⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 79-бап. Сарапшы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

79-бап. Сарапшы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

79-бап. Сарапшы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Сарапшы ретінде арнаулы ғылыми білімі бар, іске мүдделі емес адам шақырылуы мүмкін. Сараптама жүргізу тапсырылуы мүмкін адамға қойылатын өзге де талаптар осы Кодекстің 273-бабының бірінші бөлігінде белгіленеді.

      2. Сарапшыны шақыру, сараптаманы тағайындау және жүргізу осы Кодекстің 35-тарауында, сондай-ақ 373-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      3. Сарапшының:

      1) сараптаманың нысанасына жататын материалдармен (іс материалдарымен) танысуға;

      2) қорытынды беру үшін өзіне қажетті қосымша материалдарды беру туралы, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге;

      3) қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен процестік әрекеттерді жүргізуге және сот отырысына қатысуға және оларға қатысатын тұлғаларға сараптама нысанасына қатысты сұрақтар қоюға;

      4) өзі қатысқан процестік әрекеттің хаттамасымен, сондай-ақ тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеттері мен айғақтарының толық және дұрыс тіркелуіне қатысты, хаттамаларға енгізілуге жататын ескертулер жасауға;

      5) сараптаманы тағайындаған органның келісімі бойынша, сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, іс үшін маңызы бар, сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда қамтылған мәселелердің шегінен шығатын мән-жайлар бойынша өз құзыреті шегінде қорытынды беруге;

      6) ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге;

      7) қылмыстық процесті жүргізетін органның және іс бойынша іс жүргізуге қатысатын өзге де тұлғалардың сараптама жүргізу кезінде өзінің құқықтарына қысым көрсететін шешімдері мен әрекеттеріне шағым жасауға;

      8) сараптама жүргізу кезінде шегілген шығыстарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар.

      4. Сарапшы:

      1) қылмыстық процесті жүргізетін органды хабардар етпестен, процеске қатысушылармен сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге;

      2) зерттеу үшін материалдарды өз бетінше жинауға;

      3) егер сараптама тағайындаған органның бұған арнайы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға не олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеліп соғуы мүмкін зерттеулер жүргізуге құқылы емес.

      5. Сарапшы:

      1) қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша келуге;

      2) өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық және объективті зерттеу жүргізуге, қойылған мәселелер бойынша негізделген және объективті жазбаша қорытынды беруге;

      3) осы Кодекстің 284-бабында көзделген жағдайларда қорытынды беруден бас тартуға және қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы уәжді жазбаша хабар жасауға және оны қылмыстық процесті жүргізетін органға жіберуге;

      4) жүргізілген зерттеуге және берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге;

      5) зерттеуге ұсынылған объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге;

      6) істің мән-жайы туралы мәліметтерді және сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған өзге де мәліметтерді жария етпеуге;

      7) сараптаманы тағайындаған органға шығыстар сметасын және сараптама жүргізуге байланысты шегілген шығыстар туралы есепті ұсынуға міндетті.

      6. Сарапшы көрінеу жалған қорытынды бергені үшін заңда белгіленген қылмыстық жауаптылықта болады.

      7. Сот сараптамасы органдарының қызметкері болып табылатын сарапшы өз қызметінің сипатына қарай өзінің құқықтарымен және міндеттерімен танысқан және көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілген деп есептеледі.

ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

Комментарий к статье 79. Виды наказаний, назначаемых  несовершеннолетним УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 79. Виды наказаний, назначаемых несовершеннолетним УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Видами наказаний, назначаемых несовершеннолетним, яв...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 99. Обязательность рассмотрения ходатайств участников уголовного процесса Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 99. Обязательность рассмотрения ходатайств участников уголовного процессаУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Участники уголовного пр...

Толық оқу »

99-бап. Қылмыстық процеске қатысушылардың өтiнiшхаттарын қараудың мiндеттiлiгi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

99-бап. Қылмыстық процеске қатысушылардың өтiнiшхаттарын қараудың мiндеттiлiгi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық процеске қатысушылар...

Толық оқу »

629-1-бап. Бұйрықтық іс жүргізуді қолдану негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

629-1-бап. Бұйрықтық іс жүргізуді қолдану негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Бұйрықтық іс жүргізу тәртібі, осы тарауда көзделген ерекш...

Толық оқу »

35-бап. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

35-бап. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық iс: 1) қылмыстық құқық бұзушылық оқиға...

Толық оқу »

36-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

36-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық...

Толық оқу »

476-бап. Үкiмдi орындау кезiнде соттың қарауына жататын мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

476-бап. Үкiмдi орындау кезiнде соттың қарауына жататын мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Соттың құзырына үкiмдi орындауға байланысты:...

Толық оқу »

Комментарий к статье 476. Вопросы, подлежащие рассмотрению судом при исполнении приговора Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий кстатье 476. Вопросы, подлежащие рассмотрению судом при исполнении приговораУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан К ведению суда относится рассмот...

Толық оқу »

Қылмыстық істерді бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 17 нормативтік қаулысы.

Қылмыстық істерді бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 17 нормативтік қаулысы. Істерді бұйрықтық і...

Толық оқу »