⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 11-бап. Күзетте ұстау орындарының қызметкерлері  Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

11-бап. Күзетте ұстау орындарының қызметкерлері  Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-бап. Күзетте ұстау орындарының қызметкерлері  Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң 

      1. Күзетте ұстау орындарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының күзетте ұстау режимін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді атқаратын ішкі істер органдарының, қылмыстық-атқару жүйесiнiң қатардағы және басшы құрамындағы адамдар, ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері жатады.  

      2. Теңіз кемелерінің капитандары, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшелерінің бастықтары, сондай-ақ олар уәкілдік берген адамдар күзетте ұстау режимін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді атқару кезеңінде күзетте ұстау орындарының қызметкерлеріне осы заңда берілген міндеттерді атқарады және құқықтарды пайдаланады.  

      3. Осы Заңда күзетте ұстау орындары әкімшілігінің басшылары болып:  

      1) тергеу изоляторларының бастықтары;  

      2) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің бастықтары;  

      3) уақытша ұстау изоляторларының бастықтары;  

      4) қарауында уақытша ұстау изоляторлары бар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi аумақтық бөлімшелерінің бастықтары;  

      5) қарауында гауптвахталар бар әскери полиция органдарының бастықтары ұғынылады. 

      6) алып тасталды - ҚР 18.04.2017 № 58-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
 

      4. Күзетпен ұстау орындары қызметкерлерінің мүгедектігі бар адамдармен жұмыс істеу үшін арнаулы даярлығы, білімі және дағдылары болуға тиіс. 

      Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.07.10 № 338, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2004.12.29 № 25, 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І Заңы. 

      Осы Заң қоғамнан уақытша оқшаулауды заңды негіздерде қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер, арнаулы үй-жайлар қызметінің құқықтық негіздерін айқындайды, сондай-ақ оларда ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейд 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы