3-2-бап. Мемлекеттік органдардың әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдардың алдын алу және оларды жою жөніндегі құзыреті Төтенше жағдай туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары шектес мемлекеттер аумақтарынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы жаппай өтуден; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге әрекеттенуден; терроризм актілерінен; билікті күштеп басып алуға немесе Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып, билікті күштеп ұстап тұруға бағытталған әрекеттерден; диверсиялардан; қарулы бүліктен туындаған төтенше ахуалдарды анықтайды, олардың алдын алады және жолын кеседі.
Бұл ретте жергілікті атқарушы орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдарды жою жөніндегі мемлекеттік орган болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жаппай тәртіпсіздіктерден; ұлтаралық және конфессияаралық жанжалдардан; жекелеген жерлерді, аса маңызды және стратегиялық объектілерді қоршап алудан немесе басып алудан; заңсыз қарулы құралымдардың ұйымдасуынан және қызметінен туындаған төтенше ахуалдардың алдын алады және оларды жоюды жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қарулы қақтығысты күштеп таңу мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан болған арандатушылық әрекеттерден, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзудан туындаған әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдардың алдын алуға және оларды жоюға қатысады.
4. Әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық органдарының басшылары осы мемлекеттік органдарға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады.
Ескерту. 3-2-бап жаңа редакцияда – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жергілікті жерлерiнде төтенше жағдайды енгiзудiң және оның қолданылуының негiздерiн, мерзiмдерiн, тәртiбiн, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимін белгілейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы