2-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуде артықшылық күшi бар құқықтық нормаларды қолдану ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жоғары заңдық күшке ие және тiкелей қолданылады. Осы Кодекстің қағидалары мен Қазақстан Республикасының Конституциясы арасында қайшылықтар болған жағдайда Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерi қолданылады.
2. Осы Кодекстің қағидалары мен Қазақстан Республикасының конституциялық заңы арасында қайшылықтар болған жағдайда конституциялық заңның ережелерi қолданылады. Осы Кодекстің қағидалары мен өзге де заңдар арасында қайшылықтар болған жағдайда осы Кодекстiң ережелері қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие және, халықаралық шартта оны қолдану үшiн заң шығару талап етілетіндігі туындайтын жағдайларды қоспағанда, тiкелей қолданылады.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы