⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-1-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

4-1-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-1-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы  

      1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің заңды тұлға болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, Корпорацияда есептік тіркеуден өткен және уәкілетті органның лицензиясы негізінде банк қызметін жүзеге асыратын оқшауланған бөлімшесі болып табылады. 

      2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы өз атауы ретінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы туралы ережеде көрсетілген атауды пайдаланады. 

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы өз атауында Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің атауын, сондай-ақ "филиал" деген сөзді пайдалануға міндетті. 

      3. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тұрған жері деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы туралы ережеде көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрған жері танылады. 

      Ескерту. 4-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы