⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 11-бап. Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау, көлiктiк-экспедициялық қызметтердi жүзеге асыру Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы Заңы

11-бап. Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау, көлiктiк-экспедициялық қызметтердi жүзеге асыру Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-бап. Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау, көлiктiк-экспедициялық қызметтердi жүзеге асыру Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы Заңы 

      Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау кезiнде және көлiктiк-экспедициялық қызметтердi жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушы:  

      - "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсатқа ие болуға; 

       - клиентпен белгiленген нысанда шарт (келiсiм-шарт) жасасуға;  

       - сәйкестiктi растау саласындағы құжаттары бар көлiк құралдарын беруге;  

       - клиентке және үшiншi тұлғаға келтiрген зияндарды, оның iшiнде зая жiберген уақытты ақшалай тепе-тең өтеуге;  

       - жолаушы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, оған қажеттi қолайлы және қызмет көрсету жағдайларын жасауға, ал жолаушы теңдеме жүгiн өткiзген ретте, оның теңдеме жүгiнiң дер кезiнде тасымалдануы мен сақталуын қамтамасыз етуге;  

       - қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;  

       - көлiк қызметтерi нарығында клиентке таңдау еркiндiгiн қамтамасыз етуге;  

       - жөнелтiлетiн жүктiң өз сертификатына сәйкес келуiн растайтын құжаттарды алуға;  

      - арнайы және әскери тасымалдауларды жүзеге асыруға өздерінің құзыреттері шегінде мемлекеттік органдардың талаптарын орындауға (бұл тасымалдауларды жүзеге асыруға жұмсалатын шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен өтеледі); 

      - Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен өзінің жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға; 

      мүгедектігі бар адамдарға жолаушылар тасымалдарының, тасымалдаушылар көрсететін қызметтердің, қызмет көрсету жөніндегі ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге, оларға тасымалдау бойынша қызметтерді көрсету кезінде қажетті қолайлылық пен жағдайлар жасауға міндетті. 

      Мемлекеттік органдар жолаушыларды тасымалдау жөніндегі маршруттарға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткізген кезде, мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуіне ыңғайластырылған көлік құралдары бар адамдар артықшылыққа ие болады. 

      Тасымалдаушының, реттелетiн тарифтер белгіленген жағдайларды қоспағанда, баға белгiлеу ережелерiне сәйкес тасымалдау бағасын еркiн белгiлеу құқығы бар. 

      Тасымалдаушы, Қазақстан Республикасының көлiк туралы заң актiлерiнде көзделгендерден өзге реттерде, заңды және жеке тұлғаларға тасымалдаудан бас тартуға құқылы емес.  

      Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау кезiнде және көлiк-экспедиция қызметтерiн жүзеге асыру кезiнде клиенттiң:  

       - өзi мен тасымалдаушы арасында жасалған шарттың орындалуын талап етуге;  

       - тасымалдау сапасы деңгейi оның сертификатына сай келуiне белгiленген тәртiппен дауласуға;  

       - келтiрiлген зиянның, соның iшiнде босқа кеткен уақыттың ақшалай өтелуiн талап етуге құқығы бар.  

       Клиент:  

       - тасымалдаушымен жасалған шарттың ережелерiн сақтауға;  

       - жүктiң өз сертификатына сай келуiн растайтын құжатты тасымалдаушыға беруге;  

       - тасымалдау ережелерiн орындауға;  

       - жүк пен теңдеме жүктi тасымалдауға дайын күйiнде табыс  

      етуге мiндеттi. 

      Жолаушы тасымалдау қағидаларында белгіленген уақыттан кешікпей тасымалдау басталғанға дейін жөнелту пунктіне келуге міндетті. Жөнелту пунктіне келу уақыты билетте көрсетіледі. 

      Клиент пен тасымалдаушының жекелеген құқықтары мен мiндеттерi тараптардың келiсiмiмен тасымалдау шартында белгiленедi. 

      Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау, көлiк-экспедициялық операцияларды жүзеге асыру шарттары, тараптардың тасымалдау және көлiк-экспедициялық операциялар жөнiндегi жауапкершiлiгi нормативтiк құқықтық актiлерiмен, сондай-ақ тасымалдау шарттарымен белгiленедi. 

      Қалалық рельсті көлік болған кезде жергілікті атқарушы орган Қалалық рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдау қағидаларын бекітеді. 

      Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.12.28 № 338, 2003.05.08 № 414, 2006.12.29 № 209; 04.07.2013 № 132-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 494-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасы көлiгiнiң құқықтық экономикалық және ұйымдық қызметiнiң негiздерiн айқындайды.   

Қазақстан Республикасының 

Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы