3-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысу мәселелерi жөнiндегi құзыретi Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Заңы
1. Жергiлiктi өкiлдi органдар:
1) тиiстi әкiмдiктер қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуде iшкi iстер органдарына жәрдемдесетiн азаматтарды көтермелеуге қаражат бөлуге қатысты әзiрлеген бюджеттiк бағдарламаларды қарайды және бекiтедi;
2) тиiстi әкiмдiктердiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi комиссияларының қызметiн бақылайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары:
1) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды тiркейдi және олардың дербес есебiн жүргiзедi;
2) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық (облыстық маңызы бар қалалардағы қалалық) комиссияларды құрады;
3) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындайды;
3-1) азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға тарту жөнінде шаралар қолданады;
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың өңiрлiк есебiн жүргiзедi;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi комиссияларын құрады;
3) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындайды;
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.11.2015 № 388-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 590 Заңы.
Осы Заң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасы азаматтарының өз еркiмен қатысуына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы