⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, қағидаттары мен міндеттері Газ және газбен жабдықтау туралы Заңы

4-бап. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, қағидаттары мен міндеттері Газ және газбен жабдықтау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 4-бап. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, қағидаттары мен міндеттері Газ және газбен жабдықтау туралы Заңы 

      1. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары Қазақстан Республикасының энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту болып табылады. 

      2. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеу: 

      1) газбен жабдықтаудың қауіпсіздігі мен сенімділігі; 

      2) газ ресурстарын пайдаланудың ұтымдылығы; 

      3) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарлық және сұйытылған мұнай газымен Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етудің басымдығы; 

      4) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектілерді газдандыру басымдығы; 

      5) газ және газбен жабдықтау саласындағы баға саясатының теңгерімділігі қағидаттарына негізделеді. 

      3. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттері: 

      1) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесін құру; 

      2) Қазақстан Республикасының тауарлық және сұйытылған мұнай газына деген ішкі қажеттіліктерін іркіліссіз қамтамасыз ету үшін жағдай жасау; 

      3) Қазақстан Республикасында тұтынылатын отын-энергетика ресурстарының жалпы көлеміндегі тауарлық және сұйытылған мұнай газының үлесін ұлғайту; 

      4) мұнай-газ-химия өнеркәсібін дамыту бойынша жағдайлар жасау. 

      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV Заңы. 

          Осы Заң Қазақстан Республикасында газ және газбен жабдықтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды және Қазақстан Республикасының газға деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін тиімді, сенімді және қауіпсіз пайдалану үшін жағдай жасауға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы