17-бап. Кешендi лицензиаттың мiндеттерi Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы Заңы
1. Егер кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартында өзгеше көзделмесе, кешендi лицензиат:
1) шартта көзделген қызметтi жүзеге асыру кезiнде лицензиардың лицензиялық кешенiн шартта көрсетiлген жолмен пайдалануға;
2) өзiнiң өндiрiстiк аумағына лицензиардың кiруiне, оған қажеттi құжаттамаларды беруге және берiлген айрықша құқықтарды дұрыс пайдалануын бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат алуына жәрдемдесуге;
3) лицензиардың пайдалануға берiлген айрықша құқықтарды пайдалану сипатына, тәсiлдерiне және шарттарына қатысты барлық нұсқаулықтары мен нұсқауларын сақтауға;
4) лицензиар өндiрiсi және одан алынған басқа да жасырын коммерциялық ақпарат құпияларын жария етпеуге;
5) сатып алушыларды (тапсырыс берушiлердi) фирмалық атауды, тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын немесе өзге де даралау құралын кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты негiзiнде пайдаланатыны жөнiнде олар үшiн неғұрлым айқын тәсiлмен хабардар етуге мiндеттi.
2. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты тараптарының келiсiмi бойынша кешендi лицензиат:
1) алып тасталды – ҚР 29.06.2020 № 352-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн қызметтiк және коммерциялық құпияны, ашылмаған ақпаратты, оның iшiнде өндiрiс құпияларын (ноу-хауды) лицензиардың жазбаша рұқсатынсыз жария етпеуге;
3) берiлген айрықша құқықтар кешенiн пайдалану үшiн төлемдердi уақтылы жүзеге асыруға;
4) кешендi лицензиардан тексеру нәтижелерiн алғаннан кейiн кемшiлiктердi түзеу үшiн қажеттi шаралар қолдануға;
5) кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша берiлген айрықша құқықтарды беруге бағытталған iс-әрекеттердi жүзеге асырмауға;
6) кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының негiзiнде өзi өндiретiн тауарлар, жұмыстар, көрсететiн қызметтер сапасының тiкелей лицензиар өндiретiн ұқсас тауарлардың, жұмыстардың, көрсететiн қызметтердiң сапасына сәйкестiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.06.2020 № 352-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 24 маусымдағы N 330 Заңы.
Осы Заң кешендi кәсiпкерлiк лицензияны (франчайзингтi) жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейдi, кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының мазмұнын айқындайды және Қазақстан Республикасында франчайзингтiк қызметтi дамыту мен мемлекеттiк қолдауға бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы