273-бап. Сот сараптамасын жүргiзу тапсырылуы мүмкiн адамдар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Сот сараптамасын жүргізу:
1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;
2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдарға;
3) заңда көзделген тәртіппен және шарттарда біржолғы тәртіппен өзге адамдарға тапсырылуы мүмкін.
2. Сараптама жүргiзу процеске қатысушылар ұсынған адамдардың бiреуiне тапсырылуы мүмкiн.
3. Қылмыстық процесті жүргізетін органның, тергеу судьясының сараптама жүргiзу тапсырылған адамды шақыру туралы талабы көрсетілген адам жұмыс iстейтiн ұйымның басшысы үшiн мiндеттi.
Ескерту. 273-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.02.2017 № 45-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы