркүйектегі жауабында өзінің жиналыстың өтетін орнымен келіспейтінін, серіктестіктің Қазақстан аумағында орналасқанын, барлық қаржылық және басқа құжаттаманың серіктестіктің кеңсесінде екенін көрсетіп, жиналысты ресми тіркелген жері Көкшетау қаласында өткізуді ұсынған, жиналыстың күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша шешімдердің жобаларын, серіктестіктің жылжымайтын және жылжитын мүліктерінің құны анықталып, бағалау өткізілген құжаттарды талап еткен, серіктестіктің қандай мақсатпен мүліктерді сатуға ниет етіп отырғанын, мүліктерсіз серіктестіктің қаңдай жолмен қызметін жүргізейін деп отырғанын, мүліктерді сатудан түскен қаражаттың қайда жұмсалатынын сұраған.

ЖШС-нің қызметінің бизнес жоспарын және өзінің серіктестік алдындағы дебиторлық борышын растайтын барлық құжаттарды сұраған, сондай-ақ, жиналыс ашылғанға дейін жеті күннен кешіктірмей, жауап беруді өтінген. 2014 жылғы 24 қыркүйекте алынған жауабында ЖШС-тің бас директоры Семенова Н.Г. заңмен де, серіктестің жарғысымен де жалпы жиналысты серіктестіктің заңды мекен жайында өткізу туралы міндет көзделмегенін көрсетіп, 2014 жылғы 07 қазандағы сағат 11-ге тағайындалған ЖШС-тің жалпы жиналысының шешімдерінің жобаларын, дебиторлық берешек туралы құжаттарды, аудиторлық компанияның күмәнді мәмілелер туралы хатын жолдаған. Жалпы жиналысты шақырушы органның серіктестіктің қатысушысына беруге міндетті мәліметтеріне жатпайды деген негізбен мүлікті сатудың мақсатытуралы, мүліктерсіз шаруашылық қызметті жүргізу туралы, мүліктерді сатудан түскен қаражаттың жұмсалатыны туралы мәліметтерді, серіктестіктің қызметінің бизнес-жоспарын беруден бас тартылған А.С.Адильбековтің «IРCAGR (ИПС АГРИ)» ЖШС-нің құрылтайшыларының бірі ретінде серіктестіктің істерін басқаруға, жалпы жиналысқа қатысуға, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға, шешім алғанда дауыс беруге, атқарушы органнан өзіне қажет мәліметтерді сұрауға құқығы бар.

Алайда атқарушы орган, алынған шешімді негіздемей, ЖШС-тің қатысушыларының бірінің қарсылығына қарамай, жалпы жиналысты белгілеп, сосын бейтарап аймақта емес, екінші қатысушының кеңсесінде, соңғысына артықшылық беріп, өткізген.

 «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңның 48-бабының 1-тармағына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы осы Заңның 46-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес қатысушыларға хабарланған күн тәртібінің мәселелері бойынша ғана шешім қабылдауға құқылы.

«IРCAGR (ИПС АГРИ)» ЖШС-нің қатысушыларының Стамбул қаласында 2014 жылғы 07 қазанда өткізілген жалпы жиналысының хаттамасына сәйкес күн тәртібі 2014 жылғы 11 қыркүйекте ұсынылған мәселелерге саны бойынша сәйкес келеді. Алайда серіктестіктің кезекті жалпы жиналысында келесі шешімдер қабылданған:

1.Серіктестіктің 2013 жылғы жылдық қаржылық есебін бекіту. А.С.Адильбеков мырзаға сұрақтарға жауап беру және серіктестікке 2014 жылғы 14 сәуірдегі аудиторлардың хатында көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын 2014 жылғы 31 наурызға дейін беру;

  1. Жоғарыда көрсетілген жер учаскелерін, пәтерді және басқа жылжымайтын мүліктерді сату;
  2. Компанияның автотранспортын сатуды серіктестіктің айналым қаражатын алу үшін тиімді және қажетті шара деп санау.
  3. А.С.Адильбековпен серіктестікке берешегін өтеу. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңның 46 бабының 1 тармағына және 48 бабының 1 тармағына сәйкес хабарламада жиналыс өтетін уақыт пен орын, сондай-ақ ұсынылып отырған күн тәртібі көрсетілуге тиіс.Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы осы Заңның 46 бабының 1 және 2 тармақтарына сәйкес қатысушыларға хабарланған күн тәртібінің мәселелері бойынша ғана шешім қабылдауға құқылы.

2014 жылғы 12 қыркүйекте А.С.Адильбековпен алынған күн тәртібінің жобасы мен ЖШС-тің жалпы жиналысының 2014 жылғы 07 қазанда қабылданған шешімін салыстыру кезінде елеулі айырмашылықтар анықталған, атап айтқанда, Көкшетау және Алматы қалаларында орналасқан жер учаскелерін, пәтерді және ғимараттарды сату мәселелері бойынша мүлікті сату бағасы көрсетілмеген; бас директордың жылжитын мүлікті сату туралы хабарламасын тыңдау туралы 3 тармақта көрсетілген мәселенің орнына компанияның автотранспортын сатуды серіктестіктің айналым қаражатын алу үшін тиімді және қажетті шара деп санау туралы, яғни жиналыс өткізгенге дейін компанияның саны 15 дана транспортын жалпы құны 135 000 АҚШ долларына сатудың дұрыстығы туралы шешім қабылданған.

Баяндалғандар нақтысында күн тәртібіне енгізілмеген мәселе бойынша шешім қабылданғанын дәлелдейді.

Серіктестіктер туралы Заңның 50-бабына сәйкес жалпы жиналысты өткізу мен шешімдер қабылдаудың осы Заңмен, серіктестік жарғысымен немесе серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін ережелермен және өзге құжаттармен белгіленген тәртібін бұза отырып қабылданған жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін, сол сияқты жалпы жиналыстың заңға не серіктестік жарғысына қайшы келетін шешімін, соның ішінде серіктестікке қатысушының құқықтарын бұзатын шешімін, дауыс беруге қатыспаған немесе дау туғызған шешімге қарсы дауыс берген серіктестікке қатысушының арызы бойынша сот толық немесе ішінара заңсыз деп тануы мүмкін.

«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер жөніндегі заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» Жоғарғы Соттың 2008 жылғы 10 шілдедегі N 2 нормативтік қаулысының 12 және 13 тармақтарына сәйкес жалпы жиналыс өткізу және шешім қабылдаудың Заңмен, серіктестік жарғысымен немесе серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін ережелермен және өзге құжаттармен белгіленген тәртібі бұзыла отырып қабылданған (мысалы, егер күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау басталғанша жалпы жиналыс кворум жиналғанын көрсетпесе) қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін, сондай-ақ жалпы жиналыстың заңға не жарғыға қайшы шешімін, оның ішінде серіктестікке қатысушының құқығын бұзатын шешімін дауыс беруге қатыспаған немесе дау туғызған шешімге қарсы дауыс берген серіктестікке қатысушының арызы бойынша, сот толық немесе ішінара заңсыз деп тануы мүмкін (Заңның 50-бабы).

Серіктестіктің қатысушысы қабылданған шешім туралы білген немесе білуге тиісті болған күннен кейін алты айдың ішінде, ал егер ол шешім қабылданған жалпы жиналысқа қатысқан болса, шешім қабылданған күннен кейін алты айдың ішінде талап арыз берілуі мүмкін.

Егер:

1) заңға немесе құрылтай құжаттарына сәйкес, басым көпшіліктің болуы не бірауыздан дауыс берілуі (Заңның 48-бабының 2-тармағы) талап етілетін мәселелер бойынша осы тәртіп бұзыла отырып шешім қабылданса;

2) серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының күн тәртібіне заңда және құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен енгізілмеген мәселе бойынша шешім қабылданса (Заңның 48-бабының 1-тармағы), серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының шешімі сөзсіз жарамсыз деп танылуға жатады.

Іс бойынша анықталғаны, атқарушы орган серіктестіктің жиналысын бір қатысушымен басқа мемлекеттің аумағында ұйымдастырып, басқа қатысушының серіктестіктің істерін басқаруға қатысу құқығын елеулі бұзған.

Бас директор, серіктестіктің құрылтайшысына мәліметтерді беруден бас тартып, серіктестікке қатысушының серіктестіккің қызметі туралы мәліметті алу, бухгалтерлік құжаттамамен танысу құқығын өрескел бұзған, күн тәртібінде бір мәселені көрсетіп, басқа мәселені талқылап, күн тәртібіне енгізілмеген мәселе бойынша шешім қабылдаған. Сөйтіп, іс бойынша ЖШС-тің қатысушысының серіктестіктің істерін басқаруға қатысу, мәліметтер алу құқықтарының бұзылуы және күн тәртібіне енгізілмеген мәселе бойынша шешім қабылданғаны анықталған.

 Ақмола облысының МАЭС-ның 2015 жылғы 10 ақпандағы шешімімен «IРCAGR (ИПС АГРИ)» ЖШС-нің қатысушыларының 2014 жылғы 07 қазандағы жалпы жиналысында қабылданған шешімдер мен хаттама жарамсыз деп танылған.

Осы орайда жалпы жиналыстың шешімін жарамсыз деп тану туралы талаптар, егер жол берілген заң немесе жарғыны бұзушылықтармен осы шешімге қарсы дауыс берген немесе акционерлердің жалпы жиналысына қатыса алмаған акционердің құқықтары мен заңды мүдделеріне шек қойылса, барлық жағдайда қанағаттандырылуға жатады.

              Серіктестіктің барлық мүлкі кепілге салынбағандықтан, тиісінше мүліктің бөлігін кепілге беру туралы мәселе серіктестіктің қатысушыларының жалпы жиналысында бірауыздан шешім қабылдануын талап етпейді.

              «Богви-Агро» ЖШС-нің қатысушылары Моисенко Г.А., Шашкин Е.Л., Селенок Г.Г. сотқа «Народный сберегательный банк Казахстана»акционерлік қоғамына (әрі қарай –Банк), «Богви-Агро» ЖШС-іне, «Богви» ЖШС-іне, «Акжар-Нан» ЖШС-іне құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі мен жерді уақытша өтеулі пайдалану құқығына кепілшартын жарамсыз деп тануды сұрап, талап арыз жазған.

Ақмола облысының МАЭС-ның 2014 жылғы 06 мамырдағы шешімімен талап ішінара қанағаттандырылған. «Богви-Агро» ЖШС-нің құрылтайшыларының 2012 жылғы 10 қыркүйектегі жалпы жиналысының шешімінің Ақмола облысы Бұланды ауданы Ергөл селолық округінде орналасқан кадастрлық номерлері 01-009-013-030 жалпы алаңы 260,4 га, 01- 009-013-125 жалпы алаңы 3966,6 га, 01-009-013-126 жалпы алаңы 87,6 га жер учаскелерін уақытша өтеулі пайдалану құқықтарын кепілге беру туралы бөлігі мен Банктің, «Богви-Агро» ЖШС-нің, «Богви» ЖШС-нің және «Акжар-Нан» ЖШС-нің арасында 2012 жылғы 08 қазанда жасалған жерпайдалану құқығын кепілге беру туралы шарт жарамсыз деп танылған.

Талаптың қалған бөлігін қанағаттандырудан бас тартылған. Банктен, «БогвиАгро» ЖШС-нен, «Богви» ЖШС-нен және «Акжар-Нан» ЖШС-нен Моисеенко Г.А., Шашкин Е.Л., Селенок Г.Г. пайдасына мемлекеттік баж төлеуге жұмсалған 2 778 теңге мөлшерінде шығыны өндірілген. Ақмола облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы мен кассациялық сот алқасының қаулыларымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2015 жылғы 07 қазандағы қаулысымен келесі негіздермен төменгі инстанциялардың сот актілерінің күші жойылып, талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылданған.

              Анықталғаны, «Богви-Агро» ЖШС-нің қатысушылары ЖШС-тің қатысушылары құрамына Ақмола облысы Бұланды ауданы Ергөл селолық округінде орналасқан жер учаскелерімен (шартты жер үлестерімен) кірген. Құрылтай құжаттарына сәйкес аталған ЖШС-індегі Г.А.Моисенконың үлесі 0,028 %, Е.Л.Шашкиннің үлесі 0,014 %, Г.Г.Селеноктің үлесі 0,007 % құрайды.

«Богви-Агро» ЖШС-нің 2005 жылғы 24 ақпандағы редакциясындағы Жарғысы бойынша қатысушылардың жалпы саны 603 құрайды. «Богви-Агро» ЖШС-нің қатысушыларының 2012 жылғы 10 қыркүйектегі жалпы жиналысында «Ақжар-Нан» ЖШС-нің Банк алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін «Богви-Агро» ЖШСнің мүлкін, соның ішінде талап қоюшылар даулап отырған жер учаскелерін кепілге беру туралы мәселе қаралған.

«Ақжар-Нан» ЖШС-і 2012 жылғы 02 қазандағы борышты ауыстыру туралы №29-12-01 шарт бойынша өзіне «Богви-Агро» ЖШС-нің Банк алдындағы 1 140 000 000 теңге мөлшеріндегі берешегінің бөлігін өтеу туралы міндеттеме алған. Осыған байланысты Банк пен «Ақжар-Нан» ЖШС-нің арасында 2012 жылғы 02 қазанда №KD 29-12-02 банк займы шарты жасалған, шарт бойынша Банк «Ақжар-нан» ЖШС-іне 1 140 000 000 теңге мөлшерінде 2012 жылғы 02 қазаннан 2015 жылғы 01 қазанға дейінгі мерзімге несие берген.

Банктің,«Богви-Агро» ЖШС-нің, «Богви» ЖШС-нің және «АкжарНан»ЖШС-нің арасында банк займы шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін 2012 жылғы 08 қазанда жер пайдалану құқығын кепілге беру туралы №1161 шарт жасалған, «Богви-Агро» ЖШСнің, соның ішінде талап қоюшылармен дауланып отырған жер учаскелері, Банкке «Богви» ЖШС-і мен «Ақжар-Нан» ЖШС-нің міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге берілген.

Талап қоюшылардың талаптарын қанағаттандыра отыра, жергілікті соттар «Богви-Агро» ЖШС-нің жалпы жиналысы жалпы жиналысты шақыру тәртібін бұзылып өткізілгені, себебі, жалпы жиналыстың серіктестіктің тек бір қатысушысының, 90,725 % үлесі бар В.Г.Богданецтің қатысуымен өткізілгенін, ЖШС-тің қалған қатысушыларына жиналыстың өтетін күні мен уақыты туралы хабарланбағаны туралы тұжырымға келіп,«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңның 46,47,48 баптарына сілтеме жасап, қатысушылардың мүлікті кепілге беру туралы мәселені көтерумен жалпы жиналысының заңнама нормалары бұзылып өткізілгенгеніне байланысты жалпы жиналыстың шешімін жарамсыз деп таныған.

Сонымен қатар, Азаматтық кодекстің 158 бабының 1 тармағының талаптарының негізінде кепіл шартын жарамсыз деп таныған. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңның 43-бабының 2-тармағының 10)-тармақшасына сәйкес серіктестіктің бүкіл мүлкін кепілге беру туралы шешім шығару жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының ерекше құзыретіне жатады.

              «Богви-Агро» ЖШС-нің Жарғысының 5.2.10 тармағына да сәйкес серіктестіктің қатысушыларының жалпы жиналысының ерекше құзіретіне серіктестікітң бүкіл мүлкін кепілге беру туралы бірауыздан қабылданатын шешім шығару жатады. Сондай-ақ, басқа мәселелер бойынша шешім жиналысқа қатысып және өкілдері отырған қатысушылардың жай көпшілік даусымен қабылданады.

«Богви-Агро» ЖШС-нің өзінің бүкіл активінен (жылжитын ж2не жылжымайтын мұліктерінен) Банкке тек 6 851,1 га жер пайдалану құқығын, яғни ЖШС-тің мүлкінің бөлігін кепілге бергені, кепіл заты ЖШС-тің бүкіл мүлкі болмағаны, тиісінше мүліктің бөлігін кепілге беру туралы мәселе серіктестіктің қатысушыларының жалпы жиналысында бірауыздан шешім қабылдануын талап етпейтіні белгілі болды.

Сөйтіп, Банктің талап қоюшылардың жарғылық қорда 0,049 % жиынтық үлесіне ие болғандықтан, жалпы жиналыстың шешімі мен кепіл шартын негізсіз даулайтыны туралы уәждері расталған.

Осы іс бойынша талап қоюшылардың өздерінің дауыс беруімен қабылданған шешімнің нәтижесіне ықпал ете алмайтындарын, алайда қолданыстағы заңнамада соттың істің барлық мән-жайларын ескеріп, егер талап қоюшының дауысы дауыс берудің нәтижесіне ықпал етпейтін болса, дауланып отырған жалпы жиналыс шешімін күшінде қалдыру туралы ереже көзделмегенін атап кеткен жөн.

Хаттамада көрсетілген мәліметтердің нақты жағдайларға сәйкес келмеуі жалпы жиналыс шешімінің жарамсыз деп танылуына себеп болуы мүмкін.

Г.Абдразаков сотқа жауапкер М.Хармысовқа, «Талғар ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жалпы жиналыс хаттамасы мен 25 қаңтар 2014 жылғы жалпы жиналыс шешімін, М.К.Хармысов атынан 25 ақпан 2014 жылы берілген хабарландыруды жарамсыз деп танып күшін жою туралы талап арызымен жүгінген.

Жауапкер М.Хармысов сотқа Г.Абдразаковқа кооператив құжаттарын алдыртуды, 30 сәуір 2013 жылғы № 10 және 25 қыркүйек 2013 жылғы Г.Абдразаковты «Талғар Достық» баубақша серіктестігінің» төрағасы деп сайлау және хаттаманы тіркеу хаттамалардың күшін жою туралы қарсы талап арызымен жүгінді.

Алматы облысының МАЭС-ның 16 тамыз 2014 жылғы шешімімен Г.Абдразаковтың талабы қанағаттандырылудан бас тартылған. М.Хармысовтың қарсы талабы ішінара қанағаттандырылған.

30 сәуір 2013 жылғы № 10 хаттама жарамсыз деп танылып, Талғар ауданының әділет басқармасы мемлекеттік мекемесінде аталған хаттама бойынша басшылықтың ауыстырылғандығы туралы тіркеу жарамсыз деп танылды, талаптың қлған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылды.

Алматы облысының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2014 жылғы 24 қазандағы қаулысымен сот шешімі өзгертілген. М.Хармысовтың талабының қанағаттандырылған бөлігі өзгертіліп, талапты қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім шығарылған.

Г.Абдразаков талабы қанағаттандырылған. Кооперативтің 2014 жылғы 25 қаңтардағы жалпы жиналысының Г.Абдразаковты сайлау туралы шешімі жарамсыз деп танылып, күші жойылған,сонымен қатар, әділет басқармасында тіркелуінің де күші жойылған.

Сот шешімінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.. Алматы облысының кассациялық сот алқасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы қаулысымен апелляциялық сот алқасының қаулысы өзгеріссіз қалдырылған. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау алқасының 14 қазан 2015 жылғы қаулысымен Алматы облыстық сотының апелляциялық және кассациялық сот алқаларының шешімдері өзгертілген.

Алматы облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімін өзгерту туралы бөліктері өзгертіліп, бірінші сатыдағы сот шешімі күшінде қалдырылған,сот актілері төмендегі негіздер бойынша өзгеріссіз қалдырылған.

Қазақстан Республикасының «Тұтыну кооперативі туралы» Заңының 18- бабының 4-бөлігіне сәйкесжалпы жиналысты өткiзу мен осы Заңда, жарғыда және тұтыну кооперативiнiң iшкi қызметiн реттейтiн өзге де құжаттарда қабылданған шешiмдер жүргiзу тәртiбiн бұза отырып қабылданған тұтыну кооперативі жалпы жиналысының шешiмiн, сол сияқты жалпы жиналыстың осы Заңға не жарғыға қайшы келетiн шешiмiн, оның iшiнде тұтыну кооператив мүшелерiнiң құқығын бұзатын шешiмiн тұтыну кооперативi мүшелерiнiң арызы бойынша сот толық немесе iшiнара жарамсыз деп тануы мүмкiн.

Ондай арызды жалпы жиналыс өткiзiлген күннен бастап алты ай iшiнде беруге болады. Іс материалдарымен 2010 жылғы 04 маусымда кооператив құрылып оның жарғысы бекітілгені, Ж.Сагынышева төраға ретінде сайланғандығы және кооперативтің 11 мүшесі тіркелгендігі, сонымен қатар 2010 жылғы 10 маусымдағы №3-01-356 бұйрықпен әділет басқармасы аталған заңды тұлғаны тіркегендігі анықталды.

Жалпы жиналыстың 30 сәуір 2013 жылғы шешімі мен хаттамасына сәйкес төраға ретінде Г.Абдразаков сайланып, аталған өзгерістер әділет басқармасымен тіркеуге алынған. Кооперативтің 25 қаңтар 2014 жылғы шешімі мен хаттамасына сәйкес төраға ретінде М.Хармысов қайта сайланған.

Бірінші сатыдағы сот жалпы жиналыстың шешімі мен хаттамасын жарамсыз деп тани отырып, жиналыс өткізудің тәртібі сақталмағанын, соның ішінде, кворумның болмағанын және қабылданған шешімнің жалғандығын көрсеткен. 2013 жылғы 30 сәуірдегі хаттамадағы үзіндіге сәйкес жиналысқа барлығы 4 адам қатысқан, оның ішінде екеуі - Досов С.Д.пен Абдукаримов С. кооператив мүшелері болып табылмайды. «Тұтыну кооперативі туралы» Заңының 18- бабының 5-бөлігіне сәйкес шақыру мен өткiзу, шешiм қабылдау тәртiбi тұтыну кооперативiнiң жарғысымен белгiленедi. Кооператив жарғысының 7.3. тармағына, 7.4.-тармағының 11 тармағына сәйкес кооперативтің кезектен тыс жиналысы кооператив мүшелерінің жалпы санының 2/3-нің талап етуі бойынша төрағамен шақырылады.

Мүшелікке қабылдау, шығу, алып тастау немесе құқықтарды пайдалануды уақытша тоқтата тұру туралы шешім кооператив мүшелерінің жалпы санының 2/3-нің білікті көпшілік даусымен қабылданады. Жарғының 7.6. тармағының жалпы жиналыс, егер кооператив мүшелерінің тең жартысынан аз емес мүшелері қатысқан жағдайда, шешім қабылдай алады.

Шешімдер ашық дауыс беру арқылы жиналысқа қатысушылардың көпшілік дауыс берген жағдайда қабылданды деп саналады, бірақ дауыс беру жасырын да болуы мүмкін. Аталған ережелер Абдразаковты төраға ретінде сайлау кезінде сақталмаған.

Куәлар Б.Оскепбаев және басқалары жиналыстың болатыны туралы хабарсыз қалған, сонымен қатар хаттамаға қол қоймаған және Г.Н. Абдразаковты білмеген. Іс материалдарында кооператив мүшелеріне Г.Н.Абдразаковтың өзінің төрағалыққа сайланғаны туралы хабрлағаны туралы мәліметтер жоқ. Ж.Сагынышева түсініктемесінен жиналыс мүлдем өткізілмегені және құжаттар мен мөр Г.Н.Абдразаковқа еш жиналыссыз берілгені көрінеді.

Бұдан басқа, жарғының 7.7.тармағы бойынша төрағалыққа тек кооператив мүшелері сайлана алады, ал Абдразаков Г.Н. кооператив мүшесі болмаған. Бірінші сатыдағы сотпен Талғар аудандық әділет басқармасына кооперативтің 25 мүшесімен бірауыздан М.Хармысовты төраға етіп с сайлаған 2014 жылғы 25 қаңтардағы жалпы жиналыс хаттамасының ұсынылғаны шынайы расталған.

Аталған жиналыс жарғының төрағаны қайта сайлау туралы ережелерін сақтай отыра, барлық мүшелерінің қатысуымен өткізілген, мұнда ешқайсысының да құқықтар мен заңмен қорғалатын мүдделеріне нұқсан келтірілмеген.

Сонымен қатар, сот М.Хармысовтың хаттаманы даулаудың «Тұтыну кооперативі туралы» Заңының 18 бабында көзделген алты айлық мерзімін өткізіп алмағанын анықтаған. Сот бұл туралы қорытындысы негізделген.

Істің аталған мән-жайларының жиынтығында Г.Абдразаковтың талаптарын қанағаттандарусыз қалдырып, М.Хармысовтың 2013 жылғы 30 сәуірдегі хаттаманың күшін жою туралы қарсы талабын қанағаттандыра отыра, сот Г.Абдразаковты төрағалыққа сайлауғақатысты еш жиналыстың болмағаны,ал М.Хармысовты сайлау кезінде барлық талаптардың сақталғаны туралы негізді шешкен.

Соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен белгіленген мән-жайлар сот үшін міндетті және сол адамдар қатысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейді.

Оңтүстік-Қазақстан облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2015 жылғы 20 ақпандағы шешімімен О.Лакотенконың жеке нотариус Г.Шеримкуловаға, үшінші тұлғалар «Самал Транзит» ЖШС-нің қатысушысы Н.Балабиевке, «БанкKassaNova» АҚ-на «Самал Транзит» ЖШС-ң қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының 2014 жылғы 01 сәуірдегі хаттамасы мен қабылдаған шешімін жарамсыз деп тану туралы талабын қанағаттандырудан бас тартылған.

«Самал Транзит» ЖШС-ң қатысушысы О.Локатенко талабын келесі жайларға негіздеген: жеке нотариус Г.Шеримкулованың 01 сәуір 2014 жылғы хаттамаға қол қоюшылардың қолдарының түпнұсқалығын куәландыру кезінде нотариалдық әрекетті 28 сәуір 2014 жылы реестрде № 3435 тіркеген, бұл әрекеттерімен ол жиналыстың кворумы туралы, жиналыстың 2014 жылдың 01 сәуірі немесе 28 сәуірінде болғандығы туралы білуі мүмкін емес еді.

Хаттамаға қол қоярда өзінің бұл жиналыста және нотариуста болмағандығын айтып. Бұдан басқа хаттамаға қол қоюшылардың өз қодарымен аты-жөндерін ашып жазылмағандығын көрсеткен. Жеке нотариус сөздермен ашып көрсетпей мастикалықтаңбамен салып, нотариустың куәландыру жазбасында қатысушылардың ататары мен әкелерінің аттары қысқартылып жазылған.

Сонымен қатар хаттамада заңды тұлғаның БСН мен заңды тұлғаның орналасқан жері көрсетілмеген. Бұл кезектен тыс жиналыстың бастамасын бастамағандығын, тіпті оның жиналыстың болатын орны мен уақыты туралы хабарландырылмағандығын айтып, алайда хаттамада жиналысты О.Лакотенконың ашқандағы туралы көрсетілгендігін. Бұдан басқа кворум туралы жиналыстың басында күнтәртібіне енгізілген мәселелерді талқылар алдында да, олар бойынша шешім қабылдар алдында да көрсетілмеген.

Сотта «Самал Транзит» ЖШС-ң қатысушыларының 2014 жылғы 01 сәуірде кезектен тыс жиналысының өткізілгені, хаттамаға қол қоюшылардың қолдарын 2014 жылғы 28 сәуірде жеке нотариус Г.Шеримкулова куәландырғаны анықталған.

Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңының 47-бабының 8-бөлігіне сай жалпы жиналыстың хатшысы жалпы жиналыстың хаттамасын жүргізуге жауап береді. Хаттамаға жалпы жиналыстың төрағалық етушісі және хатшысы қол қояды делінген, яғни мұнда қатысушылардың қолдрының нотариалды куәландырылуы тиіс екендігі туралы айтылмаған.

Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 40-бабының және 79-бабына сәйкес Нотариаттық iс-әрекеттер бұл үшiн барлық қажеттi құжаттар табыс етiлiп, мемлекеттiк нотариус немесе осы Заң арқылы нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлдiк берiлген адамдар нотариаттық iсәрекеттер жасаған жағдайда мемлекеттiк баж төлеген не жекеше нотариустың нотариаттық iс-әрекеттерiне ақы төленген күнi жасалады.

Нотариус мазмұны жағынан заң актiлерiне қайшы келмейтiн және мәмiленi баяндауды бiлдiрмейтiн құжаттағы қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады. Нотариус қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыра отырып, құжатта жазылған фактiлердi куәландырмайды, белгiлi бiр адамның қол қойғанын ғана растайды.

Аталғандардың негізінде соттың нотариус қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыра отырып, құжатта жазылған фактiлердi куәландырмайтынын, қойылған қолдар белгілі бір тұлғаларға тиесілігі, яғни «Самал Транзит» ЖСН қатысушыларына тиесілі екенін растайтынын, бұдан басқа, қолдарды куәландыру мәміле болып табылмайтыны туралы дұрыс тұжырым жасаған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 71-бабының 2-бөлігіне сәйкес соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен белгіленген мән-жайлар сот үшін міндетті және сол адамдар қатысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейді.

Бұдан бұрын Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының 24 қазан 2014 жылғы шешімімен О.Локтенко мен Н.Балабаев «Самал Транзит» ЖШС-ң тең үлестеріменқатысушылары болып табылатыны,сонымен қатар, О.Локтенконың өзі жиналысқа қатысқаны, сот жазу-тану сараптамасының қорытындысына сәйкес О.Локтенконың 2014 жылғы 01 сәуірдегі хаттамаға өзі қол қойғаны, кворум болғаны, жиналысқа қатысушылардың тиісті түрде күн тәртібіне қойған мәселелер боййынша шешім қабылдағаны анықталған.

Сотпен нотариалдық іс-әрекеттердің дұрыс жасалғаны анықталып, бұл бөлігінде сот шешімі негізделген. Бұған басқа, жалпы жиналыстың шешім қабылдағанын күнінен алты айдан астам уақыт өтіп кеткен.

Іс бойынша анқталған мән-жайлар, оның ішнде ЖШС-ң қатысушыларының кезектен тыс жиналысын алдын-ала мақұлдаусыз конференцбайланыс арқылы өткізу, аталған мәселе бойынша қатысушылардың тиісті шешімінің болмауы талап қоюшының құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соқтырған, оны жалпы жиналысқа қатысу мүмкіндігінен айырған.

Атап айтқанда, «Каспиан Траст Групп» ЖШС-ң қатысушысы И. Мухаррем сотқа жауапкер «Каспиан Траст Групп» ЖШС және «MEB» компаниясына қатысушылардың 2015 жылғы 30 сәуірдегі кезектен жалпы жиналысының хаттамасы мен шешімін, қабылданған Жарғыға №4 қосымшасын әділет органдарындағы тіркеудің күшін жою арқылы жарамсыз деп тануды сұрап, өзінің кезектен тыс жиналыстың болатын күні мен орны туралы тиісті түрде хабар алмағанын, өзінің 2015 жылғы 30 сәуірде сағат 09.00-да Түркия мемлекетінде орналасқан кеңсесінде болғанын, алайда өзімен ешкімнің конференцбайланыс арқылы байланысқа шықпағанын, сондықтан жиналыстың нақтысында шақырғанына және өткізілгеніне күмәндануға негіздер барын көрсеткен.

 Сотта «Каспиан Траст Групп» ЖШС-ң директоры В.Е.Мединамова талапты мойындап, атқарушы орган да кезектен тыс жалпы жиналыстың өтетін уақыты мен орны туралы мүлдем хабарланбағанын, жиналыстың өткізілу шаралары онымен ұйымдастырылмағанын, қабылданған шешімнің өзінің де атқарушы орган ретінде құзіреттерін шектейтінін көрсеткен.

Жауапкер «MEB» компаниясының көрсетуіне сәкес, талап қоюшы мен атқарушы орган болатын жиналыстың уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландандырылғын, электрондық почта байланысы арқылы олардың мекен-жайларына болатын жиналыс туралы хабарландыру күн тәртібі мен қаралатын сұрақтардың тізбесімен жіберілген. Жиналыста қабылданған шешім көпшілік дауыспен қабылданған, заңды болып табылады және қолданыстағы заңнамаға қайшы емес.

Сотпен анықталғаны, «Каспиан Траст Групп» ЖШС-ң 2012 жылғы 23 мамырда құрылып, 2014 жылғы 15 желтоқсанда қайта тіркеуден өткізілген, қатысушылар саны 2 - 90% қатысу үлесімен «MEB» компаниясы және 10 % қатысу үлесімен И.Мухаррем болып табылады. Сонымен қатар, 2015 жылғы 30 сәуірдегі кезектен тыс жиналыстың хаттамасында жиналыстың шақыртылуы ЖШС-ң директорының бастамасы екені туралы көрсетілуінің шындыққа сай емесі, нақтысында кезектен тыс жиналыстың өткізуімен басынан «MEB» компаниясының айналысқаны анықталды.

              Бұл тұрғыда сот «MEB» компаниясымен заңмен реттелген атқарушы орган мен қатысушылардың кезектен тыс жалпы жиналысты шақыру кезінде әрекеттерінің кезектілігі сақталмаған санаған. Хабарландыруда «MEB» компаниясы жиналыстың өткізілетін орны туралы көрсетпеген. Хабарламада көрсетілген конференцбайланыстың номерлерінің көрсетілуі Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңының 46-бабының 1-бөлігінің талаптарының сақталғанын расматайды, себебі жауапкермен жиналыстың өткізудің орны емес, тәсілі ғана көрсетілген.

Сотта конференцбайланыс телефонының орналасқан жері туралы сұраққа жауап беру үшін «MEB» компаниясы өкілдеріне қосымша уақыттың қажеттігі туындағандығын ескеріп кеткен жөн. Бұдан басқа, 2015 жылғы 30 сәуірдегі даулы хаттамада оны жасақталған орны ретінде Атырау қаласы көрсетілген, ал бұл жай шындыққа сәйкес емес. «MEB» компаниясы өкілдерінің хаттамада орын алған қате жазу туралы уәждері негізсіз, өйткені істі қарау барысында ол түзетілмеген.

Компания өкілдері сот отырысында кезектен тыс жиналыстың өткізілген орны туралы сауалға жауап бере алмаған.Жиналыстың конфкеренцбайланыс арқылы өткізілуі «MEB» компаниясын жиналыстың өткізілетін орны мен уақыты туралы хабарландыру мен хаттамада көрсету міндетінен босатпайды. «MEB» компаниясымен «Каспиан Траст Групп» ЖШС-ң қатысушыларын тіркеу тәртібінің сақталғаны туралы мәліметтер ұсынылмаған. Мұндай жағдайда жалпы жиналысты дәстүрлі емес әдіспен,яғни конференцбайланыс арқылы өткізу алдын-ала ЖШС-ң барлық қатысушыларымен келісілуі тиіс еді немесе аталған мәселе бойынша заңмен көзделген тәртіпте алдын-ала шешім қабылдануы керек еді.

Сот отырысында өкілдердің түсініктемелерінен анықталғаны, әр тарап бір-бірінің қонырау шалуын күткен. Бұл жай жалпы жиналыс өткізудің қолданылған әдісінің қатысушылар мен атқарушы органмен мақұлданбағандығын растайды.«MEB» компаниясымен сотқа ұсынылған Индже Мухарреммен электрондық хат жазысуға сәйкес соңғысы бірнеше сағат бойына қоңырау күткен, бұл оның кезектен жиналысқа қатысу ниеті болғанын дәлелдейді.

Баяндалған мән-жайлар Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңының 45-бабының 1-3-тармағын, 46-бабының 8-бөлігінің жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың кезектен тыс (төтенше) жалпы жиналысы осы Заңда, серіктестік жарғысында көзделген жағдайларда, сондай-ақ серіктестік мүдделері осындай жиналысты шақыруды талап ететін кез келген өзге де жағдайларда шақырылады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың кезектен тыс жалпы жиналысын серіктестіктің атқарушы органы өз бастамасы бойынша шақырады, ал байқаушы және бақылаушы органдар құрылған жағдайларда - сондай-ақ серіктестіктің байқаушы кеңесінің немесе тексеру комиссиясының (тексерушінің) талап етуі бойынша, не жиынтығында жалпы дауыс санының оннан бірінен астамын иеленетін серіктестікке қатысушылардың бастамасымен шақырылады.

Егер байқаушы кеңестің, тексеру комиссиясының (тексерушінің) немесе серіктестікке қатысушылардың талап етуіне қарамастан атқарушы орган кезектен тыс жалпы жиналысты шақырмаса, оны серіктестіктің байқаушы кеңесі, тексеру комиссиясы (тексеруші) немесе жиынтығында дауыс санының оннан бірінен астамын иеленетін серіктестікке қатысушылар дербес шақыра алады.

Таратылу процесінде тұрған жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың кезектен тыс жалпы жиналысын тарату комиссиясы (таратушы) да шақыруы мүмкін.Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысын шақыратын орган немесе адам (адамдар) жиналысын ашылу күніне дейін он бес күннен кешіктірмей серіктестіктің атқарушы органы жүргізетін қатысушылардың тізбесінде көрсетілген мекен-жайы бойынша серіктестіктің әрбір қатысушысына оның өткізілетіндігі туралы жазбаша хабарлауға міндетті.

              Хабарламада жиналыс өтетін уақыт пен орын, сондай-ақ ұсынылып отырған күн тәртібі көрсетілуге тиіс. Серіктестік қатысушыларға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қосымша хабарлауға құқылы. Жүз және одан да көп қатысушысы бар акционерлiк қоғамнан қайта құрылған жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылардың жалпы жиналысын шақыратын орган немесе тұлға (тұлғалар) оны өткiзу туралы серiктестiкке қатысушыларды жиналыс ашылардан он бес күн бұрын хабардар етуге мiндеттi.

Жүз және одан да көп қатысушысы бар серiктестiкке қатысушылардың жалпы жиналысын өткiзу туралы хабар серiктестiктiң жарғысында көрсетiлген баспасөз басылымында жариялануға тиiс. Қатысушылар саны жүзден аз, қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылардың жалпы жиналысын шақыратын орган немесе тұлға (тұлғалар) жиналыс ашылатын күнге он бес күн қалғанда әрбiр серiктестiкке қатысушыға оның өткiзiлуi жөнiнде серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмiнде көрсетiлген мекен-жай бойынша жазбаша хабарлауға мiндеттi.

«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер жөніндегі заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» Нормативтік қаулының 11-тармағына сәйкес жиналысты шақыру тәртібі бұзылған кезде жалпы жиналыстың шешімі жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Жалпы жиналысты шақыру мен өткізу тәртібін бұзу деп жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің қатысушыларының (қатысушысының) құқығын бұзуға әкеліп соғатын немесе соғуы мүмкін, заңмен бекітілген императивтік нормаларды бұзушылықты, (мысалы, қатысушыларды хабардар ету мерзімін сақтамау, хабарламаларда жалпы жиналыс өткізілетін уақыты мен орны туралы мәліметтердің болмауы (Заңның 46-бабының 1-тармағы), серіктестіктің қатысушысына күн тәртібіне қойылған ұсыныстарды қараудың нәтижелері туралы хабарламау (Заңның 46-бабының 3-тармағы), жалпы жиналысты шақыруға өкілеттігі жоқ тұлғалардың осындай әрекеттерді жасауы және т.с) түсінілуі қажет.. ЖШС-ң жарғысына №4 қосымша кезектен тыс өткізілген 2015 жылғы 30 сәуірдегі шешім негізінде қабылданған.

Баяндалғандар негізінде сотпен талап қоюшының уәждері негізді деп танылған. Атырау облысының МАЭС-ның 2015 жылғы 13 шілдедегі шешімімен «Каспиан Траст Групп» ЖШС-ң қатысушыларының кезектен тыс жиналысының 2015 жылғы 30 сәуірдегі №1-2015 хатамасы бойцынша қабылданған шешімі мен ЖШС-ң жарғысына №4 қосымша жарамсыз деп танылған.

              Серіктестіктердің қатысушыларының араларында туындайтын даулардың барлығы сот тәртібімен қаралуға жатпайды. Сонымен қатар, туындаған даулар қатысушылардың арасында Заңнама мен Жарғының ережелеріне сәйкес шешілуі тиіс.

Мысалы, «GlobalKazTrans» ЖШС-ң қатысушысы А.Зинченко сотқа жауапкерлер «GlobalKazTrans» ЖШС-ң қатысушылары М.Шамсуидиновқа, Г.Мусабаеваға «GlobalKazTrans» ЖШС-ң қатысушыларының 04 маусым 2014 жылғы жиналыста қабылданған көлік құралдырын өткізу туралы №2 мәселе бойынша шешімді, қатысушылармен бекітіліп, күн тәртібіне енгізілген «М.Шамсуидинов және Г.Мусабаевтың көлік құралдарының көбісін №06ТС 08 тамыз 2011 жылғы GlobalKazTrans» ЖШС мен «ТурксибИнвест» ЖШС араларындағы шарттар негізінде өткізуінің себеептері мен жайлары туралы» №4 мәселені күн тәртібінен алып тастау туралы шешімдерін заңсыз және жарамсыз деп тануды сұрап, талап арыз жазған. Талап келесі мән-жайларға негізделген, 2007 жылдың шілде айында талап қоюшы «GlobalKazTrans» ЖШС-ң жарғылық капиталынан үлес сатып алған.

«GlobalKazTrans» ЖШС-і өз есебінде құрлыс техникасына ие болған. 2009 жылдан бері «GlobalKazTrans» ЖШС-і директорымен қаржылық есеп беру және шаруашылық қызмет жүргузу бойынша бірде-бір жалпы жиналыс өткізілмеген. 2008 жылдан бері «GlobalKazTrans» ЖШС-і директоры М.Шамсуидинов, талап қоюшыны қызметтің нашар жүріп ауызша айтып сендіріп жүрген, «GlobalKazTrans» ЖШС-і еш пайда әкелмей жатқандығын. Соттың 19 наурыз 2012 жылғы заңды күшіне еңген шешімімен «GlobalKazTrans» ЖШС-ң атқарушы органың 2009-2011 жылғы өзінің қржылық және есептік құжаттарын ұсынуды міндеттеген.

Бірақ аталған сот шешімі күні бүгінге дейін орындалмаған. Сотпен 2014 жылда осы тектес шешім 2012-13 жылдарды қамтумен шығарылған. «GlobalKazTrans» ЖШС-ң қатысушыларының 04 маусым 2014 жылғы кезектен тыс жиналысы шақыртылған. Шақырудың бастамашысы ретінде Г.Мусабаева болған. Күн тәртібінде бір ғана автокөлік құралдарын өткізі мәселесі болған.

Талап қоюшымен серіктестіктің қызметімен байланысты бекітіліп, қабылданған қосымша ретінде тағы жеті сұрақ қосылған. Атқарушы органның 22 мамыр 2014 жылғы жауабымен талап қоюшымен ұсынылған мәселелердің барлығы күн тәртібіне енгізілгені расталады. Күн тәртібіне өзгерістер енгізу туралы арыз 21 мамыр 2014 жылы атқарушы органмен қабылданған.

Серіктестіктің қатысуышыларының жалпы жиналысы өтіп жатқанда қатысушылар Мусабаева Г.М. и Шамсуидинов М.К. кенеттен, себебін түсіндірмей, күн тәртібінен қарауға алынған мәселені алып тастағанын. Қатысушылар Г.М.Мусабаева пен М.К.Шамсуидиновтің аталған мәселені күн тәртібінен алып тастауға құқығы болмаған, оны жиналысты ашпастан бұрын бас тарту туралы негізді жауап беріп, алып тастау керек еді. 2012 жылғы 25 желтоқсандағы сот шешімімен GlobalKazTrans» ЖШС-і мен «ТурксибИнвест» ЖШС-і арасындағы мәміле жарамсыз деп танылған.

Серіктестіктің транспорт құралдарының басым бөлігін сатуға «GlobalKazTrans» ЖШС-нің қатысушылары Г.М.Мусабаева мен М.К.Шамсуидиновтің 2011 жылғы 08 тамыздағы кезектен тыс жалпы жиналысы негіз болған. Осы уақытқа дейін «GlobalKazTrans» ЖШС-нің атқарушы органымен бөтеннің заңсыз иелігінен мүлікті қайтаруға әрекеттер жаалмаған. Талап қоюшының атқарушы органға бөтеннің заңсыз иелігінен мүлікті қайтару туралы процесті бастау туралы талаптарына мән берілмеген. Даулы транспорт құралдары «GlobalKazTrans» ЖШС-нің меншігінде емес.

Бұдан басқа, сотпен жарамсыз деп танылған мәміле бойынша заңсыз өткізілген траспорт құралдарының басым бөліні Алматы қаласы бойынша ҚХҚ РМК-нің филиаланының арнаулы ХҚК-нің жауабына сәйкес Алматы қаласы бойынша тіркеуде жоқ. Қатысушылар Г.М.Мусабаева мен М.К.Шамсуидиновтің «GlobalKazTrans» ЖШС-іне тиесілі емес транспорт құралдарын өткізу үшін дауыс беруге еш құқықтары мен өкілеттігі жоқ эәне болуы мүмкін емес.

Осындай шешім қабылдаған «GlobalKazTrans» ЖШС-нің қатысушыларының әрекеті қолданыстағы заңнамаға қарама-қайшы, соның нәтижесінде «GlobalKazTrans» ЖШС-ніңЖарғысы мен заңға қарама-қайшы және еш мәнсіз болып табылады. Іс құжаттарын зерттеу кезінде А.В.Зинченконың жарғылық қордың 16% үлесімен «GlobalKazTrans» ЖШС-нің қатысушысы екені анықталған.

«GlobalKazTrans» ЖШС-нің 2014 жылғы 04 маусымда сағат 11.00 де өткізілген кезектен жалпы жиналысының хаттамасына сәйкес күн тәртібінде тоғыз сұрақ бекітілген. Олардан талап қоюшымен жалпы жиналыстың екі шешімі, атап айтқанда, «GlobalKazTrans» ЖШС-нің сату-алушартын жасау жолымен шартқа қол қоюды ЖШС-ке жүктеумен транспорт құралдарын өткізуі туралы мәселе мен «М.Шамсуидинов және Г.Мусабаеваның көлік құралдарының көбісін №06ТС 08 тамыз 2011 жылғы GlobalKazTrans» ЖШС мен «ТурксибИнвест» ЖШС араларындағы шарттар негізінде өткізуінің себеептері мен жайлары туралы» №4 мәселені күн тәртібінен алып тастауы дауланған.

Дауыс берудің қорытындысы бойынша Мусабаева Г.М. – 68% мен Шамсуидинов М.К. – 16%, «иә» деп, Зинченко А.В. –16 %. «қарсы» деп дауыс берген. Алматы қаласының МАЭС-ның 2012 жылғы 19 наурыздағы заңды күшіне енген сырттай шешімімен «GLOBALKAZTRANS» ЖШС-нің атқарушы органы қатысушы А.В.Зинченкоға барлық шаруашылы-қаржылық және бухгалтерлік құжаттарды,салық есептілігін, контрагенттермен жаалған шарттарды, үшінші тараптармен корреспонденцияны (хат жазысу), ЖШС-тің қатысушыларының жалпы жиналыстарының барлық хаттамаларын, танысуға беру, «GLOBALKAZTRANS» ЖШС-інен 2009 жылдан 2010 жылды қосқанда барлық қол қойылған қаржылық құжаттарды сұрату міндеттелген.

Сонымен қатар, Алматы қаласының МАЭС-ның 2012 жылғы 02 шілдедегі заңды күшіне енген сырттай шешімімен «GLOBALKAZTRANS» ЖШС-нің қатысушыларының 2011 жылғы 27 мусымдағы кезектен тыс жалпы жиналысының шешімі жарамсыз деп танылған.

Сонымен қатар, Алматы қаласының МАЭС-ның 2014 жылғы 29 тамыздағы заңды күшіне енген шешімімен «GLOBALKAZTRANS» ЖШС-нің атқарушы органы электронды және қағазды күйде ЖШС-тің қатысушысы А.В.Зинченкоға 2012 жылғы 01 қаңтардан 2013 жылғы 31 желтоқсан аралығында барлық шаруашылы-қаржылық және бухгалтерлік құжаттарды, салық есептілігін, контрагенттермен жасалған шарттарды, үшінші тараптармен корреспонденцияны (хат жазысу), ЖШС-тің қатысушыларының жалпы жиналыстарының барлық хаттамаларын, танысуға беру, «GLOBALKAZTRANS» ЖШС-інен 2012 жылғы 01 қаңтардан 2013 жылғы 31 желтоқсанды қосқандағы мерзімнің барлық қол қойылған қаржылық құжаттарды сұрату міндеттелген.

Алматы қаласының МАЭС-ның 2012 жылғы 25 желтоқсандағы заңды күшіне енген шешімімен А.В.Зинченконың «GlobalKazTrans» ЖШС-і мен «Турксибинвест» ЖШС-іне 2011 жылғы 08 тамыздағы №06-ТС сату-алу шарты бойынша ірі мәмілені жарамсыз деп тану жөніндегі, 2011 жылғы 08 тамыздағы «GlobalKazTrans» ЖШС-нің қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының транспорт құралдарын сату бойынша шешімін, 2011 жылғы 09 тамыздағы транспорт құралдарын есептен шығару туралы бұйрықты, 2011 жылғы 08 тамыздағы «GlobalKazTrans» ЖШС-нің қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының шешімін, 2011 жылғы 09 тамыздағы транспорт құралдарын (арнаулы техниканы) есептен шығару туралы бұйрықты жарамсыз деп тану жөніндегі талаптары толығымен қанағаттандырылған.

АІЖК-нің 71-бабының 2-тармағына сәйкес соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен белгіленген мәнжайлар сот үшін міндетті және сол адамдар қатысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейді. Жоғарыда аталған мәміле сотпен жарамсыз деп танылғандықтан, транспорт құралдары тіпті нақтысында «Турксибинвест» иелігінде және кейбіреулері Алматы қаласы бойынша есепте жоқ болса да, «GlobalKazTrans» ЖШС-нің меншігі болып табылатындықтан, меншік иесінің мүлікті пайдалануға мүмкіндігі болмаса, аталған мүліктің тағдырына иелік етуге құқығы бар деген тұжырымға келген.

Сот серіктестіктің қатысушыларының арасындағы болатын барлық даулардың сот тәртібімен шешуге жатпайтынын, пайда болған даушешуге тиіс екенін көрсеткен. Осы негізде Алматы қаласының МАЭС-ның 2015 жылғы 27 қаңтардағы шешімімен А.В.Зинченконың талабы қанағаттандырусыз қалдырылған. Сонымен, зерттелген сот шешімдеріне қатысты қорытылған істер санаты бойынша сот тәжірибесі тұрақты.

Жасалған талдау акционерлік қоғамдардың акционерлерінің, шаруашылық серіктестіктерінің қатысушыларының, кооператив мүшелерінің жалпы жиналыстарының хаттамаларын/шешімдерін даулауға қатысты істерді қарауда сот тәжірибесі бірқалыпты қалыптасқанын және қазіргі кезде қандай да бір өзгерістерге ұшырамағанын, бұрынғыдай қалғанын көрсетті.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

 

Құжатты жүктеп алу