⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 52-бап. Соттың құрамы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

52-бап. Соттың құрамы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

52-бап. Соттың құрамы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-бөлік жаңа редакцияда көзделген – ҚР 29.12.2022 № 175-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Бірінші сатыдағы соттарда қылмыстық істерді қарауды судья жеке-дара жүзеге асырады, ал:

      1) төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру;

      2) бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы, конституциялық құрылыстың негіздеріне және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар;

      3) террористік және экстремистік қылмыстар;

      4) соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар;

      5) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар;

      6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық істерді қарауды – сот айыпталушының өтінішхаты бойынша бір судья және он алқаби құрамында алқабилердің қатысуымен жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 128 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 160163164 (екінші бөлігінде), 168380-1 (екінші бөлігінің 6) тармағында)-баптарында көзделген қылмыстарды да сот айыпталушының өтінішхаты бойынша бір судья және он алқаби құрамында алқабилердің қатысуымен қарайды.

      2. Ауыр және аса ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау құрамында алқаның кемінде үш судьясы болатын алқалы түрде жүзеге асырылады, ал қысқартылған тәртіппен немесе бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралған қылмыстық терiс қылықтар және онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша, үкімді орындау мәселелері бойынша соттың үкімдеріне, қаулыларына, тергеу судьясының қаулыларына берілген шағымдарды, прокурорлардың өтінішхаттарын қарау кезінде судья жеке-дара жүзеге асырады.

      Апелляциялық алқаның төрағасы іссапарда, демалыста болуына немесе сырқаттанып қалуына байланысты болмаған кезде көрсетілген істерді алқалы түрде қарау кезінде оған сот төрағасы апелляциялық алқа төрағасының міндеттерін атқаруды жүктеген алқа судьясы төрағалық етеді.

      Егер апелляциялық алқаның төрағасы осы Кодекстің 87-бабында көзделген негіздер бойынша немесе өзге де мән-жайлардың болуына байланысты істі апелляциялық сатыда қарауға қатыса алмаса, онда оның тапсырмасы бойынша осы істі алқалы қарау кезінде алқа судьяларының бірі төрағалық етеді.

      3. Кассациялық сатыдағы сотта iстердi қарау алқалы сот төрағасының не оның тапсырмасы бойынша судьялардың бірінің төрағалық етуiмен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты судьяларының тақ санды (кемінде үш) алқалы сот құрамымен жүргізіледі.

      4. Осы Кодекстің 484-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша істерді қарау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының не оның тапсырмасы бойынша судьялардың бірінің төрағалық етуiмен судьялардың тақ санды (кемінде жеті) алқалы сот құрамымен жүргізіледі.

      5. Істерді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қараған кезде соттың құрамы осы Кодекстің 504-бабында көзделген қағидаларға сәйкес айқындалады.

      6. Үкімді орындау және есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қарау кезінде туындайтын мәселелерді қарауды тиісті соттың судьясы жеке-дара жүзеге асырады.

      7. Бір алқада судьялардың саны олардың істі қарауға қатысуға кедергі болатын мән-жайларға байланысты істі алқалы түрде қарауды қамтамасыз етуге жеткіліксіз болған жағдайларда, тиісінше Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстық және оған теңестірілген соттың төрағалары істі қарауға қатысуға басқа алқаның судьяларын тартуға құқылы.

      Ескерту. 52-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізілетін, қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамдарын алқабилер қатысатын соттың қарауына жатқызу туралы ережелерді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

 

Комментарий к статье 79. Виды наказаний, назначаемых  несовершеннолетним УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 79. Виды наказаний, назначаемых несовершеннолетним УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Видами наказаний, назначаемых несовершеннолетним, яв...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 99. Обязательность рассмотрения ходатайств участников уголовного процесса Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 99. Обязательность рассмотрения ходатайств участников уголовного процессаУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Участники уголовного пр...

Толық оқу »

99-бап. Қылмыстық процеске қатысушылардың өтiнiшхаттарын қараудың мiндеттiлiгi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

99-бап. Қылмыстық процеске қатысушылардың өтiнiшхаттарын қараудың мiндеттiлiгi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық процеске қатысушылар...

Толық оқу »

629-1-бап. Бұйрықтық іс жүргізуді қолдану негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

629-1-бап. Бұйрықтық іс жүргізуді қолдану негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Бұйрықтық іс жүргізу тәртібі, осы тарауда көзделген ерекш...

Толық оқу »

35-бап. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

35-бап. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық iс: 1) қылмыстық құқық бұзушылық оқиға...

Толық оқу »

36-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

36-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық...

Толық оқу »

476-бап. Үкiмдi орындау кезiнде соттың қарауына жататын мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

476-бап. Үкiмдi орындау кезiнде соттың қарауына жататын мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Соттың құзырына үкiмдi орындауға байланысты:...

Толық оқу »

Комментарий к статье 476. Вопросы, подлежащие рассмотрению судом при исполнении приговора Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий кстатье 476. Вопросы, подлежащие рассмотрению судом при исполнении приговораУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан К ведению суда относится рассмот...

Толық оқу »

Қылмыстық істерді бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 17 нормативтік қаулысы.

Қылмыстық істерді бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 17 нормативтік қаулысы. Істерді бұйрықтық і...

Толық оқу »