7-бап. Мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі ынтымақтастығы және ұжымдық жауапкершілігі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі
1. Мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың әлеуметтік қорғау саласындағы ортақ жауапкершілігі өмір сапасы, әлеуметтік әл-ауқат, сондай-ақ әлеуметтік тәуекелдерді төмендету үшін жауапкершілікті тепе-тең бөлу арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер және азаматтар әлеуметтік қамсыздандыру шараларын бюджет қаражаты, міндетті әлеуметтік сақтандыру қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қаржыландыру көздері есебінен іске асыруға бірлесіп қатысады.
Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы