659-бап. Қылмыстық iстi қарауды сотталушының есi дұрыс емес екендiгiнiң анықталуына байланысты тоқтату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Егер алқабилер қатысатын соттың iстi талқылауы барысында сотталушы өзiнiң психикалық жағдайы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкiн емес не оны өзінің әрекеттерiне есеп беру немесе оларды игеру мүмкiндiгiнен айыратын, сот-психиатриялық сараптаманың тиiстi қорытындысымен расталған, жүйке ауруымен ауырды деп есептеуге негiз болатын мән-жайлар анықталса, төрағалық етушi қылмыстық iстi осы Кодекстің 657-бабының 1) тармағына сәйкес тоқтату туралы қаулы шығарады және есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені осы Кодекстiң 11-бөлімінде көзделген тәртiппен жеке-дара қарайды.
2. Қылмыстық істі сотталушының есі дұрыс еместігін анықтауға байланысты тоқтату және оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану не қолданбау туралы қаулыға осы Кодексте көзделген тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.
Ескерту. 659-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы