8-1-бап. Гауптвахталар Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң
1. Гауптвахталар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары жанынан жабдықталады және олардың құрылымдық бөлімшелері болып табылады.
2. Гауптвахталарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімді олардың ведомстволық тиесілігіне қарай тиісінше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті қабылдайды.
3. Гауптвахталар қызметінің тәртібі мен ұйымдастырылуы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысында айқындалады.
Ескерту. Заң 8-1-баппен толықтырылды – ҚР 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І Заңы.
Осы Заң қоғамнан уақытша оқшаулауды заңды негіздерде қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер, арнаулы үй-жайлар қызметінің құқықтық негіздерін айқындайды, сондай-ақ оларда ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейд
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы