⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің мақсаттары мен міндеттері  Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы Заңы

4-бап. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің мақсаттары мен міндеттері  Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-бап. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің мақсаттары мен міндеттері  Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы Заңы 

       1. Меншіктің мемлекеттік мониторингі меншік қатынастарын реформалаудың бірыңғай мемлекеттік саясатының құрамдас бөлігі болып табылады.   

       2. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің мақсаты Қазақстан Республикасының тиімді экономикалық дамуы мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.   

       3. Мыналар:  

       1) мониторинг объектілерін басқарудың тиімділігін арттыру;   

       2) мемлекеттің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасау, ұлттық экономикаға инвестициялардың құйылуына ықпал ету;   

       3) елдің ресурстық-энергетикалық негізін сақтау;   

       4) меншіктің мемлекеттік мониторингі деректері негізінде экономикалық болжамдардың анықтығын, экономикалық саясаттың ғылыми негіздемесін қамтамасыз ету;   

       5) әлеуметтік-экономикалық саясаттың міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған макроэкономикалық, салалық және өңірлік жоспарлауды ақпараттық қамтамасыз ету;   

       6) меншіктің мемлекеттік мониторингі деректерін экономикалық болжамдардың анықтығын, әлеуметтік-экономикалық саясатты ғылыми негіздеуді қамтамасыз ету үшін пайдалану;   

       7) мемлекеттік органдармен жасалған шарттардың міндеттемелері мен талаптарының орындалуын талдау;    

       8) мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін оқиғалардың алдын алу меншіктің мемлекеттік мониторингінің міндеттері болып табылады.     

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 қарашадағы N 490 Заңы. 

       Осы Заң экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ оны жүргізудің негіздері мен талаптарын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы