⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Қордың негізгі міндеттері және функциялары  Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңы

8-бап. Қордың негізгі міндеттері және функциялары  Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 8-бап. Қордың негізгі міндеттері және функциялары  Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңы 

      1. Қордың негізгі міндеттері: 

      1) кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; 

      2) осы Заңда көзделген жағдайларда көлік оқиғасы нәтижесінде өзге тұлға өміріне, денсаулығына зиян келтірген тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету; 

      3) осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету болып табылады. 

       2. Қор негізгі міндеттерді орындау үшін мынадай функцияларды:  

      1) осы Заңға сәйкес кепілдік төлемдерін жүзеге асыруды; 

      1-1) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеуді; 

       2) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының міндетті және төтенше жарналарын тартуды;  

       3) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының бастапқы бір реттік, қосымша жарналарын тартуды;  

       4) осы Заңға сәйкес жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыруды;  

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен инвестициялық қызметті; 

      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы таратылған жағдайда уақытша әкімшіліктің құрамына қатысуды жүзеге асырады. 

       3. Өз функцияларының сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қор өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан ақпарат, оның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын ақпарат алуға құқылы.  

       Алынған мәліметтер одан әрі жариялауға жатпайды.  

       4. Қор қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыру барысында алынған қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялағаны үшін жауапты болады.  

      Ескерту. 8-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы N 423 Заңы. 

      Осы Заң Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының құқықтық жағдайын, оның құрылуы мен қызметінің тәртібін, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу шарттарын және оның қызметіне бақылауды қамтамасыз ету қағидаттарын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы