⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Туу, асырап алу (қыз баланы асырап алу), некелесу, ажырасу және өлімді тіркеу фактілерін анықтау туралы

Туу, асырап алу (қыз баланы асырап алу), некелесу, ажырасу және өлімді тіркеу фактілерін анықтау туралы

Туу, асырап алу (қыз баланы асырап алу), некелесу, ажырасу және өлімді тіркеу фактілерін анықтау туралы

Туу, асырап алу (қыз баланы асырап алу), некелесу, ажырасу және өлімді тіркеу фактілерін анықтау туралы

              Талап арызды қозғалыссыз қалдыру туралы анықтамаларда көрсетілген, кемшіліктерді жоймағандығына байланысты, АПК-тің 152-бабының 1-бөлігінде қарастырылған талап арыздың көбі негізді қайтарылғандығын, талап арызды қайтару туралы бірінші сатыдағы соттың талап арыздарын зерттеуі және анықтауы көрсетті. Талап арызды қайтару туралы анықтама күмәнді тудырмайды

              Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау, азаматтар үшін өздерінің құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыру тәртібін қамтамасыз ететін, ерекше өндіріс ретінде аса маңызды болса, сонымен бірге мемлекет үшін де, заңнамалық маңызы бар фактілерді анықтау соттық анықтама кезінде, заңсыз жеңілдіктерді және меншіктік пайданы алу мақсатымен қандай да бір қиянат жасаушылықты тоқтату.

АПК-тің 306-бабына сәйкес, сот арыз берушінің осы фактілерді куәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған жағдайда, не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін емес болған кезінде ғана заңдық маңызы бар фактілерді анықтайды.

Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша арыз арыз берушінің тұрғылықты жеріндегі сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілетін, бұған жылжымайтын мүлік орналасқан жердегі сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілетін жылжымайтын мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету фактісі қосылмайды.

(АПК- тің 307- бабы) АПК-тің 308-бабында анықталған заңдық фактіні анықтау арызында арыз берішінің қандай фактіні және қандай мақсатпен анықтау қажет екендігі көрсетілуге тиіс, сондай-ақ арыз берушінің тиісті құжаттарды алуы мүмкін еместігін не жоғалған құжаттарды қалпына келтіру мүмкін еместігін растайтын дәлелдемелер келтірілуге тиіс.

Жоғарыда келтірілген процесуалдық заңнаманың нормаларына сәйкес, соттар осы санаттағы істерді тек заңға сәйкес мұндай фактілердің заңнамалық салдарды туғызған (пайда болу, өзгеру немесе азаматтар мен ұйымдардың өзіндік немесе мүліктік құқықтары тоқталуы);

арыз берушінің осы фактілерді куәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған жағдайда, не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін емес болған кезінде; қолданыстағы заңнамада оларды анықтаудың басқа тәртібі көрсетілмеген (соттан тыс);

фактіні анықтау кейін ведомстволық сотта дауды қарастыруға дейін апармайтын жағдайларда ғана қарастырады. Талап арызды қабылдағанда сот арыз берушінің заңнамалық қызығушылығы жоқ екенін, осы фактіні куәландыратын қажетті құжатты қалпына келтіре алмайтынын, қайта ала алмайтындығын куәландыратын жазбаша дәләлдемелерді ұсынуы тиіс.

Егер қолданыстағы заңнамамен басқа (арыз сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса) АПК-тің 151-бабының 1-бөлігі 1) тармақшасына сәйкес онда талап арызды қабылдаудан бас тарту қажет.

Егер талап арызды қателесіп қабылдап және істі қозғаса АПК-тің 277-бабының 1-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ол тоқтатылуы тиіс.

Егер ведомстволық сотта істі қарастыру кезінде құқықтың пайда болуы туралы дау туса, сот істі талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен қарастыру туралы ұйғарым шығарып және өтініш беруші мен басқа мүдделі тұлғаларға АПК-тің 304-бабының 2-бөлігіне сәйкес сотпен белілеген мерзім ішінде орындау қажеттігін түсіндіреді.

АПК-тің 305-бабының талаптарына сәйкес, сот азаматтардың немесе ұйымдардың жеке не мүліктік құқықтарының туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына байланысты болатын фактілерді анықтайды.

Сот мынадай фактілерді:

- адамдардың туыстық қатынастарын; - адамның біреудің асырауында болуы;

- тууды, бала асырап алуды, некелесуді, ажырасуды және қайтыс болуды тіркеу;

- құқық белгілейтін құжаттардың (әскери құжаттарды, паспорттарды, жеке куәліктерді және азаматтық хал актілерін жазу органдары беретін куәліктерді қоспағанда) құжатта көрсетілген аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспортында немесе жеке куәлігінде, немесе туу туралы куәлігінде көрсетілген атқа, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтін адамдікі екендігі;

- мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету;

- жазатайым жағдай;

- азаматтық хал актілерін жазу органдары қайтыс болу оқиғасын тіркеуден бас тартқан жағдайда адамның белгілі бір уақытта белгілі бір мән-жайларда қайтыс болуы;

- мұрагерлікті қабылдау және мұрагерліктің ашылу орны туралы істерді қарайды

Осы санаттағы істерді қарастырған кезде, «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының 6-бөлігіне сәйкес соттар оқиғаның өзін емес, тиісті органдардағы фактілерді тіркейтіндерін ескерулері қажет.

Мұндай істер, Азаматтық хал атілерін тіркеу органдарында немесе тиісті мұрағаттарда ондай жазбалар сақталмаса немесе оны қалпына келтіруден бас тартқан жағдайларда қарастырылуға жатады. Дәлелдеудің нысаны:

- Тіркеу фактісінің болуы;

- АХАЖ органдарында қажетті жазбалар сақталмаған және мұндай жазбаны қалпына келтіруден бас тартқан немесе туу, асырап алу, некелесу, ажырасу және өлімді фактілерін тіркеу тек сот шешімі негізінде қапына келтірілсе;

- туу, асырап алу, некелесу, ажырасу және өлімді фактілерін тіркеу мақсаты;

- құқық туралы даудың жоқтығы. Қажетті дәлелдер:

- тіркеуші органдардан жоғалған құжатты қалпына келтіру мүмкін еместігі туралы, акт жазбаларының жоғалғаны жайлы анықтама;

- қажетті фактінің тіркелгендігін куәландыратын дәлелдің болуы (жеке істен туу, некелесу, өлім туралы куәліктердің көшірмесі, туу, некелесу, өлім туралы фактілерді тіркеу мәліметтері мазмұндалған құжаттар немесе басқа да дәлелдер және т.б.);

- өтініш берушінің тұрғылықты жерінен анықтама, тіркелу мәліметтері.

- осы санаттағы істерді зерттеу, республика судяларының қолданыстағы заңнамаларының нормаларын дұрыс қолданатынын, және шығарған шешімдерінің заңдылығы күмән туғызбайтынын көрсетті.

Мысалы, М-ның арызына қатысты іс бойынша Қарағанды облысы Балхаш қалалық сотының шешімімен С. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында 1958 жылы 11 қарашада туу фактісін анықтаған. Туу туралы куәлікті жоғалтып алу жағдайы, талап арыз берушінің сотқа жүгінуіне себеп болды.

АХАЖ органына туу туралы куәлікті қайтадан беру туралы өтінішіне, оның туу туралы акт жазбасының жоқ екені туралы жауап алды. Туу туралы осы куәлік оған жасы бойынша зейнетақыны ресімдеу үшін  қажет болған.

Оның туу туралы акт жазбасын қайта қалпына келтіру мүмкіндігі жойылған. Тууын тіркеудің заңды фактісінанықтауды сұраған. Арызды қарау кезінде Қарағанды облысы Әділет департаментінің 2016 жылғы 07 қыркүйектегі хатына сәйкес Қарағанды облысы Әділет департаментінің АХАЖ бөлімінде 1958 жылы 11 қарашада туған, О. (С.), атына туу туралы акт жазбасы болмаған.

Тексеріс 1958 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін акт жазбалары және 1959-1960 жылдары кезеңі ішіндегі Қарағанды облысының аудандық (қалалық) мұрағаттары бойынша жүргізілген.

С. туған күні мен жерін, оның ата-аналары туралы деректерді растаған, куәгерлер – арызданушының апаларынан жауап алып, ұсынылған құжаттарды зерделеп, сот арызданушының талаптарын толық көлемде қанағаттандыруды мүмкін деп санады.

Істердің зерделіп жатқан санаттары қатысты сот актілері бойынша ескертулер болмаса, сонымен бірге материалдық, сондай-ақ процестік құқықтың нормаларын бұзу орын алған.

Мысалы, К. талаптарын Ресей Федерациясының азаматтығын ресімдеу үшін туу туралы куәлікті ұсыну қажеттігін уәждеп сотқа оның туу фактісін анықтау туралы арызымен жүгінген. Алайда туу туралы куәлікті оқу мүмкін емес, әріптері күйген.

Туу туралы акт жазбасын кайта қалпына келтіру мүмкін емес, себебі мұрағатта ата-аналары туралы мәліметтер сақталмаған.

Осыған байланысты соттан К. туу фактісін анықтауды сұраған. Батыс Қазақстан облысының №2 сотының 2016 жылғы 13 маусымдағы шешімімен К. туу фактісі анықталған, Ақтөбе облысы Ақкемір ауданының, Елецк селосы 1930 жылғы 20 қаңтар, ата-аналары әкесі – К., анасы - К. Сот шешімінен Орал қаласының АХАЖ бөлімінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі №А-1384 жауабына сәйкес К. туу туралы акт жазбасын қайта қалпына келтіру мүмкін емес, себебі мұрағтта ата-аналары туралы мәліметтер сақталмағаны шығады. 2016 жылғы 18 наурыздағы №1к159 Ақтөбе облысының Мемлекеттік мұрағатының жауабынан АХАЖ-дың құжаттары мемлекеттік облыстық мұрағатына келіп түспегені шығады.

Істі қарау кезінде арызданушы оның туу фактісін растайтын, келесі құжаттарды ұсынған: 1930 жылғы 20 қаңтардағы туу туралы куәлік, ҚР ІІМ берген 2015 жылғы 06 қазандағы №039751658 жеке куәлік, 1952 жылғы 04 мамырдағы №16282 неке туралы куәлік, НТ №3661075 әскери билет, №1187/к диплом, зейнетақы және жәрдемақы алушының №1131906 куәлігі.

Алайда, К. туу туралы бар куәлікті оқу мүмкін болмай, осыған байланысты азаматтың тууын растайтын құжат ретінде пайдаланбайтындықтан, бірінші сатыдағы сотқа мәлімделген талабын өзгерту қажеттілігі туралы арызданушыға түсіндіру қажет еді.

Акт жазбасыны іс жүргізуі болмаған кезде, туу туралы тіркеу фактісін анықтау орын алған. Осылайша, Павлодар облысы Ертіс аудандық сотының 2016 жылғы 26 шілдедегі шешімімен Г. тууын тіркеу фактісін анықтау туралы арызы қанағаттандырылған. Г.-ның туған күні 1998 жылғы 11 сәуір анықталған, туған жері – Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданының Құлакөл ауылы болып табылған.

Анықталған мән-жайлардан нәресте Г.-ның туу іс жүзінде құжатталмаған, алайда сот шешімінде осы мән-жайға ешқандай құқықтық баға берілмеген.

Талаптарды қанағаттандыру туралы шешім куәгерлердің жауаптары мен арыз берушінің уәждерінің негізінде шығарылған.

Аталған санаттағы істер бойынша шешімдерді зерттеу, негізінен туу заңды фактісін тіркеу бойынша істердің қаралғандығын көрсетеді, бірақ басқа да фактілерді тіркеу болған, мысалы, некелесу фактісін тіркеу.

Осылайша, арыз беруші С. сотқа Б.-мен тіркелген некеде тұрғанын, неке Грозный қаласында жасалғанын көрсетіп арызбен жүгінген. 1972 жылдан басап Ақтау қаласында тұрып жатқанын көрсетіп. Неке қию туралы куәлік жоғалған, содан кейін Ресей Федерациясы Шешен сұрау жолданған, құжаттар сақталмаған деген жауап келген.

Осы факт немересіне Ресей Федерациясы азаматтығын алу үшін қажет болған. Осыған байланысты оның Б.-мен тіркеуде тұрған заңдық фактіні анықтауды сұраған Сот С. (тұрмысқа дейінгі тегі У.) 1966 жылы Грозный қаласында Б.-мен неке қиып және «Б.» жұбайының тегін алған.

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық АХАЖ-бөлімінің ұсынылған анықтамасынан 1973 жылы 04 қыркүйекте Б. мен С. арасында неке қиылған және арыз беруші жұбайының «С.» тегін алған. ШР АХАЖ басқармасының мұрағат бөлімі 2016 жылғы 11 ақпанда берген, №63 нысандағы азаматтық жағдайдағы акт жазбасының болмауы туралы хабарламаға сәйкес Грозный қаласы Старопромысловский ауданы АХАЖ бөлімі мұрағатында С.-мен Б.-ның неке қию туралы акт жазбасы болмаған, себебі 2005 жылы барлық мұрағаттық құжаттар толығымен жойылған, бұл арыз берушінің некені тіркеу фактісін растайтын құжаттарды қалпына келтіру мүмкіндігі жоқ екендігін куәландырады.

 Нормативтік құқықтық база

Заңдық маңызы бар фактілерді тіркеуді анықтау сұрақтары Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 30, 31 баптарымен (әрі қарай мәтін бойынша АПК), «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы №13 нормативтік қаулысымен реттеледі.

Бұдан басқа, заңдық маңызы бар фактінің түріне байланысты анықтауға жататын, фактілерді анықтау бойынша талап арызды қарау кезінде қолдануға жататын және осы санаттағы істер бойынша сұрақтарды реттейтін, негізгі нормативтік құқықтық актілер:

- Қазақстан Республикасының Конституциясы;

- Қазақстан Республиасының Азаматтық кодексі;

- Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі - зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі болып табылады.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

Құжатты жүктеп алу