98-2-бап. Мәжбүрлі төлем мөлшері ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының
Мәжбүрлі төлемді сот Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген тәртіппен:
1) қылмыстық теріс қылықтар үшін – бес айлық есептік көрсеткіш;
2) онша ауыр емес қылмыстар үшін – он айлық есептік көрсеткіш;
3) ауырлығы орташа қылмыстар үшін – он бес айлық есептік көрсеткіш;
4) ауыр қылмыстар үшін – жиырма айлық есептік көрсеткіш;
5) аса ауыр қылмыстар үшін – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алады.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226#z1
Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың
нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы