339-бап. Азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердiң басты сот талқылауына қатысуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Басты сот талқылауына азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi қатысады.
2. Азаматтық талапкер немесе оның өкiлi сотқа келмеген кезде азаматтық талап қою қараусыз қалдырылуы мүмкiн. Азаматтық талапкердің азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен талап қою құқығы сақталады.
3. Сот азаматтық талапкердің немесе оның өкiлiнiң өтiнiшхаты бойынша азаматтық талап қоюды азаматтық талапкердің қатысуынсыз қарауға құқылы.
4. Егер сот қажет деп тапса немесе егер талап қоюды прокурор қолдаса, сот азаматтық талап қоюды азаматтық талапкердің немесе оның өкiлiнiң келу-келмеуiне қарамастан қарайды.
5. Азаматтық жауапкердің немесе оның өкiлiнiң келмеуi азаматтық талап қоюды қарауды тоқтатпайды.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы