⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,  астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті Соғыс жағдайы туралы Заңы

10-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,  астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті Соғыс жағдайы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,  астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті Соғыс жағдайы туралы Заңы 

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары соғыс жағдайы кезеңінде: 

      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдары аумақтық бөлімшелерінің және ұйымдарының соғыс жағдайы шараларын орындауын қамтамасыз етеді; 

      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаныс кеңестерін құрады; 

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жүзеге асырады. 

      2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаныс кеңестері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаныс кеңестері туралы ережеге сәйкес қызметін жүзеге асырады және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне бағынады. 

      3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаныс кеңесіне тікелей басшылық ету тиісті әкімге жүктеледі. 

      Ескерту. 3-тарау 10-1-баппен толықтырылды – ҚР 10.06.2020 № 344-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 наурыздағы N 391 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Pecпубликасының аумағында тұратын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың (бұдан әрi - азаматтар және басқа да адамдар), сондай-ақ мемлекеттiк органдардың, әскери басқару органдарының және  

       меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың (бұдан әрi - ұйымдар) соғыс жағдайы кезеңiндегi құқықтық қатынастарын реттейдi.  

       Осы Заңның қолданылуы соғыс жағдайы кезеңiмен шектеледi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы