⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 5-2-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті Электр энергетикасы туралы Заңы

5-2-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті Электр энергетикасы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

5-2-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті Электр энергетикасы туралы Заңы 

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдардың отын сатып алуға шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады. 

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары электр энергиясын беру және онымен жабдықтау саласындағы ұйымдардың қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялауды уәкілетті мемлекеттік органдар айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады. 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       5-2-баптың үшінші бөлігі 01.01.2026 дейін қолданыста болады – осы Заңның 25-бабының 15-тармағына сәйкес.  

      Жергілікті атқарушы органдар жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алу бойынша энергия өндіруші ұйымдарға субсидия беру қағидаларында айқындалған тәртіппен акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, коммуналдық меншіктегі және суды (дистиллятты), электр және жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті бір мезгілде жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдардың залалдарын (борыштарын) субсидиялауды жүзеге асырады. 

      Ескерту. 2-тарау 5-2-баппен толықтырылды - ҚР 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 118-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588 Заңы. 

      Осы Заң электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы