⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-1-бап. Өсімдіктер карантині саласындағы жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі Өсімдіктер карантині туралы Заңы

10-1-бап. Өсімдіктер карантині саласындағы жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі Өсімдіктер карантині туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-1-бап. Өсімдіктер карантині саласындағы жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі Өсімдіктер карантині туралы Заңы 

      1. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша карантиндік объектілер мен карантинге жатқызылған өнімдегі бөтен текті түрлер анықталған жағдайларда Қазақстан Республикасының өсімдік ресурстарына және өсімдіктен алынатын өнімге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін жедел ден қою шараларын қолданады. 

      2. Мыналар: 

      1) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағының 4) және 7) тармақшаларына, 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау; 

       2) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, жоспардан тыс тексеру, тергеп-тексеру шеңберінде қолданылатын осы бапта көзделген бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) әсер ету тәсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады.  

      3. Жедел ден қою шараларына мыналар жатады: 

      көлік құралын тоқтату және карантинге жатқызылған өнімді және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерін ұстау; 

      карантинге жатқызылған өнімді (оның ішінде пошта жөнелтілімдерінен, қол жүгінен және багаждан) алып қою немесе карантинге жатқызылған өнімді қайтару; 

      қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру; 

      қызметке немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салу. 

      4. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағының 4) және 7) тармақшаларына, 9-тармағының 2) тармақшасына және 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады. 

      5. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптарды бұзу фактісі анықталған кезде осы Заңның 7-4-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасында көзделген қаулы нысанында қадағалау актісін ресімдейді. 

       Қадағалау актісі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ресімделіп, бақылау және қадағалау субъектісіне табыс етіледі. 

       6. Мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша қадағалау актісі ресімделгеннен кейін Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағы 4) және 7) тармақшаларының, 9-тармағы 2) тармақшасының негізінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор жедел ден қою шарасын тікелей қолдануды жүзеге асырады. 

      7. Қадағалау актісі қолма-қол табыс етілген кезде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда оған тиісті жазба жасалады және қадағалау актісін қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазу жүзеге асырылады. 

      Қадағалау актісі бақылау және қадағалау субъектісінің заңды мекенжайы, тұрған жері немесе нақты мекенжайы бойынша оның тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберіледі. 

      8. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды. 

      9. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптарды бұзушылық бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) жоспардан тыс тексеру, тергеп-тексеру нәтижелері туралы актілерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетіледі. 

      10. Бақылау және қадағалау субъектісі тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде, Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды жоюға міндетті. 

      11. Тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтардың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат ұсынылған жағдайда, осы баптың 12-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. 

      12. Жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады. 

      13. Тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. 

       Қадағалау актісінің қолданылуы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда тоқтатылады. 

      14. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қадағалау актісін жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады. 

       Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі. 

      Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды. 

      15. Қадағалау актісін жарамсыз деп тану және оның күшін жою үшін мыналар негіз болып табылады: 

      1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы; 

      2) осы шараға сәйкес келмейтін негіз бойынша жедел ден қою шараларын қолдану; 

      3) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы. 

      16. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі. 

      Ескерту. 10-1-баппен толықтырылды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы N 344-I Заңы. 

    Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын өсiмдiктер карантинi жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асырудың құқықтық негізін, мақсаттарын, міндеттері мен принциптерiн белгiлейдi.   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы