77-бап. Азаматтық жауапкердiң өкiлдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Қылмыстық процесте азаматтық жауапкердiң заңды мүдделерiн бiлдiруге заң күшiмен құқықты және қылмыстық процестi жүргізетін органның қаулысымен процеске қатысуға жіберiлген адвокаттар және өзге де тұлғалар азаматтық жауапкердiң өкiлдерi болып танылады.
2. Азаматтық жауапкердің өкiлдерi Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес өздерi өкiлi болып отырған жеке немесе заңды тұлғалар сияқты процестік құқықтарға ие болады.
3. Азаматтық жауапкердің өкiлi өзi өкiлi болып отырған процеске қатысушының мүдделерiне қайшы қандай да бір әрекеттер жасауға құқылы емес.
4. Азаматтық жауапкердiң процеске жеке өзiнiң қатысуы оны осы iс бойынша өкiлге ие болу құқығынан айырмайды.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы