8-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарының ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету саласындағы құзыреті Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы Заңы
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету саласында өз құзыреті шегінде:
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) қоғамдық бірлестіктермен ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
3) ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін сақтауға ықпал етеді;
5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 223-IV Заңы.
Осы Заң ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдікке жағдай жасауға қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы