⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 76-бап. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының өкiлдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

76-бап. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының өкiлдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

76-бап. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының өкiлдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Қылмыстық процесте жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының заңды мүдделерiн бiлдiруге заң күшiмен құқықты және қылмыстық процестi жүргізетін органның қаулысымен процеске қатысуға жіберілген адвокаттар мен өзге де тұлғалар жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының өкiлдерi бола алады.

      2. Кәмелетке толмағандар болып табылатын немесе сот ісін жүргізу тілін білмейтін не өзінің дене немесе психикалық жағдайы бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау мүмкіндігінен айырылған жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін процеске міндетті түрде қатысуға олардың заңды өкілдері мен өкілдері тартылады.

      Мұндай жағдайларда жәбірленушінің өкілі ретінде жәбірленуші не оның заңды өкілі таңдаған адвокат жіберіледі. Егер адвокатты жәбірленушінің өзі немесе оның заңды өкілі шақырмаса, қылмыстық процесті жүргізетін орган адвокаттардың кәсіби ұйымы немесе оның құрылымдық бөлімшесі үшін міндетті қаулы шығару арқылы адвокаттың қатысуын қамтамасыз етеді. Қылмыстық процесті жүргізетін орган қорғаушы ретінде нақты адвокатты шақыруды ұсынуға құқылы емес.

      Жәбірленушіде немесе оның заңды өкілінде қаражат болмаған жағдайда, адвокаттың еңбегіне ақы төлеу осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      3. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының заңды өкiлдерi мен өкiлдерi өздерi өкiлi болып отырған жеке және заңды тұлғалар сияқты, осы Кодексте көзделген шектерде, процестік құқықтарға ие болады.

      4. Жәбiрленушiнің, азаматтық талапкердің, жекеше айыптаушының өкiлi өзi өкiлi болып отырған процеске қатысушының мүдделерiне қайшы қандай да бір әрекеттер жасауға құқылы емес.

      5. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының процеске өзiнiң қатысуы оларды осы iс бойынша өкiлге ие болу құқығынан айырмайды.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

Комментарий к статье 7. Действие уголовного закона в отношении лиц, совершивших преступление за пределами Республики Казахстан УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 7. Действие уголовного закона в отношении лиц, совершившихпреступление за пределами Республики КазахстанУК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1....

Толық оқу »

Қылмыстық құқық бұзушылықтардан жәбірленген адамдардың құқықтары мен міндеттерін регламенттейтін заңнаманы

Қылмыстық құқық бұзушылықтардан жәбірленген адамдардың құқықтары мен міндеттерін регламенттейтін заңнаманы қолдану практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 19...

Толық оқу »