⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 564-бап. Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша төлемақыны есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі

564-бап. Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша төлемақыны есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

564-бап. Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша төлемақыны есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

       1. Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы сомасы – жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органмен, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану шарттарының негiзiнде есептеледi.

      Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша жыл сайынғы төлемақы сомалары – жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері жасайтын есеп-қисаптарда белгiленедi.

      Жер салығы сомаларының өзгеруіне алып келетін, шарттардың талаптары, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген жер салығын есептеудің тәртiбi өзгерген жағдайларда, уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы сомасының есеп-қисаптарын –жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері қайта қарайды.

      2. Салықтық кезеңде төлеуге жататын уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы мөлшерi осы баптың 1-тармағында көрсетілген есеп-қисаптарда белгіленген төлемақы мөлшерлемелері және салықтық кезеңде жер учаскесiн пайдаланудың нақты мерзімі негізге алына отырып айқындалады.

      Бұл ретте жер учаскесiн пайдаланудың нақты мерзімі салықтық кезеңнің басынан бастап (егер жер учаскесі салықтық кезең басталатын күні бастапқы өтеулі жер пайдалану құқығында болса) немесе жер учаскесіне мұндай құқық туындаған айдың 1-күнінен бастап мұндай құқық тоқтатылған айдың 1-күніне дейін немесе салықтық кезеңнің соңына дейін (егер жер учаскесі салықтық кезең аяқталатын күні осындай құқықта болса) айқындалады.

      3. Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы мөлшерi осы Кодекске сәйкес осындай жер учаскелерi бойынша есептелген жер салығы сомасының мөлшерінен төмен белгiленбейдi.

      Жеке тұлғалар бойынша уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) үшін алынған, осы Кодекстің 528-бабының 2) тармақшасында көрсетілген жер учаскелері бойынша төлемақы мөлшері осы Кодекске сәйкес осындай жер учаскелері бойынша есептелген жеке тұлғалардың мүлік салығы сомасының мөлшерінен төмен белгiленбейдi.

      4. Егер осы баптың 5 және 6-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, төлемақы төлеушiлер ағымдағы жылғы 25 ақпаннан, 25 мамырдан, 25 тамыздан және 25 қарашадан кешiктiрмей тең үлестермен төлемақы сомасын бюджетке төлейдi.

      Мемлекет төлемақы төлеудiң жоғарыда санамаланған мерзiмдерiнің бірінен кейiн жер учаскелерiн уақытша өтеулі жер пайдалануға берген жағдайларда, төлеудің келесi кезектi мерзiмi төлемақыны бюджетке енгiзудiң алғашқы мерзiмi болып табылады.

      5. Жеке тұлғалар өтеулі жер пайдалануға алынған және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын (пайдалануға жатпайтын) жер учаскелері бойынша төлемақы сомасын 25 ақпаннан кешіктірмей төлейді.

      Уақытша өтеулі жер пайдалану шарты осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кейін жасалған жағдайда, жеке тұлғаның осындай шарт жасалған салықтық кезең үшін төлемақы төлеуі осындай шарт жасалған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      6. Уақытша өтеулі жер пайдалану шартының қолданылу мерзімі өткен немесе салықтық кезең аяқталғанға дейін ол бұзылған жағдайда, уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы сомасы шарттың қолданылу мерзімі өткен немесе осындай шарт бұзылған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей сол жылы жер пайдаланудың нақты кезеңі үшін бюджетке төленуге жатады.

      7. Төлемақы сомасы жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша – уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген жер учаскесі бойынша есептелген төлемақы бойынша бюджетке төленеді.

      8. Қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдар жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны осы Кодекстің 79-тарауында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.

      9. Объектілерді салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органмен, ал арнайы экономикалық аймақтың аумағында – жергiлiктi атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен жасалған уақытша өтеулi жер пайдалану шарттары негізінде есептелген төлемақы сомасы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті орган жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша нұсқаманы табыс еткен күннен бастап он есеге ұлғайтылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің және осы баптың 3-тармағының мақсаттары үшін тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау тәртібін жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.

      Осы тармақтың ережелері екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға және оның еншілес компанияларына қолданылмайды.

      10. Мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органмен, ал арнайы экономикалық аймақтың аумағында – жергiлiктi атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен жасалған уақытша өтеулi жер пайдалану шарттары негізінде есептелген төлемақы сомасы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшесі жер пайдаланушыға Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқаманы табыс еткен күннен бастап жиырма есеге ұлғайтылады.

      Осы тармақтың ережелері екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға және оның еншілес компанияларына қолданылмайды.

      11. Осы баптың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген жер учаскелері бойынша мәліметтерді жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті органның салық органдарына ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      12. Осы баптың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген, мәліметтерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшесі ұсынатын жер учаскелері бойынша төлемақыны салық органдары салық төлеушіге есепке жазылған төлемақы сомасы туралы хабарлама жібере отырып, есептелген төлемақы сомасын және жер учаскесінің алаңын негізге ала отырып есептейді.

Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ. 

Осы Кодекс салық салудың негіз құраушы қағидаттарын белгілейді, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, олардың күшін жою, есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Комментарий к статье 372. Уничтожение или повреждение лесной фауны, а также повреждение, засорение леса отходами, химическими веществами и иное нанесение ущерба землям лесного фонда  Кодекса Республики Казахстан Об административных правонарушениях

Комментарий к статье 372. Уничтожение или повреждение лесной фауны, а также повреждение, засорение леса отходами, химическими веществами и иное нанесение ущерба землям лесного...

Толық оқу »

Комментарий к статье 370. Повреждение сенокосов и пастбищных угодий, а также незаконное сенокошение и пастьба скота, сбор лекарственных растений и технического сырья на землях лесного фонда  Кодекса Республики Казахстан Об административных правонарушениях

Комментарий к статье 370. Повреждение сенокосов и пастбищных угодий, а также незаконное сенокошение и пастьба скота, сбор лекарственных растений и технического сырья на землях...

Толық оқу »

Комментарий к статье 366. Незаконные раскорчевка, возведение построек, переработка древесины, устройство складов на землях лесного фонда Кодекса Республики Казахстан Об административных правонарушениях

Комментарий к статье 366. Незаконные раскорчевка, возведение построек, переработка древесины, устройство складов на землях лесного фонда Кодекса Республики Казахстан Об админи...

Толық оқу »

372-бап. Орман фаунасын жою немесе бүлдіру, сондай-ақ орманды қалдықтармен, химиялық заттармен бүлдiру, ластау және орман қорының жерлерiне өзге де залал келтiру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

372-бап. Орман фаунасын жою немесе бүлдіру, сондай-ақ орманды қалдықтармен, химиялық заттармен бүлдiру, ластау және орман қорының жерлерiне өзге де залал келтiру Әкімшілік құқ...

Толық оқу »

158-бап. Мемлекеттiк жер кадастрының мәлiметтерiн беру және кадастр ақпаратын пайдалану Жер кодексі Қазақстан Республикасының

158-бап. Мемлекеттiк жер кадастрының мәлiметтерiн беру және кадастр ақпаратын пайдалану Жер кодексі Қазақстан Республикасының       1. Белгiлi бiр жер учаскесi туралы мемле...

Толық оқу »

342-1-бап. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы бұзушылықтар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

342-1-бап. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы бұзушылықтар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі       Мыналарға:       1) жер учаске...

Толық оқу »

Комментарий к статье 342-1. Нарушение в области ведения государственного земельного кадастра  Кодекса Республики Казахстан Об административных правонарушениях

Комментарий к статье 342-1. Нарушение в области ведения государственного земельного кадастра Кодекса Республики Казахстан Об административных правонарушениях        Нарушение...

Толық оқу »

153-бап. Мемлекеттiк жер кадастрының және оны жүргізуге технологиялық байланысты қызметтің мазмұны Жер кодексі Қазақстан Республикасының

153-бап. Мемлекеттiк жер кадастрының және оны жүргізуге технологиялық байланысты қызметтің мазмұны Жер кодексі Қазақстан Республикасының       1. Мемлекеттiк жер кадастрын ж...

Толық оқу »