Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 245-бап. Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе)бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiтөлеуден жалтару  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

245-бап. Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе)бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiтөлеуден жалтару  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

245-бап. Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе)бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiтөлеуден жалтару  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

1. Декларация табыс ету міндетті болып табылған кезде декларацияны табыс етпеу не салық салынатын басқа да объектілерді және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді жасыру жолымен декларацияға табыстар және (немесе) шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, егер бұл іс-әрекет ірі мөлшердегі салықты және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді төлемеуге әкеп соқса, –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бюджетке түспеген төлемдердің екі еселенгеннен үш еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Мынадай:

      1) іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура пайдаланыла отырып;

      2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекет –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бюджетке түспеген төлемдердің үш еселенгеннен бес еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған не аса ірі мөлшерде жасалған іс-әрекеттер –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бюджетке түспеген төлемдер сомасының бес еселенгеннен жеті еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      Ескерту. Осы бапта көзделген іс-әрекетті жасаған адам (қылмыстық топ жасаған іс-әрекетті қоспағанда) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген салықтар және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті, сондай-ақ өсімпұлды өз еркімен төлеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

      ҚР Конституциялық Сотының 25.06.2025 № 72-НҚ нормативтік қаулысымен осы Кодекстің 245-бабының үшінші бөлігі "қылмыстық топ" деген сөздерге қатысты ҚР Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Салықтарды есептеуге және төлеуге байланысты декларацияларға және басқа құжаттарға, кәсіпорынның кірістері мен шығыстары туралы көрінеу бұрмаланған мәліметтерді енгізу арқылы мемлекеттік бюджетке салық төлеуден жалтару, бұл аса ірі мөлшерде салық төлемеуге әкеп соқтырды

Салықтарды есептеуге және төлеуге байланысты декларацияларға және басқа құжаттарға, кәсіпорынның кірістері мен шығыстары туралы көрінеу бұрмаланған мәліметтерді енгізу арқылы...

Толық оқу »

236-бап. Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуден жалтару  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

236-бап. Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуден жалтару ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1. Ірi...

Толық оқу »

214-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару

214-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару 1. Кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды...

Толық оқу »

277-бап. Салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есепке жазылған (есептелген) сомаларын төлеуден жалтару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

277-бап. Салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есепке жазылған (есептелген) сомаларын төлеуден жалтару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Р...

Толық оқу »

277-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің есептелген (есептелген) салық сомаларын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару

277-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің есептелген (есептелген) салық сомаларын және бюджетке төленетін басқа да міндетті...

Толық оқу »