⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / Соттардың Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Жалпы бөлігінің нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 12 Нормативтік қаулысы.

Соттардың Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Жалпы бөлігінің нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 12 Нормативтік қаулысы.

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Соттардың Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Жалпы бөлігінің нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 12 Нормативтік қаулысы.

       Сот практикасында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Жалпы ережелерінің және Жалпы бөлігінің кейбір нормаларын біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

  1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына (бұдан әрі – Конституция), халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына негізделетін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінен (бұдан әрі – ӘҚБтК) тұрады, әкімшілік жауаптылықтың шарттары мен негіздерін, әкімшілік жазалардың түрлерін, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібін, оның ішінде осы істердің ведомстволығы мен соттылығын анықтайды.

       Соттар сот төрелігін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен өзге де міндеттемелері Конституцияның 4-бабының 1-тармағына сәйкес оның қолданыстағы құқығының құрамдас бөлігі болып табылатынын негізге алуға тиіс. Істі қарау кезінде сот Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасының нормаларын, егер халықаралық шартпен өзге қағидалар белгіленсе, Қазақстан Республикасы үшін оның міндеттілігін келісу туралы шешім ратификациялау немесе қосылу арқылы қабылданған болса, қолдануға құқылы емес. Мұндай жағдайларда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

       Елдің егемендігі, Конституциямен белгіленген мемлекеттің біртұтастығын және аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысандарын өзгертуге жол берілмейтіні туралы Конституцияның ережелерін бұзатын, сондай-ақ адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандығына нұқсан келтіретін халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешімдері Қазақстан үшін міндетті деп танылуы мүмкін емес ("Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының нормаларын халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешімдерін орындау тәртібіне қатысты қолданыста ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2009 жылғы 5 қарашадағы № 6 нормативтік қаулысының 4-тармағы).

  1. Әкімшілік құқық бұзушылықтан адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi қорғауды және ӘҚБтК-нің 6-бабының бірінші бөлігінде санамаланған басқа да міндеттерді жүзеге асыру, сондай-ақ оларды жасаудың алдын алу үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама әкімшілік жауаптылықтың негіздері мен қағидаттарын белгілейді, оларды бұзу сипаты мен маңыздылығына қарай iс бойынша болған iс жүргізуді жарамсыз деп тануға, осындай iс жүргiзудiң барысында шығарылған шешiмдердiң күшiн жоюға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күшi жоқ деп тануға әкеп соғады.

       ӘҚБтК-нің процестік ережелерінде олқылықтар болған кезде соттар сот төрелігінің қағидаттары және адам мен азаматтың құқықтары туралы конституциялық нормаларды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың қағидаттарын басшылыққа алуға тиіс.

  1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараған кезде ӘҚБтК-нің 10-бабында бекітілген кінәсіздік презумпциясы қағидаты бұлжытпай сақталуға тиіс.

      Кiнәлiлiкке келтiрiлген кез келген күмәндар, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдану кезiнде туындайтын күмәндарды қоса алғанда, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған тұлғаның пайдасына түсiндiрiлуге және шешiлуге тиіс.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.05.2019 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  1. Жаза орындалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңсыз қаулының күші жойылғаннан немесе өзгертілгеннен кейін жаңа жаза тағайындау әкімшілік жауаптылыққа қайта тарту болып табылмайды.
  2. Соттардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу бойынша ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету және соттар мен органдардың (лауазымды адамдардың) мұндай қызметі туралы ақпаратты азаматтар мен ұйымдардың алу құқықтарын іске асыру үшін қажетті жағдайларды жасағаны жөн.

       Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің (Нью-Йорк, 1966 жылғы 16 желтоқсан, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 қарашадағы № 91-ІІІ Заңымен ратификацияланған, Қазақстан Республикасы үшін 2006 жылғы 24 сәуірде күшіне енген) 14-бабының 1-тармағына сәйкес сот талқылауының немесе оның бөлігінің жариялылығын шектеуге "демократиялық қоғамда адамгершiлiк, қоғамдық тәртiп немесе мемлекет қауiпсіздiгiнiң пайымдаулары ескерiлген жағдайда ғана немесе азаматтардың жеке өмiрiнiң мүдделерi талап етсе немесе соттың пiкiрi бойынша, жариялылық әдiл соттың мүдделерiн бұзатын ерекше жағдай тудыратын болса" жол беріледі.

      Істі мемлекеттік құпияларды сақтау мақсатында жабық іс жүргізуде талқылау істің материалдарында мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтер болған жағдайда ғана жүргізіледі. Іске қатысатын адамдардың заңмен қорғалатын құпияны, жеке тұлғалар өмiрiнiң ішкі сырлары туралы мәлiметтердi сақтау қажеттілігі туралы өтінішхаттары да, оларды сот қанағаттандырған жағдайда, жабық іс жүргізуде тақылау үшін негіз болып табылады.

      Істі талқылау жабық іс жүргізуде өткізілетіні туралы отырыстың хаттамасында, егер ол жүргізілетін болса, сондай-ақ іс бойынша қабылданған қаулының кіріспе бөлігінде көрсетіледі.

  1. Ескерту жасау негiзгi әкiмшiлiк жаза ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн (ӘҚБтК-нің 42-бабының бірінші бөлігі) және қандай да бір қосымша жазаларсыз дербес қолданылуға жатады. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болып табылған зат тәркiлене отырып, ескерту немесе айыппұл салу түріндегі немесе қызметті тоқтата тұрумен жаза көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, оларды жасағаны үшін қосымша әкімшілік жаза тек әкімшілік айыппұлмен бірге тағайындалады.
  2. ӘҚБтК-нің 44-бабының бірінші бөлігіне сәйкес қаржы заңнамасының нормаларын бұза отырып сомасының пайызымен айыппұл мөлшерін айқындау кезінде, мұндай операция шетел валютасымен жүргiзiлсе, айыппұл сомасын теңгемен қайта есептеу әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген ресми бағам бойынша жүзеге асырылады. 2015 жылға дейін жасалған аталған құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде ӘҚБтК-нің 48-бабының бірінші бөлігіне (2001 жылғы редакциядағы) сәйкес айыппұлды есептеу үшін жаза қолдану кезіндегі ресми бағам пайдаланылғанын ескеру қажет.

       ӘҚБтК-нің 44-бабының екінші бөлігінде жеке, лауазымды және өзге де тұлғаларға салынатын айыппұлдардың шекті мөлшерлері көзделген. ӘҚБтК-нің 58-бабының екінші бөлігіне қатысты айыппұлдың үш еселік ең жоғары шегі деп ӘҚБтК-нің 44-бабының екінші бөлігінде белгіленген үш еселік шек түсініледі.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.05.2019 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  1. Судья лицензияда, арнаулы рұқсатта, бiлiктiлiк аттестатында (куәлiкте) көзделген қызметтi жүзеге асырған не әрекеттердi жасаған кезде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкімшілік жаза түрінде белгiлi бiр қызмет түрiне рұқсаттан айыруды не белгiлi бiр әрекеттерді жасауды қолданады.

      Лицензияда, арнаулы рұқсатта, бiлiктiлiк аттестатында (куәлiкте) белгіленген қызмет түрiмен байланысты емес құқық бұзушылықты жасағаны үшiн белгілі бір қызмет түріне лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыруға жол берілмейді.

       Егер тұлға лицензияланатын қызмет түрін мұндай қызметке қойылатын талаптарды бұзып жүзеге асырғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылса, онда сот аталған қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы шешім қабылдауға құқылы. Егер тұлға лицензияланатын қызмет түрін тиісті лицензиясыз жүзеге асырғаны үшін не өзге де арнаулы рұқсатты талап ететін қызметті осындай арнаулы рұқсатсыз жүзеге асырғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылса, онда сот ӘҚБтК-нің Ерекше бөлігі бабының санкциясында көрсетілген мерзімге осындай қызметке тыйым салу түрінде қосымша әкімшілік жаза тағайындауға құқылы. Соттың мұндай шешімі тұлғаға тыйым салу мерзімі кезеңінде тиісті лицензия немесе өзге де арнаулы рұқсат алуға мүмкіндік бермейді.

  1. Нақты жеке немесе заңды тұлғаға берілген арнайы құқықтан айыру не рұқсаттан айыру немесе оның қолданысын тоқтата тұру мерзімдері ӘҚБтК-нің Ерекше бөлігінің көптеген баптарының санкциясында айлармен немесе жылдармен көрсетілген, бірақ ӘҚБтК-нің 60-бабына сәйкес күнтізбелік күндермен де есептелуі мүмкін.
  2. Дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру не оған тыйым салу әкімшілік жазаның негізгі, сол сияқты қосымша шаралары (ӘҚБтК-нің 42-бабының екінші бөлігі) ретінде қолданылуы мүмкін.

      Әкімшілік жаза ретінде қызметті тоқтата тұру бұзушылықты жою үшін сот белгілеген мерзімде қажетті әрекеттерді (іс-шараларды) жүргізу арқылы ол жойылатын кезде қолданылады. Бұзушылық белгіленген мерзімде жойылмаған немесе оны жою мүмкін болмаған жағдайларда қызметке тыйым салу қолданылады.

       Пайдаланылуы заңнама нормалары бұзылып жүзеге асырылатын объектілерді (агрегаттарды, ғимараттар мен құрылыстарды) ғана пайдалану уақытша тоқтатылуы не оған тыйым салынуы тиіс. Мұндай тоқтата тұруға немесе тыйым салуға жасағаны үшін көрсетілген жаза түрінде әкімшілік жауаптылық филиалдарының, өкілеттіліктерінің, құрылымдық бөлімшелерінің, өндірістік учаскелердің ғана қызметі жатады (ӘҚБтК-нің 48-бабының бірінші бөлігі).

       Дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұрудың нақты мерзімін көрсету міндетті болып табылады және ол үш айдан аспауға тиіс (ӘҚБтК-нің 48-бабының үшінші бөлігі).

       ӘҚБтК-нің Ерекше бөлігі бабының санкциясы жазаның аталған шарасын көздеген жағдайларда, сот істі әкімшілік іс жүргізу тәртібімен он тәулік ішінде қарауға тиіс.

       Егер ӘҚБтК-нің Ерекше бөлігінің санкциясы жазаның көрсетілген шарасын көздемесе, уәкілетті орган (лауазымды адам) тиісті өкілеттіктері болған жағдайда азаматтық іс жүргізу тәртібімен тиісті талап қою арқылы сотқа жүгінуге құқылы.

       Стратегиялық объектілерді (әскери бөлім, халықаралық әуежай және басқалар) қоса алғанда, азаматтық қорғаныс бойынша аса маңызды және санаттандырылған ұйымдарға ("Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V Заңының 20-бабының 3-тармағы), егер мұндай ұйымның жұмыс істеуінің бұзылуы ұлттық қауіпсіздікке қатер, төтенше жағдайлардың туындау қауіпін төндірсе немесе едәуір әлеуметтік-экономикалық салдарларға алып келсе, қызметті тоқтата тұру қолданылмайды.

  1. Дербес салық төлеуші болып табылмайтын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің құқыққа қарсы іс-әрекетті жасауы, егер бұрын ӘҚБтК-нің 61-бабында көзделген мерзімнің ішінде заңды тұлға өзінің басқа құрылымдық бөлімшесімен аталған құқыққа қарсы іс-әрекетті жасағаны үшін жауаптылыққа тартылса, қайталанды деп есептеген жөн.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.05.2019 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  1. ӘҚБтК-нің 50-бабына сәйкес әкімшілік қамаққа алуды судья айрықша жағдайларда ӘҚБтК-нің Ерекше бөлігінде көзделген шектерде тағайындайды. Жасағаны үшін әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза көзделетін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараған кезде судьялардың әкімшілік қамаққа алуды қолдануды болдырмайтын ӘҚБтК-нің 32 және 50-баптарының екінші бөліктерінде көзделген мән-жайлардың болғанын немесе болмағанын мұқият анықтағаны жөн.
  2. Бiр әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн бiр негiзгi не негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкiн (ӘҚБтК-нің 55-бабының алтыншы бөлігі).

       Егер ӘҚБтК-нің Ерекше бөлiгі бабының санкциясымен қосымша жаза (мысалы, шығарып жіберу немесе көлік құралдарын басқару құқығынан айыру) таға отырып қамаққа алу көзделсе, онда соттардың ӘҚБтК-нің 50-бабына сілтеме жасай отырып, әкімшілік қамақ қолданылуы мүмкін емес адамдарды қамаққа алу түріндегі жазадан босатқаны және ӘҚБтК-нің Ерекше бөлiгі бабының санкциясымен көзделген екінші жазаны, егер ӘҚБтК-нің 42-бабының екінші бөлігімен негізгі әкімшілік жаза ретінде көрсетілген жазаны қолдануға жол берілсе, тағайындағаны жөн.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.05.2019 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкімшілік жаза осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшін ӘҚБтК-нің Ерекше бөлiгiнiң бабында көзделген шекте ӘҚБтК-нің ережелерiне дәл сәйкестiкте қолданылады (ӘҚБтК-нің 55-бабының бірінші бөлігі). ӘҚБтК-нің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген санкцияның ең төменгі шегінен төмендетіп жаза қолдануға жол берілмейді. Сот ӘҚБтК-нің 829-11-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлардың анықталғанын ескере отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамға қатысты салынған және ӘҚБтК-нің 44-бабы бірінші бөлігінің бірінші абзацына сәйкес есептелетін әкімшілік айыппұлдың мөлшерін, бірақ айыппұлдың жалпы сомасының отыз пайызынан асырмай қысқартуға құқылы (ӘҚБтК-нің 829-11-бабының екінші бөлігі).

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.05.2019 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

       14-1. Акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізуді не Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі КК) 24-бабының 4-тармағында көрсетілген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға әкімшілік жазаны қолдану кезінде соттар кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы уәкілетті органның мәліметтерін бағалау барысында бұл норманың мұндай адамдарды шағын кәсіпкерлік және микрокәсіпкерлік субъектілері деп тануға тыйым салатынын ескеруі тиіс.

       Коммерциялық емес ұйымдарға әкімшілік жазаны қолдану кезінде кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы уәкілетті органның мәліметтері КК-нің 23-бабына сәйкес ескерілмейді.

      Ескерту. Нормативтік қаулы 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.05.2019 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  1. Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданудың ескіру мерзімі ӘҚБтК-нің 62-бабының екінші бөлігінде көзделген. ӘҚБтК-нің 62-бабының үшінші бөлігіне сәйкес мұндай құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазаны қолданудың ескіру мерзімін есептеуге жол берілмейді.
  2. ӘҚБтК-нің 62-бабының бесінші бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазаны қолдану мерзімінің өтуі iстi сотқа немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген мемлекеттiк органның лауазымды адамына жiберген кезден бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ереже әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау үшін ведомстволығы бойынша басқа мемлекеттік органға берілмейтін жағдайларға да қатысты. Ескіру мерзімін тоқтата тұрудың басталғаны істің сотқа немесе лауазымды адамға мәні бойынша қарауға іс жүзінде жіберілген күнінен айқындалады (поштаға тапсыру, курьердің алған күні, тиісті хат-хабарды тізілімде тіркеу күні және тағы басқалары).

      Іс жүргізуінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бар орган сараптаманы тағайындаған кезде әкімшілік жазаны қолдану мерзімінің өтуі сараптаманың нақты тағайындалған күнінен тоқтатыла тұрады. Сот сараптаманы тағайындау немесе өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамды күштеп әкелу туралы ұйғарымды шығарған кезде сот ісін жүргізу мерзімінің өтуін тоқтата тұрады.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.05.2019 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  1. ӘҚБтК-нің 62-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес бұзушының әрекеттерiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi болып, қылмыстық iс тоқтатылған жағдайда, тұлға оны тоқтату туралы шешiм келіп түскен күннен бастап үш айдан кешiктiрмей әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Әкімшілік жазаны қолданудың аталған мерзімі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғауға уәкілеттік берілген мемлекеттік органға қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы түскен күнінен бастап есептеледі.

       Әкімшілік құқық бұзушылық қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал еткен және ол туралы қылмыстық істі қарау барысында белгілі болған жағдайларда, қылмыстық істі қарайтын сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 405-бабының бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен, егер әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезден бастап бір жылдан аспайтын уақыт өткен болса, әкімшілік жазаны қолдануға құқылы.

  1. Әкімшілік жауаптылыққа тартудың ескіру мерзiмiнiң өтуiне байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтатқан кезде (ӘҚБтК-нің 741-бабы бірінші бөлігінің 5) тармақшасы) соттарға ӘҚБтК-нің 822-бабының бірінші бөлігінің 6) тармақшасына сәйкес қаулыда істі қарау кезінде анықталған барлық мән-жайларды, сондай-ақ құқық бұзушылық жасауда тұлғаның кінәсі немесе кінәсіздігі туралы тұжырымдарды көрсету қажет. Кінәлілігі туралы түйіндер құқық бұзушылық жасаумен келтірілген зиянды өтеу мәселесін шешу кезінде маңызды болады және Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 76-бабының бесінші бөлігіне сәйкес осы тұлға жасаған нақ осы құқық бұзушылықтың азаматтық-құқықтық салдары туралы істі қарау кезінде қайта дәлелденбейді.

       ӘҚБтК-нің 62-бабында белгіленген әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін ескіру мерзiмдерiнiң сақталуын тексеру әкімшілік жазаны қолдану туралы мәселені шешу кезінде жүргізіледі. Әкімшілік жазаны қолдану туралы қаулыларды қайта қарау барысында осы мерзімдердің сақталуы жазаны қолдану туралы қаулы шығарылған сәтте тексерілуі тиіс.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.05.2019 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

       18-1. ӘҚБтК-нің 62-бабына ескертпеге сәйкес ӘҚБтК-нің Ерекше бөлігінің бабында көзделген белгілі бір әрекеттің бірыңғай құрамының үздіксіз жүзеге асырылуымен сипатталатын және оны анықтаған кезде аяқталмаған құқық бұзушылық созылып кеткен құқық бұзушылық деп танылады. Бұл ретте ӘҚБтК-нің 804-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамының құқық бұзушылықты анықтағанын анықтау сәті деп есептеген жөн.

      Ескерту. Нормативтік қаулы 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.05.2019 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      19. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.05.2019 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  1. Егер кінәлі адам ӘҚБтК-нің 128-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылмаса, кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тартуды ӘҚБтК-нің 57-бабының 3) тармақшасына сәйкес жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар деп ескерген жөн.
  2. 16 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам жасаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама істі қарауға заңды өкілдері ретінде қатыстырылуға жататын оның ата-аналары немесе оларды алмастыратын адамдар туралы мәліметтер көрсетіліп оған қатысты жасалады.

       14 жастан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам жасаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама ӘҚБтК-нің нормаларында ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың жауаптылығы көзделген жағдайларда, осы адамдарға қатысты жасалады. Аталған адамдарға қатысты әкімшілік іс бойынша шығарылған қаулыда жасалған құқық бұзушылықтағы олардың кінәсі неде екені көрсетілуге тиіс.

       Әкімшілік құқық бұзушылық жасалған уақытта 16 жасқа келген кәмелетке толмағандарға, олардан өндіріп алу үшін дербес табысы немесе мүлкі болған жағдайда, айыппұл түріндегі әкімшілік жаза шарасы қолданылуы мүмкін. Кәмелетке толмаған адамға тағайындалған айыппұлдың мөлшері он айлық есептік көрсеткіштен астам бола алмайды. Кәмелетке толмаған адамның мұндай табысы немесе мүлкі болмаған жағдайда, айыппұл ӘҚБтК-нің 66-бабының талаптары сақтала отырып, ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға салынады, ол туралы қаулыда көрсетілуге тиіс.

      Кәмелетке толмаған адамда соның есебінен айыппұл төленуі мүмкін дербес табыстың немесе мүлктің болуы немесе жоқтығы туралы мәліметтерді әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасаған лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іспен бірге ұсынады.

  1. ӘҚБтК-нің 68-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік ықпал ету шараларын сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе тағайындалған әкiмшiлiк жазаны орындаудан босату кезінде тағайындауы мүмкін. Бұл ретте ӘҚБтК-нің 69-бабының үшінші бөлігіне сәйкес кәмелетке толмаған адамның бос уақытын шектеу және мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу мерзiмi үш айдан алты айға дейiнгi ұзақтыққа белгiленедi.

       ӘҚБтК-нің 54-бабының бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның рұқсатынсыз кәмелетке толмаған адамға белгілі бір жерлерге баруына, басқа да жерлерге шығуына тыйым салуды сот істі қарау кезінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардың немесе iшкi iстер органдарының өтiнiшхаты бойынша ғана үш айдан бір жылға дейiнгi мерзімге тағайындауы мүмкін. Мұндай тыйым салу ӘҚБтК-нің 73, 73-1, 73-2, 127, 128, 131, 434, 435, 436, 440 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 442 (үшінші бөлігінде), 448, 461, 482, 485 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар ретінде белгіленеді, жаза тағайындалуына қарамастан қолданылады.

      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.05.2019 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  1. ӘҚБтК-нің 62-бабында белгіленген ӘҚБтК-нің 71-бабында көзделген ескіру мерзімдерінің жартысын қысқарту әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе әкiмшiлiк жазаны орындаудан босату кезiнде кәмелетке толмағандарға ғана қолданылуға жатады.

       Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың ата-аналары немесе оларды алмастыратын адамдар жауаптылықққа тартылуға жататын әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша ӘҚБтК-нің 62-бабында көзделген әкімшілік жазаның мерзімін қолдану туралы мәселені шешу кезінде ӘҚБтК-нің 71-бабының ережелері қолданылуға жатпайды.

  1. Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

 

 

Жоғарғы Сотының Төрағасы

Қ.МӘМИ

Қазақстан Республикасы

 

 

Жоғарғы Сотының судьясы,

 

 

жалпы отырыс хатшысы

Қ.ШАУХАРОВ



Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы




© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

184-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы баянат ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

184-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы баянат ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтерді...

Толық оқу »

131-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамды процестік ұстап алу тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

131-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамды процестік ұстап алу тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Адамды қыл...

Толық оқу »

26-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтан өз еркiмен бас тарту  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

26-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтан өз еркiмен бас тарту ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Адамның дайындалу әрекеттерiн тоқтатуы не осы іс-әрекетті жас...

Толық оқу »

29-бап. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың жауаптылығы   ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

29-бап. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың жауаптылығы ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Сыбайлас қатысушылардың қылмыстық жауаптылығы о...

Толық оқу »

31-бап. Топ жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылық  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

31-бап. Топ жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылық ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Егер қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға екi...

Толық оқу »

Соттардың кейбір экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы

Соттардың кейбір экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы...

Толық оқу »

Соттардың бандитизм және қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатыса отырып, басқа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы

Соттардың бандитизм және қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатыса отырып, басқа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәсел...

Толық оқу »

Соттардың экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық істер бойынша заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері

Соттардың экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық істер бойынша заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020 ж...

Толық оқу »

Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуға байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар

Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуға байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қылмыстық заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы Қаз...

Толық оқу »

433-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру   ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

433-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Уәкілетті лауазымды адамның анық дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық...

Толық оқу »

30-бап. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушының шектен шығуы  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

30-бап. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушының шектен шығуы ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Сыбайлас қатысушының шектен шығуы деп адамның басқ...

Толық оқу »

28-бап. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

28-бап. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесушi орында...

Толық оқу »

22-бап. Кiнәнiң екi нысанымен жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшiн жауаптылық  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

22-бап. Кiнәнiң екi нысанымен жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшiн жауаптылық ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Егер қасақана қылмыстық құқық бұзушы...

Толық оқу »

133-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынған адамды босату негiздерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

133-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынған адамды босату негiздерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық...

Толық оқу »

134-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынғандарды күзетпен ұстау тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

134-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынғандарды күзетпен ұстау тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Қылмысты...

Толық оқу »

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 154-бабының Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 4-тармағына сәйкестігін қарау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 13 маусымдағы № 19-НҚ нормативтік қаулысы

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық...

Толық оқу »

Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар жөнiндегi iстер бойынша сот тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 28 қазандағы N 6 Нормативтік қаулысы.

Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар жөнiндегi iстер бойынша сот тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 28 қазандағы N 6 Нормативтік қаулысы. Ес...

Толық оқу »

Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтары және оларды қылмыстық құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы өзге де іс-әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 2002 жылғы 11 сәуір N 6.

Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтары және оларды қылмыстық құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы өзге де іс-әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойын...

Толық оқу »

Комментарий к статье 438. Несоответствие назначенного судом наказания тяжести уголовного правонарушения и личности осужденного Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий кстатье 438. Несоответствие назначенного судом наказания тяжести уголовного правонарушения и личности осужденногоУголовно-процессуального кодекса Республики Казахс...

Толық оқу »

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 2 қазандағы № 6 нормативтік қаулысы.

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот пр...

Толық оқу »

Статья 270. Назначение экспертизы УПК РК Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан

270-бап. Сараптаманы тағайындау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Iс үшiн маңызы бар мән-жайлар сарапшының материалдарды арнайы ғылыми бiлiмдер не...

Толық оқу »

271-бап. Сараптаманы мiндеттi түрде тағайындау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

271-бап. Сараптаманы мiндеттi түрде тағайындау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Егер iс бойынша: 1) өлiмнiң себептерiн; 2) денсаулыққа кел...

Толық оқу »

272-бап. Сараптама тағайындау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

272-бап. Сараптама тағайындау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган, тергеу судьясы сараптама тағайында...

Толық оқу »

273-бап. Сот сараптамасын жүргiзу тапсырылуы мүмкiн адамдар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

273-бап. Сот сараптамасын жүргiзу тапсырылуы мүмкiн адамдар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сот сараптамасын жүргізу: 1) сот сараптамасы ор...

Толық оқу »

325-бап. Экологиялық тұрғыдан әлеуетті қауіпті химиялық немесе биологиялық заттармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

325-бап. Экологиялық тұрғыдан әлеуетті қауіпті химиялық немесе биологиялық заттармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республ...

Толық оқу »