7-бап. Қатысушылардың шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкiндегi үлесi Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы
1. Барлық қатысушылардың шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкiндегi үлесi олардың жарғылық капиталдағы салымына сай болады.
2. Қатысушылардың шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкiндегi үлесi процент түрiнде есептеледi.
3. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар өздерiнiң серiктестiк мүлкiндегi үлесiн белгiлеудiң осы баппен салыстырғандағыдан өзгеше тәртiбiн анықтай алады.
4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде немесе құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, шаруашылық серiктестiгiнің қатысушысы серiктестiк мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) өз үлесін немесе оның бір бөлігін кепiлге салуға және (немесе) сатуға құқығы бар. Тарапы жеке тұлға болып табылатын шаруашылық серiктестiгiнің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иелiктен шығару (басқаға беру) шарты нотариаттық куәландырылуға жатады.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.05.16 N 416, 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы