11-бап. Өтінімге сараптама жүргізу тәртібі 3-тарау. Тауар таңбасының сараптамасы Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы Заңы
1. Өтінімге сараптама кезең-кезеңімен:
1) алдын ала сараптама – өтінім берілген күннен бастап бір ай ішінде жүргізіледі.
Алдын ала сараптама өтінім берушінің өтінішхаты бойынша өтінім берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жеделдетілген тәртіппен жүргізіледі;
2) барысында мәлімделетін белгілеменің осы Заңның 6 және 7-баптарында белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілетін толық сараптама өтінім берілген күннен бастап жеті ай ішінде жүргізіледі.
Толық сараптама өтінім берушінің өтінішхаты бойынша өтінім берілген күннен бастап үш ай ішінде жеделдетілген тәртіппен жүргізіледі.
2. Сараптаманың кез келген кезеңінде сараптама ұйымы қосымша материалдарды сұратуға құқылы, олар өтініш берушіге сұрау салу жіберілген күннен бастап үш ай ішінде ұсынылуға тиіс.
Өтінім бойынша іс жүргізу сұрау салу жіберілген күннен бастап сұрау салуға жауап алынғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Жеделдетілген толық сараптама жүргізілген кезде сараптама ұйымының сұрау салуы өтінім берушіге жіберілген күннен бастап үш ай ішінде қосымша материалдар ұсынылуға тиіс.
Өтінім беруші белгіленген мерзімде қосымша материалдарды ұсынбаған жағдайда іс жүргізу тоқтатылады, өтінім кері қайтарып алынды деп есептеледі және қалпына келтіруге жатпайды.
Өтініш беруші белгіленген мерзімде қосымша материалдарды не көрсетілген мерзімді ұзарту туралы өтінішхатты ұсынбаған жағдайда іс жүргізу тоқтатылады және өтінім кері қайтарып алынған деп есептеледі.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өтінімді қарау барысы туралы ақпарат үшінші тұлғаларға берілмейді.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы