⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 5-бап. Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерi  3-тарау. Кредиттік серіктестікке қатысу Кредиттiк серiктестiктер туралы Заңы

5-бап. Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерi  3-тарау. Кредиттік серіктестікке қатысу Кредиттiк серiктестiктер туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

  5-бап. Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерi   3-тарау. Кредиттік серіктестікке қатысу Кредиттiк серiктестiктер туралы Заңы 

       1. Кредиттiк серiктестiктiң қатысушылары:  

       1) кредиттiк серiктестiк көрсететiн қызметтердi пайдалануға;  

       2) кредиттiк серiктестiктiң iстерiн басқаруға қатысуға;  

       3) кредиттiк серiктестiктiң органдарын сайлауға және оларға сайлануға;  

       4) осы Заңға және серiктестiктiң құрылтай құжаттарына сәйкес кредиттiк серiктестiк қызметiнен кiрiс алуға;  

       5) осы Заңда және кредиттiк серiктестiктiң жарғысында көзделген тәртiппен кредиттiк серiктестiкке қатысуды тоқтатуға;  

       6) серiктестiктiң жарғысында көзделген тәртiппен кредиттiк серiктестiктiң қызметi туралы ақпарат алуға, оның бухгалтерлiк және өзге де құжаттамасымен танысуға құқылы.  

       Кредиттiк серiктестiкке қатысушылардың Қазақстан Республикасының 3aң актiлерiнде және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкiн.  

       2. Кредиттiк серiктестiктiң қатысушылары:  

       1) құрылтай шартының және жарғының талаптарын сақтауға, кредиттiк серiктестiк органдарының шешiмдерiн орындауға;  

       2) кредиттiк серiктестiк органдарына өзiнiң қаржылық жағдайы туралы қатысушыларды кредиттеуге қатысты шешiмдер қабылдау үшiн жеткiлiктi болатындай дұрыс ақпарат беруге мiндеттi.  

       Кредиттiк cepiктecтiккe қатысушылардың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да мiндеттерi болуы мүмкiн.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 28 наурыздағы N 400 Заңы. 

       Осы Заң кредиттiк серiктестiктердiң құқықтық жағдайын, құрылу, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртiбiн, сондай-ақ қызметiнiң реттелуiн айқындайды. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы