295-бап. Жәбірленушіні, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді және олардың өкілдерін іс материалдарымен таныстыру УПК РК Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан
1. Жәбірленушінің немесе оның өкілінің ауызша немесе жазбаша өтінішхаты болған жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы адамдарды іс материалдарымен немесе олардың танысқысы келген бір бөлігімен таныстырады. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері, егер олар өтінішхатты мәлімдеген болса, іс материалдарының азаматтық талап қоюға қатысты бөлігімен танысады.
2. Таныстыру осы Кодекстің 296-бабында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Уголовно-процессуальный кодекс, Уголовный кодекс, Комментарии к Уголовно-процессуальному кодексу, Нормативное постановление верховного суда, Уголовное законодательство, Нормативно правовые акты Республики Казахстан