Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Жарғысын ратификациялау туралы

Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Жарғысын ратификациялау туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Жарғысын ратификациялау туралы 

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 16 мамырдағы № 66-VІ ҚРЗ. 

       1951 жылғы 31 қазанда Гаагада қабылданған Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Жарғысы ратификациялансын. 

      Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ 

 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ГААГА КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ЖАРҒЫСЫ (1955 жылғы 15 шілдеде күшіне енді) 

      Төменде көрсетілген елдердің: 

      Германия Федеративтік Республикасы, Аустрия, Бельгия, Дания, Испания, Финляндия, Франция, Италия, Жапония, Люксембург, Норвегия, Нидерланды, Португалия, Ұлыбритания Біріккен Корольдігі және Солтүстік Ирландия, Швеция және Швейцария үкіметтері, 

      Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының тұрақты сипатын назарға ала отырып, 

      осы сипатты нығайтуға ниет білдіре отырып, 

      осы мақсатта Конференцияны Жарлықпен қамтамасыз ету жөн деп есептей отырып, 

      төмендегі ережелер туралы келісті: 

 1-бап 

      Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының мақсаты халықаралық жеке құқық нормаларын прогрессивті біріздендіруге ұмтылу болып табылады. 

 2-бап 

      1. Конференцияның бір немесе бірнеше сессияларына бұрын да қатысқан және осы Жарғыны қабылдайтын мемлекеттер Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының мүшелері болып табылады. 

      2. Қатысуы заңды тұрғыдан Конференцияның жұмысы үшін маңызды болып табылатын кез келген мемлекет ұйымның мүшесі бола алады. Жаңа мүше мемлекеттерді қабылдауды қатысушы мемлекеттердің үкіметтері, олардың біреуінің немесе бірнешеуінің ұсынысы бойынша басым дауыспен, осындай ұсыныс үкіметтерге түскен күннен бастап алты айлық кезең ішінде қабылдайды. 

      3. Мүшелікке қабылдау мүдделі мемлекет осы Жарғыны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді. 

 3-бап 

      1. Конференцияға мүше мемлекеттер мүше мемлекеттердің көпшілігі қатысатын жалпы істер және саясат мәселелері жөніндегі отырыста мүше болу туралы Бас хатшыға өтініш берген экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі кез келген өңірлік ұйымды Мүше ретінде қабылдау туралы берілген басым дауыспен шешім қабылдауы мүмкін. Егер өзгеше тікелей көзделмесе, осы Жарғыға сәйкес мүшелерге сілтемелерде осындай мүше ұйымдар қамтылады. Мүшелікке қабылдау экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі мүдделі өңірлік ұйым Жарғыны қабылдаған кезден бастап күшіне енеді. 

      2. Конференцияға мүше болуға өтініш беру құқығына ие болу үшін экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі өңірлік ұйым тек қана егеменді мемлекеттерден тұруға тиіс және шешім қабылдау құқығын қоса алғанда, оның мүше мемлекеттері Конференцияның құзыретіне кіретін, оның мүше мемлекеттеріне бірқатар мәселелер бойынша міндеттемелер жүктейтін мәселелер бойынша оған өкілеттік беруге тиіс. 

      3. Мүше болуға өтініш беретін экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі әрбір өңірлік ұйым, осындай өтініш берген кезде, өзінің мүше мемлекеттері берген өкілеттікке қатысты мәселелерді көрсете отырып, өз құзыреті туралы өтініш беруге тиіс. 

      4. Әрбір мүше ұйым және оған мүше мемлекеттер, мүше ұйымның құзыретіне немесе оның мүшелігіне қатысты кез келген өзгерістердің Бас Хатшыға хабарлануын қамтамасыз етеді, ол мұндай ақпаратты Конференцияның басқа мүшелеріне таратады. 

      5. Ұйымның өкілеттіктерді беру туралы белгілі бір мәлімделмеген немесе хабардар етілмеген мүше мемлекеттеріне қатысты барлық мәселелер бойынша олар құзыретін сақтаған болып есептеледі. 

      6. Конференцияның кез келген мүшесі мүше ұйымнан немесе оған мүше мемлекеттерден Конференция алдында тұрған кез келген нақты мәселеге қатысты мүше ұйымның өкілеттіктері бар ма деген ақпаратты сұрата алады. Мүше ұйым және оған мүше мемлекет мұндай сұрау салу бойынша осындай ақпараттың берілуін қамтамасыз етеді. 

      7. Мүше ұйым Конференцияға мүше болып табылатын өздерінің мүше мемлекеттерімен өзінің тиісті құзыреттілігі салаларында мүшелік құқықтарын баламалы негізде жүзеге асырады. 

      8. Мүше ұйым қаралып отырған мәселе бойынша өкілеттіктерді мүше ұйымға берген, және дауыс беруге құқығы бар және осындай отырыстарға тіркелген өзінің мүше мемлекеттерінің санына тең келетін дауыс санын өз өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша қатысуға құқығы бар Конференцияның кез келген отырысында пайдалана алады. Мүше ұйым өзінің дауыс беру құқығын пайдаланатын барлық кезде оның мүше мемлекеттері оларды жүзеге асырмайды және керісінше. 

      9. "Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі өңірлік ұйым" тек егеменді мемлекеттерден ғана тұратын және шешім қабылдау құқығын қоса алғанда, оған мүше мемлекеттер бірқатар мәселелер бойынша өз өкілеттіктерін берген, осы мәселелерге қатысты оның мүше мемлекеттеріне міндеттемелер жүктейтін халықаралық ұйымды білдіреді. 

 4-бап 

      1. Барлық мүшелерден тұратын жалпы істер және саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - "Кеңес") Конференция жұмысы үшін жауап береді. Кеңес отырыстары негізінен жыл сайын өткізіледі. 

      2. Кеңес мұндай жұмысты қызметін өзі басқаратын Тұрақты бюро арқылы қамтамасыз етеді. 

      3. Кеңес Конференцияның күн тәртібіне енгізілуге тиісті барлық ұсыныстарды қарайды. Ол осындай ұсыныстармен байланысты қабылдануы қажет шараларды айқындауға құқылы. 

      4. Корольдің 1897 жылғы 20 ақпандағы Жарлығымен бекітілген Нидерландтық тұрақты үкіметтік комитет халықаралық жеке құқықты кодификациялауға жәрдемдесу мақсатында конференция мүшелерімен консультациядан кейін дипломатиялық сессиялардың күнін айқындайды. 

      5. Тұрақты үкіметтік комитет мүшелерді шақыру үшін Нидерланды үкіметіне жүгінеді. Тұрақты үкіметтік комитеттің төрағасы Конференция сессияларында төрағалық етеді. 

      6. Конференцияның кезекті сессиялары негізінен төрт жыл сайын өткізіледі. 

      7. Қажет болған жағдайда, Кеңес Тұрақты үкіметтік комитетпен консультациялардан кейін Нидерланды Үкіметінен конференцияның кезектен тыс сессиясын шақыруды сұрай алады. 

      8. Кеңес Тұрақты үкіметтің комитетіне Конференция жұмысына қатысты кез-келген басқа мәселелер бойынша консультация бере алады. 

 5-бап 

      1. Тұрақты бюро өз отырыстарын Гаагада өткізеді. Ол Бас хатшыдан және Тұрақты үкіметтік комитеттің ұсынуы бойынша Нидерланды Үкіметі тағайындайтын төрт хатшыдан тұрады. 

      2. Бас хатшының және хатшылардың тиісті құқықтық білімі және практикалық тәжірибесі болуға тиіс. Оларды тағайындау кезінде географиялық өкілдігінің әралуандылығы мен құқықтық сараптамасы да ескеріледі. 

       3. Кеңеспен консультациядан кейін және 10-бапқа сәйкес хатшылардың саны көбеюі мүмкін. 

 6-бап 

      Тұрақты бюро Кеңестің басшылығымен – 

      1) Гаага конференциясының сессияларын, сондай-ақ Кеңес отырыстары мен кез келген арнайы комиссияларды дайындау және ұйымдастыру; 

      2) Хатшылықтың жоғарыда көзделген сессиялардағы және отырыстардағы жұмысы; 

      3) Хатшылықтың қызметіне кіретін барлық тапсырмалар үшін жауап береді. 

 7-бап 

      1. Конференцияның мүшелері мен Тұрақты бюро арасындағы өзара іс-қимылға жәрдемдесу мақсатында әрбір мүше мемлекеттің үкіметі - ұлттық органды, және әрбір мүше ұйым байланыс жасайтын органды тағайындайды. 

      2. Тұрақты бюро барлық тағайындалған органдармен және құзыретті халықаралық ұйымдармен хат алмаса алады. 

 8-бап 

      1. Кеңес сессияларда және отырыстар арасындағы аралықта конвенция жобаларын дайындау немесе Конференция мақсатына кіретін халықаралық жеке құқықтың барлық мәселелерін зерделеу үшін арнайы комиссиялар құра алады. 

      2. Кеңес және арнайы комиссиялар сессияларда барынша мүмкін дәрежеде консенсус негізінде жұмыс істейді. 

 9-бап 

      1. Конференцияның бюджетте көзделген шығыстары Конференцияға мүше мемлекеттердің арасында бөлінуге тиіс. 

      2. Мүше ұйым өзінің мүше мемлекеттеріне Конференцияның жылдық бюджетіне қосымша ретінде жарна енгізуге міндетті емес, бірақ оның мүшелігінен туындайтын қосымша әкімшілік шығыстарды жабу үшін Конференция мүше ұйыммен консультацияда айқындайтын соманы төлейді. 

      3. Кез келген жағдайда, Кеңестің және арнайы комиссиялар делегаттарының көлікке және тұруына арналған шығыстарын ұсынатын мүшелер төлейді. 

 10-бап 

      1. Конференцияның бюджеті Гаагадағы мүше мемлекеттердің Дипломатиялық өкілдіктерінің кеңесіне бекітуге жыл сайын ұсынылып отырады. 

      2. Бұл өкілдер соңғысының бюджетіне алынатын шығыстарды да мүше мемлекеттер арасында бөледі. 

      3. Дипломатиялық өкілдер осындай мақсаттар үшін Нидерланды Корольдігінің Сыртқы істер министрінің төрағалық етуімен кездесуге тиіс. 

 11-бап 

      1. Конференцияның кезекті және кезектен тыс сессияларын өткізу нәтижесінде келтірілген шығыстарды Нидерланды Үкіметі жабады. 

      2. Кез келген жағдайда, делегаттардың көлікке және тұруына арналған шығыстарын тиісті мүшелер төлейді. 

 12-бап 

      Конференцияны өткізудің әдеттегі практикасы, егер осы Жарғыға немесе Регламентке қайшы келмейтін болса, барлық мәселелер бойынша сақталады. 

 13-бап 

      1. Жарғыға түзетулер жалпы істерге және саясатқа қатысты отырысқа қатысатын мүше мемлекеттердің консенсусы негізінде қабылдануға тиіс. 

      2. Мұндай түзетулер оларды мүше мемлекеттердің үштен екісі өздерінің ішкі мемлекеттік рәсімдеріне сәйкес мақұлдағаннан кейін үш ай өткен соң, бірақ оларды қабылдаған күннен бастап тоғыз айдан кейін ғана барлық мүшелер үшін күшіне енеді. 

       3. 1-тармақта аталған отырыс 2-тармақта көрсетілген уақытша кезеңдерді консенсус арқылы өзгертуі мүмкін. 

 14-бап 

      Осы Жарғының орындалуын қамтамасыз ету үшін оның ережелері Регламентпен толықтырылатын болады. Регламентті Тұрақты бюро белгілейді және бекіту үшін дипломатиялық сессияға, Дипломатиялық өкілдердің кеңесіне немесе Жалпы істер және саясат жөніндегі кеңеске ұсынылады. 

 15-бап 

      1. Осы Жарғы Конференцияның бір немесе бірнеше сессияларына қатысқан мемлекеттердің үкіметтеріне бекітуге беріледі. Ол жетінші сессияға қатысқан мемлекеттердің көпшілігі қабылдаған бойда күшіне енеді. 

       2. Қабылдау туралы өтініш Нидерланды Үкіметіне сақтауға тапсырылады, ол бұл туралы осы баптың 1-тармағында аталған үкіметтерге хабарлайды. 

      3. Нидерланды Үкіметі жаңа мүшені қабылдаған жағдайда барлық мүшелерді жаңа мүшені қабылдау туралы өтініш туралы хабарлауға міндеттенеді. 

 16-бап 

      1. Әрбір қатысушы осы Жарғы күшіне енген күннен бастап бес жыл өткеннен кейін 15-баптың 1-тармағының ережелеріне сәйкес оның күшін жоя алады. 

      2. Күшін жою туралы хабарлама Конференцияның бюджеттік жылының аяқталуына кем дегенде алты ай қалғанда Нидерланды Корольдігінің Сыртқы істер министрлігіне берілуге тиіс және ол көрсетілген жыл аяқталған соң, бірақ тек тиісті хабарлама жасаған мүше мемлекетке қатысты күшіне енеді. 

      Осы Жарғының ағылшын және француз тілдеріндегі мәтіндері 2007 жылғы 1 қаңтардағы түзетулерімен қоса теңтүпнұсқалы болып табылады. 

  

      1955 жылғы 15 шілдеде Гаагада жасалған Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Жарғысы қазақ тіліндегі аудармасы Жарғы мазмұнына сәйкес келетінін куәландырамын. 

      Қазақстан Республикасы 

      Әділет министрлігінің 

      Халықаралық құқық және ынтымақтастық 

      департаменті директорының орынбасары                       С. Нұрмұхамбетов 

      РҚАО-ның ескертпесі!       Бұдан әрі Жарғының ағылшын және француз тілдеріндегі мәтіні берілген.  

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

Комментарий к статье 78. Уставный капитал товарищества с ограниченной ответственностью  Гражданского кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 78. Уставный капитал товарищества с ограниченной ответственностьюГражданского кодекса Республики Казахстан Финансовой основой деятельности ТОО являет...

Толық оқу »

22-бап. Коммерциялық емес ұйымның жарғысы  Коммерциялық емес ұйымдар туралы Заңы

22-бап. Коммерциялық емес ұйымның жарғысы Коммерциялық емес ұйымдар туралы Заңы      1. Коммерциялық емес ұйымның жарғысы:      1) коммерциялық емес ұйымның атауын, соның iшiн...

Толық оқу »

143-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның жарғылық капиталы Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

143-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның жарғылық капиталыМемлекеттік мүлік туралы Заңы      1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның...

Толық оқу »

Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Тоғызыншы қосымша хаттаманы ратификациялау туралы

Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Тоғызыншы қосымша хаттаманы ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 27 наурыздағы № 307-VІ ҚРЗ.      2016 жылғы 6...

Толық оқу »

88-бап. Акционерлiк қоғамның жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

88-бап. Акционерлiк қоғамның жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Акционерлiк қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi және оны қалыптастыру...

Толық оқу »

44-2-бап. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің жарғысы Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

44-2-бап. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің жарғысы Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы       1. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің жарғысында:       мүліктің меншік иел...

Толық оқу »

157-бап. Қазыналық кәсіпорынның жарғылық капиталы Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

157-бап. Қазыналық кәсіпорынның жарғылық капиталыМемлекеттік мүлік туралы Заңы      Қазыналық кәсіпорынның жарғылық капиталы меншік иесінен жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін...

Толық оқу »

Комментарий к статье 74. Уставный капитал коммандитного товарищества Гражданского кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 74. Уставный капитал коммандитного товарищества Гражданского кодекса Республики Казахстан Уставный капитал коммандитного товарищества образуется за с...

Толық оқу »

2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы үшінші хаттаманы ратификациялау туралы

2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы үшінші хаттаманы ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2020 жы...

Толық оқу »

78-бап. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

78-бап. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Жарғылық капиталдың мөлшерiн жауапкершілігі шектеулі серіктестік...

Толық оқу »

46-2-бап. Венчурлік қордың жарғысы Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы Заңы

46-2-бап. Венчурлік қордың жарғысыИнвестициялық және венчурлік қорлар туралы Заңы      Заңды тұлға түрінде құрылатын венчурлік қордың жарғысында Қазақстан Республикасының заңн...

Толық оқу »

28-бап. Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталы. Қатысушылардың сенiм серiктестiгiнiң мүлкiндегi үлесi  Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы

28-бап. Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталы. Қатысушылардың сенiм серiктестiгiнiң мүлкiндегi үлесi Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы       1. Сенiм серiктестiгiнiң...

Толық оқу »

64-бап. Толық серiктестiктiң жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

64-бап. Толық серiктестiктiң жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Толық серiктестiктiң жарғылық капиталының мөлшерiн оның құрылтайшылары айқындайды,...

Толық оқу »

6-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталы  Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы

6-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталы Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы       1. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын оған қатысушылар салымдарыны...

Толық оқу »

16-бап. Банктiң жарғылық және меншiк капиталы Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

16-бап. Банктiң жарғылық және меншiк капиталы Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы  1. Банктің жарғылық капиталы, осы баптың 2-тармағында белгілен...

Толық оқу »

Халықаралық электр байланысы одағының Жарғысы мен Конвенциясына Түзету құжаттарын бекіту туралы

Халықаралық электр байланысы одағының Жарғысы мен Конвенциясына Түзету құжаттарын бекіту туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2002 жылғы 7 наурыз N 300-ІІКиотода 1994 жылғы 14...

Толық оқу »

9-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталы  3 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы және резервтері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы

9-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталы 3 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы және резервтері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ЗаңыҚазақстан Ұлтт...

Толық оқу »

10-бап. Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері  3-тарау. Қоғамның жарғылық капиталы Акционерлік қоғамдар туралы Заңы

10-бап. Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері 3-тарау. Қоғамның жарғылық капиталыАкционерлік қоғамдар туралы Заңы      Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлш...

Толық оқу »

17-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысы Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы Заңы

17-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысыАуыл шаруашылығы кооперативтері туралы Заңы      1. Ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысы оның заңды тұлға ретіндегі құқықтық...

Толық оқу »

Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Сегізінші қосымша хаттаманы      ратификациялау туралы

Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Сегізінші қосымша хаттаманы ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 наурыздағы № 419-IV Заңы      2008 жылғы 12 тамы...

Толық оқу »

17-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы

17-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы       1. Жауапкершілігі шектеулі сер...

Толық оқу »

74-бап. Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

74-бап. Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталы оның қатысушылары салатын салымнан құр...

Толық оқу »

Комментарий к статье 64. Уставный капитал полного товарищества Гражданского кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 64. Уставный капитал полного товарищества Гражданского кодекса Республики Казахстан Размер уставного капитала любого вида товарищества, в том числе и...

Толық оқу »

46-бап. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнiң Жарғысы Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

46-бап. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнiң Жарғысы Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы       1. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнiң Жарғысында Қазақстан Республи...

Толық оқу »

2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы төртінші хаттаманы ратификациялау туралы

2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы төртінші хаттаманы ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2024...

Толық оқу »

13-бап. Толық серiктестiктiң жарғылық капиталы. Қатысушылардың толық серiктестiк мүлкiндегi үлесi Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы

13-бап. Толық серiктестiктiң жарғылық капиталы. Қатысушылардың толық серiктестiк мүлкiндегi үлесi Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы       1. Толық серiктестiктiң қатысуш...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының Жарғысына қосылуы туралы

Қазақстан Республикасының Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының Жарғысына қосылуы туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 31 қазандағы N 182       Қазақстан Респу...

Толық оқу »

Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің (ИРЕНА) Жарғысын ратификациялау туралы

Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің (ИРЕНА) Жарғысын ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының 2013 жылғы 22 наурыздағы № 82-V Заңы      2009 жылғы 26...

Толық оқу »

52-бап. Адвокаттар алқасының жарғысы Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы

52-бап. Адвокаттар алқасының жарғысыАдвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы      1. Адвокаттар алқасының жарғысында:      1) адвокаттар алқасының атауы, қызмет нысанасы...

Толық оқу »

Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Жетінші қосымша хаттаманы ратификациялау туралы

Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Жетінші қосымша хаттаманы ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 392-IV Заңы      2004 жылғы 5 қазанда...

Толық оқу »

Комментарий к статье 88. Уставный капитал акционерного общества Гражданского кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 88. Уставный капитал акционерного общества Гражданского кодекса Республики Казахстан Уставный капитал АО представляет собой сумму номинальных стоимос...

Толық оқу »

10-бап. Акционерлiк инвестициялық қордың жарғысы Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы Заңы

10-бап. Акционерлiк инвестициялық қордың жарғысыИнвестициялық және венчурлік қорлар туралы Заңы       Акционерлiк инвестициялық қордың жарғысында Қазақстан Республикасының заң...

Толық оқу »

2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қараш...

Толық оқу »

Серіктестіктің құрылтайшыларымен (қатысушыларымен) және мүліктік құқықтарымен жарғылық капиталы

Серіктестіктің құрылтайшыларымен (қатысушыларымен) және мүліктік құқықтарымен жарғылық капиталыЖауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын оның құрылтайшылары (қ...

Толық оқу »