7-бап. Қазақстан Республикасының нарығындағы айналысы кезінде ойыншықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жалпы талаптар 3-тарау. ОЙЫНШЫҚТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАР Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы Заңы
1. Осы Заңның күші қолданылатын ойыншықтар адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін, осы Заңда және техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
2. Ойыншықтар, егер оларды мақсатқа сай пайдалану кезінде:
1) адам өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға қатер төндірмесе;
2) баланың рухани-эмоциялық салауаттылығын сақтаса;
3) тұтынушыларды ойыншықтардың мақсатына қатысты шатастырмаса ғана Қазақстан Республикасының нарығында орналастырылуы мүмкін.
3. Ойыншықтарды нарыққа айналысқа енгізу алдында сәйкестік сертификатын алған және өнімді Қазақстан Республикасының нарығына орналастыратын тұлға ойыншықтарға (орамаға) сәйкестік белгісін қоюға міндетті.
4. Барлық ойыншықтардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мынадай ақпараттан тұратын таңбалауы болуға тиіс:
1) дайындаушының атауы және (немесе) оның тауар белгісі;
2) бұйымның атауы;
3) арналған мақсатының негізгі көрсеткіштері және қолданылуының шарттары;
4) дайындалған күні;
5) тауардың шыққан елі.
Таңбалау мәтіні "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
5. Таңбаланымның барлық белгілері пайдалану жөніндегі нұсқаулықта түсіндірілуге тиіс.
6. Қазақстан Республикасының нарығында ойыншықтарды орналастыратын тұлға:
1) ойыншықтарды өткізу немесе тегін тарату кезінде тұтынушы болуы мүмкін қатерлерді бағалауы және оның тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдауы үшін қажетті "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі пайдалану құжаттамасымен және басқа да қажетті ақпаратпен тұтынушыны қамтамасыз етуге;
2) ойыншықтарды өткізу немесе тегін тарату кезінде ішінара бақылау жүргізуге, шағымдарды тексеруге, осы тұтыну заттарын өткізу кезіндегі іс-әрекет тәртібі туралы сатушыларға хабарлауға;
3) ойыншықты пайдаланушылардың қауіпсіздігіне ықтимал қатерді анықтаған жағдайда пайдаланушыларды уақтылы ескертуді қамтамасыз етуге, ал қажет болған кезде қауіпсіздіктің қатерін жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізуге, тіпті тұтынушылардан (пайдаланушылардан) кері қайтарып алуға және сараптама жүргізуге;
4) таратылып қойған ойыншықтардың қауіпсіздік талаптары бұзылғандығы және оларды жою жөнінде өзі қолданған шаралар туралы тиісті мемлекеттік бақылау органдарына шұғыл түрде хабарлауға;
5) егер ойыншықтардың белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі туралы ақпарат бар болса немесе ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы уәкiлеттi органдардың нұсқамалары негізінде ойыншықтарды өткізуді, оларды тегін таратуды тоқтатуға міндетті.
6) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
7. Осы баптың 6-тармағында көзделген шараларды қолданбау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
8. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 № 94-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 306 Заңы.
Осы Заң ойыншықтар қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану, орындау және бақылау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы