5-2-бап. Әскери қызметшілерді гауптвахталарға және уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларға жабу негіздері Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң
1. Әскери қызметшілерді гауптвахталарға жабу негіздері:
1) әкімшілік қамаққа алынғандарды жабу судьяның қамаққа алу туралы қаулысының негізінде жүзеге асырылады;
2) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұсталғандарды жабу тергеуші не анықтаушы жасаған ұстау хаттамасы бойынша жүзеге асырылады;
3) өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылған, қылмыс жасады деп күдік келтірілгендерді, айыпталушыларды, сотталушыларды жабу судьяның қаулысы бойынша жүзеге асырылады;
4) қамаққа алуға сотталғандарды жабу сот үкімі мен оны орындау туралы өкімнің негізінде жүзеге асырылады.
Бас бостандығынан айыруға сотталған әскери қызметшілер айыптау үкімі заңды күшіне енгенге дейін және оларды жазаны орындау органдарына жібергенге дейін сот үкімі негізінде гауптвахталарда ұсталуы мүмкін.
2. Әскери қызметшілерді уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларға жабу әскери полиция органдарының уәкілетті лауазымды адамы жасаған әкімшілік ұстап алу туралы хаттама негізінде жүзеге асырылады.
Шалғайлығы немесе тиісті қатынас жолының болмауы салдарынан гауптвахтаға немесе уақытша ұстау изоляторына жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұсталған әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органы бойынша кезекшінің жанындағы уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларға жабуға жол беріледі.
Ескерту. Заң 5-2-баппен толықтырылды – ҚР 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І Заңы.
Осы Заң қоғамнан уақытша оқшаулауды заңды негіздерде қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер, арнаулы үй-жайлар қызметінің құқықтық негіздерін айқындайды, сондай-ақ оларда ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейд
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы