543-бап. Кәмелетке толмаған сотталушыны сот отырысының залынан шығарып жіберу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Сот қорғаушының немесе заңды өкiлдiң өтiнiшхаты бойынша, сондай-ақ өзiнiң бастамасы бойынша, тараптардың пiкiрiн ескере отырып, кәмелетке толмаған сотталушыға терiс әсер етуi мүмкiн мән-жайларды зерттеу уақытына өзiнiң қаулысымен оны сот отырысының залынан шығарып жіберуге құқылы.
2. Кәмелетке толмаған сотталушы сот отырысының залына қайта келгеннен кейін ол болмаған кезде өткен талқылаудың мазмұнын төрағалық етушi қажеттi көлемде және нысанда хабарлайды және кәмелетке толмаған адамға өзi болмаған кезiнде жауап алынған адамдарға сұрақ қою мүмкiндiгiн бередi.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы