13-бап. Су шаруашылығы құрылысжайларына меншік құқығы Қазақстан Республикасының Су кодексі
1. Су шаруашылығы құрылысжайлары мемлекеттік не жеке меншікте болуы мүмкін.
2. Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайларының тізбесін уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Жеке меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайларын иеленуге, пайдалануға және оларға билік етуге байланысты қатынастар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.
4. Су шаруашылығы құрылысжайларына меншік құқығы Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.
5. Су шаруашылығы құрылысжайларына меншік құқығын мемлекеттік тіркеу олардың паспорты болған кезде жүргізіледі.
6. Мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайларын, елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру осы Кодекстің 23-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында және 25-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген қағидаларға сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Бұл ретте көрсетілген қағидаларда жалға алушының немесе сенімгерлікпен басқарушының су объектілерін ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғау жөнінде шаралар қабылдау міндетін ерекше шарттар ретінде көздейтін мүліктік жалдаудың (жалға берудің) немесе сенімгерлікпен басқарудың үлгілік шарттарының нысандары болуға тиіс.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің күші жойылды деп танылсын, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Су кодексі қабыдануымен.
13-бап. Жерасты су объектiлерi Қазақстан Республикасының Су Кодексі
Жерасты су объектілеріне:
1) жерасты сулары бассейні;
2) жерасты суларының орындары мен учаскелері;
3) су тұтқыш қабаттар және кешендер;
4) жерасты суларының құрлықта табиғи шығуы (бұлақтар) жатады.
Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Су Кодексі Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы