⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 321-бап. Алдын ала тыңдауды өткiзу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

321-бап. Алдын ала тыңдауды өткiзу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

321-бап. Алдын ала тыңдауды өткiзу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Аса ауыр қылмыстар туралы істер бойынша алдын ала тыңдау өткізу міндетті. Басқа істер бойынша алдын ала тыңдау iстi соттылығы бойынша жiберу, істі прокурорға жіберу, iстi тоқтату, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы шешімдерді қабылдау, қылмыстық iстердi бiрiктiру және бөліп шығару, сондай-ақ тараптардың өтiнiшхаттарын қарау қажет болған жағдайда өткiзіледi.

      2. Iстi алдын ала тыңдауды судья оны өткізу туралы қаулы шығарылған кезден бастап он тәулік ішінде сот отырысында жеке-дара жүргiзедi. Iстi алдын ала тыңдау өткiзiлетiн уақыт пен орын туралы тараптарға хабарланады. Iстi алдын ала тыңдау барысында хаттама жүргізіледi.

      3. Сот отырысына аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталатын сотталушының, оның қорғаушысы мен мемлекеттiк айыптаушының қатысуы мiндеттi. Өзге қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп айыпталатын сотталушы, егер ол бұл жөнiнде өтiнішхат жасаса, алдын ала тыңдау оның қатысуынсыз жүргiзiледi. Қорғаушы дәлелдi себептерсiз келмей қалған жағдайда, сондай-ақ оның алдын ала тыңдауға қатысуға мүмкiндiгi болмаған кезде, судья сот отырысына жаңадан тағайындалған қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге шаралар қолданады. Сот отырысына жәбiрленушi мен оның өкiлiнiң, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкілдерiнiң келмеуi iстi алдын ала тыңдауға кедергi келтірмейді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-бөлік жаңа редакцияда көзделген – ҚР 29.12.2022 № 175-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Алдын ала тыңдау барысында судья аса ауыр қылмыстарды жасады деп айыпталатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 128 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 160, 163, 164 (екінші бөлігінде), 168, 380-1 (екінші бөлігінің 6) тармағында)-баптарында көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталатын сотталушыдан оның ісін алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхатының бар-жоғын, егер осындай өтінішхат мәлімделген болса, оның өз өтінішхатын қолдайтынын-қолдамайтынын анықтайды. Мұндай өтінішхат:

      1) төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру;

      2) бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы, конституциялық құрылыстың негіздеріне және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар;

      3) террористік және экстремистік қылмыстар;

      4) соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар;

      5) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар;

      6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қарау жағдайында сұратылмайды.

      5. Судья істi алдын ала тыңдау нәтижелерi туралы қаулы шығарады, онда қаралған мәселелер бойынша шешiмдi баяндайды. Істi соттылығы бойынша прокурорға жiберуге, іс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұруға, iстi тоқтатуға негiздер болмаған кезде сот осы Кодекстің 322-бабының талаптарын сақтай отырып, басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы шығарады.

      6. Егер алдын ала тыңдау барысында прокурор айыптауды өзгертсе, ол жаңа тұжырымдауды сотқа жазбаша түрде ұсынады және судья мұны қаулыда көрсетедi. Егер прокурордың айыптауды өзгертуi соттылықтың өзгеруiне әкеп соқса, судья iстi айыптау актісін, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын қайта жасау және iстi соттылығы бойынша жiберу үшiн прокурорға қайтарады.

      Ескерту. 321-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізілетін, қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамдарын алқабилер қатысатын соттың қарауына жатқызу туралы ережелерді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

431-бап. Апелляциялық саты қабылдайтын шешімдер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

431-бап. Апелляциялық саты қабылдайтын шешімдер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сот істі апелляциялық тәртіппен қараудың нәтижесінде мынадай:...

Толық оқу »

401-бап. Үкiмнiң қарар бөлiгiнде шешуге жататын өзге де мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

401-бап. Үкiмнiң қарар бөлiгiнде шешуге жататын өзге де мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Айыптау үкімінің де, ақтау үкiмiнiң де қарар б...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 323. Направление дела судом прокурору Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 323. Направление дела судом прокуроруУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан При установлении существенных нарушений уголовно-процессуально...

Толық оқу »

62-бап. Жаза мерзiмдерiн есептеу және жазаны есепке алу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

62-бап. Жаза мерзiмдерiн есептеу және жазаны есепке алу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айна...

Толық оқу »

343-бап. Экологиялық залалды ремедиациялау (жою) жөнінде шаралар қолданбау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

343-бап. Экологиялық залалды ремедиациялау (жою) жөнінде шаралар қолданбау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Адам өліміне әкелу қатерін төндірген не адам д...

Толық оқу »

343-бап. Істі басты сот талқылауында тоқтату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

343-бап. Істі басты сот талқылауында тоқтату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Егер басты сот талқылауында осы Кодекстiң35-бабыбiрiншi бөлiгiнiң 3...

Толық оқу »

390-бап. Билік өкiлiнiң немесе жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетiмен иемденіп алу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

390-бап. Билік өкiлiнiң немесе жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетiмен иемденіп алу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Б...

Толық оқу »

178-бап. Процестік шығындарды өндіріп алу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

178-бап. Процестік шығындарды өндіріп алу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Процестік шығындарды өндіріп алу туралы мәселені сот қылмыстық іс б...

Толық оқу »

Сот үкімі туралы

Сот үкімі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысы. РҚАО-ның ескертпесі! Осы Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 56-т...

Толық оқу »