⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 16-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

16-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

16-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң  

      1. Сезіктілер мен айыпталушылардың күзетте ұстау орындарында болған кезеңде:  

      1) өздерінің құқықтары мен міндеттері, күзетте ұсталу режимі, тәртіптік талаптар, ұсыныстар, арыздар мен шағымдар беру тәртібі туралы ақпарат алуға;  

      2) күзетте ұстау орындарында жеке басының қауіпсіздігіне;  

      3) күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысына және күзетте ұстау орындарындағы қызметті бақылайтын адамдарға аталған адамдар оның аумағында болған уақыттарда өтініш жасауға;  

      4) қорғаушысымен жолығысуларға;  

      5) туыстарымен және осы Заңның 17-бабында аталған өзге де адамдармен жолығысуларға;  

      6) құқыққа қарсы мақсатта пайдаланылуы мүмкін немесе мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтері бар құжаттар мен жазбаларды қоспағанда, қылмыстық іске қатысты не өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру мәселелеріне байланысты құжаттар мен жазбаларды өзінде сақтауға;  

      7) өздерінің күзетте ұсталуының заңдылығы мен негізділігі және өздерінің заңды құқықтары мен мүдделерінің бұзылуы туралы мәселелер бойынша ұсыныстармен, арыздармен, соның ішінде сотқа жүгінуге;  

      8) хат жазысуға және жазу құралдарын пайдалануға;  

      9) тегін тамақ алуға, материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитариялық жағынан қамтамасыз етілуге;  

      10) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өздерін іс жүргізуге және өзге де іс-әрекеттерге тартуға тыйым салынатын түнгі уақытта сегіз сағат ұйықтауға;  

      11) күн сайын ұзақтығы бір сағаттан кем емес серуендеуге;  

      12) тізбесі мен саны Ішкі тәртіп қағидаларында айқындалатын заттар мен нәрселерді пайдалануға; 

      13) күзетте ұстау орындарындағы кітапханадан алынған не күзетте ұстау орындарының әкімшілігі арқылы сауда желісінен сатып алынған әдебиетті және мерзімді баспасөз басылымдарын, сондай-ақ стол үсті ойындарын пайдалануға;  

       14) Ішкі тәртіп ережелері және басқа сезіктілер мен айыпталушылар құқықтары сақталуы шартымен сезіктілер мен айыпталушылардың күзетте ұстау орындарында діни жоралар жасауға, өзінде діни әдебиет, ғибадат заттарын ұстауға;  

       15) өзінің білімін көтерумен шұғылдануға және арнайы әдебиетті пайдалануға;  

       16) сәлемдемелер мен сәлем-сауқаттар алуға;  

       17) күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің тарапынан сыпайы арақатынасқа;  

       18) азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуға;  

      19) заң актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.  

      2. Тергеу изоляторларында ұсталушы сезіктілер мен айыпталушылардың сондай-ақ:  

      1) ақша аударымдарын алуға және жөнелтуге;  

      2) некеге отыруға және оны бұзуға, егер олар заңдарға қайшы келмеген жағдайда, өзге де отбасылық-құқықтық қатынастарға қатысуға;  

      3) тергеу орнындағы дүкеннен (дүңгіршектен) не күзетте ұстау орындарының әкімшілігі арқылы сауда желісінен тамақ өнімдері мен ең қажетті заттарды сатып алуға;  

       4) газеттер мен журналдарға жазылуға және оларды алуға;  

      5) әкімшіліктен қажет болған жағдайда күзетте ұстау орындарында киіп жүруге рұқсат етілген маусымдық киім-кешек алуға құқығы бар. 

      2-1. Сөйлеу не есту не көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдар болып табылатын күдіктілер мен айыпталушылардың дактильді-ымдау тілін немесе Брайль әліпбиін меңгерген мамандардың көрсететін қызметтерін пайдалануға құқығы бар. 

      3. Күзетте ұсталушы сезіктілер мен айыпталушыларға тиісті жағдайлар болған кезде еңбек етуге мүмкіндік беріледі.  

      4. Сезіктілер мен айыпталушылардың жоғарыда аталған құқықтардан басқа Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген құқықтары бар. 

      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І Заңы. 

      Осы Заң қоғамнан уақытша оқшаулауды заңды негіздерде қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер, арнаулы үй-жайлар қызметінің құқықтық негіздерін айқындайды, сондай-ақ оларда ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейд 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы